1) Жүйке жүйесі мен тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар балаларға арналған Алматы қаласындағы «Балдәурен» балаларды оңалту орталығына толық жөндеу жүргізілді. Барлық блоктарда күрделі жөндеу жүргізілді, үй-жайлардың түпнұсқалық жобасы жасалды, жаңа жиһаздар, құрылғылар мен жабдықтар сатып алынды және орнатылды.

Жалпы жобаға 144 000 000 теңге жұмсалды

2) Астана қаласында жалпы білім беретін мектептің құрылысы аяқталу сатысында.

Төрт қабатты мектеп 750 оқушыға арналған. Құрылыс алаңы шамамен 10 000 ш.м. Спорт және ойын алаңдарының ауданы 2926 ш.м.

Жобаға 3 250 000 000 теңгеге жуық қаражат жұмсалды