2002 жылдың 22 сәуірінде «Сәби» Қайырымдылық Қоры тіркеліп өзінің алғашқы қайырымдылық ісін бастады. Бүгін бізге 14 жыл толды!

Осы уақыт ішінде әлеуметтік маңызды салалардың бәрін қамтитын 8 жобаның іске асыруына шамамен 4 миллиард тенге жұмсалды.

Құрметті достар, серіктестер және демеушілер, жұмысымыз жемісі мен жетістіктеріміз туралы және алдағы жоспарларымыз жайлы сіздерге арнайы дайындалған есепті бейнероликті ұсынамыз!