Құрметті барша қауым!
20 жыл бойы қайырымдылық жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан «Сәби» Қайырымдылық қоры домбырашы балалар мен жасөспірімдер арасында Бірінші республикалық «Домбыра-Дастан» байқауын жариялайды!
Тарихимызды екі ішегіне сыйдырған ұлы аспапты ұлықтайтын, өз өнерімен бүкіл қазақ елін тәнті қылатын 6 мен 15 жас арасындағы домбырашыларды біздің байқауға қатысуға шақырамыз!
Байқауға үміткерлер Қазақстанның барлық өңірінен қатыса алады.
Жалпы жүлде қоры – бұрын-соңды болмаған 40 миллион теңгені құрайды.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылғы 10 қаңтардан басталады.
Барлық шарттар dombyradastan.kz сайтында және @dombyradastan instagram парақшасында жазылған.