Алматы қаласындағы мектептің құрылысы. КезеңдерАлматы қаласының Наурызбай ауданының Ақжар ауылындағы 1200 орынды орта мектептің құрылыс жұмыстары жалғасуда.

1, 6, 7, 8, 9 блокта жабын тақтасына арматура салынып нығайтылып жатыр және +9,8 м. +12,4 м. белгісінде қалып тұрғызылып жатыр. 2, 3 блоктағы беларқаларға +3,2 м. белгісінде бетон құйылып жатыр. Ал 4, 5 блокта сыртқы қабырғалары қаланып әрлеу жұмыстары басталды. 10 блокта бетон құю жұмыстары 0 циклінде жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар жылу жүйесі, су құбырын жүргізу жұмыстары, ауа тазартқыш және жер астындағы құбырлар жүйесін жүргізу жұмыстары да басталды.

Құрылыс барысын мына жерден көруге болады.