«Сәби» Қайырымдылық қоры (ҚҚ) қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді жою кезінде қызметтік операцияны орындау барысында қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің отбасыларына материалдық көмек көрсетті.
«Сәби» ҚҚ қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтуда.
«Қайғылы оқиғалар кезінде бейбіт тұрғындарды қорғаған полиция қызметкерлерінің ерлігі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Қайтыс болған полицейлердің батылдығы мен жанқиярлық қызметтік міндеттерін орындауының арқасында Қазақстан бейбіт өмірге оралды», — деп «Сәби» ҚҚ-ның президенті Әсел Тасмағамбетова қаза тапқан батырларға өз алғысын білдіруде.