Бұл идеяны «Өз бизнесіңді баста» сайыс түлектерімен кездесу кезінде «Сәби» қорының Президенті Әсел Тасмағамбетова ұсынды, ал қатысушылар оны үлкен құлшыныспен қолдады.

Жоба мақсаты – «Өз бизнесіңді баста» сайысының аясында кәсіпкерлердің үлкен әрі тиімді қоғамдастығын құру болып табылады. Бұл үшін біздің Қор барлық бұрынғы және алдағы жылдар финалға қатысушыларын біріктіретін интернет-платформаны жобалауға кірісті.

Жаңа алаң қатысушыларға өз жобалары туралы жаңалықтарды жария етуге, фотосуреттер мен видеоны орналастыруға, жаңа бизнесті қалыптастырудағы қиындықтар мен қателіктермен бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Әр түлек келесідей мүмкіндіктері бар жеке кабинетке қол жеткізе алады:
— әр қатысушының жеке қарқындылығын қадағалау
— бір-бірімен тапсырыстармен бөлісу
— қоғамдастық мүшелері арасында ерекше бағалық шарттарды қалыптастыру (қызметтер мен өндіріс)
— өз бизнесі мен әріптестірінің бизнесін талқылау
— сарапшылар мен әйгілі кәсіпкерлерді шақыру және т.б.

Сонымен бірге, сайтқа кірушілерде онлайн төлемдері жүйесі арқылы ұнаған стартаптарды өздігінен қолдау мүмкіндігі болады, қаражатты жаңа идеяларға салу қабілеті де – сәтті кәсіпкерліктің кепілі.

Платформаны ағымдағы жылдың күзінде іске қосу жоспарлануда.