Алматы қ. Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗО — сыйға берілді: медициналық аспаптар, тұрмыстық техника, жиһаз, медициналық құрал-жабдықтар.

Алматы қ.Онкология және радиология ҒЗО — балалар бөліміне күрделі жөндеу жұмыстары жасалды тұрмыстық техника, балалар бөлмесіне жиһаз бен аксессуарлар берілді, Франциядан ізгілікті көмек: арнайы кереуеттер, матрастар мен көрпелер, медициналық киімдер, медициналық аспаптар.

Алматы қ. Көз аурулары ҒЗО — сыйға берілді: көз ауруларын емдеуге арналған саңылаулы лампа.

«Кәсіби мамандарға сенім» жобасы — Алматы қаласының медициналық мекемелерінің мамандарымен шеберлік сағаттары мен кеңес беру кездесуін өткізу үшін Марсель Университетінің медициналық факультеті басшыларының сапары ұйымдастырылды.