Алматы қаласының SOS балалар ауылының 12-ші үйіне жөндеу жұмыстары аяқталды. Жылу жүйесі, су құбыры мен кәріздің инженерлік желілері толық ауыстырылып, қасбет, периметрлік төсеніш және шатыр жаңартылып, күрделі жөндеу жүргізілді. Үй-жайларды жоғары сапалы жобалық жөндеу жұмыстары аяқталды. Тапсырыс бойынша ас үй жиынтығы мен жиһаздар жасалып, жаңа тұрмыстық техникалар сатып алынды.