Біз «Сәби» қорының  жас ақындар байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзартқандығы туралы хабарлауға асығамыз. Конкурсқа мемлекеттік тілде жазатын 7 жастан 24 жасқа дейінгі жас авторлар қатыса алады. Тұрғылықты жері, азаматтығы мен ұлты маңызды емес.

Сонымен қатар назарларыңызға біздің байқауға қатысқан үздік ақындар туралы деректі фильмдер топтамасын ұсынғымыз келеді. Фильмнің режиссеры ретінде белгілі қазақстандық документлаист  және фотограф Қанат Бейсекеев шақырылды, ол бір кездері Нью-Йорк киноакадемиясында «Сәби» қорының білім грантымен беделді білім алған болатын.

Бүгін біз сізге Ақындар мүшайрасының алғашқы жеңімпаздарының бірі туралы айтып береміз. 2012 жылы Атырау облысынан келген Ақжарқын Мүтиева байқаудың бас жүлдесі — ноутбук пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқуға білім грантын жеңіп алды.