«Сәби» қайырымдылық қорының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, оның президенті және негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова Forbes Kazakhstan журналына берген эксклюзивті сұхбатқа қатысып, қордың қызметі, қайырымдылыққа деген көзқарасы, сондай-ақ жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Өз ісіңді баста» байқауы және оның финалистерінің жетістіктері туралы бөлісті.

Еске салайық, байқауды Қор кәсіпкерлер — Кеңес Рақышев пен Вячеслав Кимнің қолдауымен 2013 жылы бастаған болатын. 8 жыл ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен 4266 өтінім қабылданып, қарастырылып, 71 жобаға жалпы сомасы 1 910 000 АҚШ доллар көлемінде өтеусіз қаржылық қолдау көрсетілді.