«Сәби» қайырымдылық қоры 2011 жыл

2011 жыл – қызметінің 9-жылдығын атапөткен және онжылдығын аяқтауға жақындап қалған «Сәби» Қайырымдылық Қоры үшінерекше, атаулы жылға айналды. Бұл кезең бұрын бекітілген тұрақты жобаларбойынша, сондай-ақ биылғы жылы әзірленген жаңа жобалар мен бағдарламаларбойынша қауырт және нәтижелі жұмыспен ерекшеленді.
Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі уақыты, сөйтіп біз де жаңажылдықмерекелердің қарсаңында өз қызметіміздегі әрбір қадамымызды талдауға көштік.

«Жасөспірімдер» жобасы

«Жасөспірімдер» жобасын «Сәби» қоры 2011 жылы әзірлеп шығарған болатын.Бұл «пилоттық» жоба, ол балалар үйі түлектерінің әлеуметке ықпалдасупроблемаларын шешу мақсатында іске қосылған. Соның шеңберінде жетім жастарғажеңілдік шартпен тұрғын үй сатып алу жөніндегі күрделі мәселеде көмек көрсетумүмкіндігі қарастырылуда. Бұл ретте мынадай шарттың орындалып отыруы маңызды:бұл «қайырымдылық көмек беруші берді – қайырымдылық көмек алушы алды» дегендәстүрлі сұлба емес, бұл алушының тарапынан сол көмекке ие болу үшін ұзақ жәнеқажырлы еңбек етуі. Мұндай жүйе балаларды ойлауға, көптеген жылдар бойы өзөмірін құруға деген саналы әрі жауапты тұрақты көзқарасын қалыптастыра отырыпбарлық күш-жігерін жұмсаумен еңбек етуге мәжбүр етеді. Тұрғын үй алуғаүміткерлер бұл жасы 23-ке толған, білім алған және тұрақты жұмысы бар толықжетімдер.

2011 жылы жобаға қатысу үшін Алматы қ. Жасөспірімдер үйі түлектерініңарасынан балалар үйінің 6 түлегііріктеліп алынды. Олармен тұрғын үй-құрылыс жинақтары туралыүштараптық келісімшарттар жасалған, аталмыш келісімшарттарға сәйкес «Сәби» қорыҚазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне әр қатысушының атынаАлматы қаласындағы 1-бөлмелі пәтер құнының 50%-ы мөлшерінде жарна ақша салды. Бұдан арғы жинақтауларды балалардың өзі салып отыратынболады.

Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытындынәтижелермен мына жерден танысуғаболады.

«?лем» дарынды жастарға қолдау жасау бағдарламасы

2010 жылы әзірленген «?лем» дарынды жастарға қолдау жасау бағдарламасы одан әрі өсіпжәне дамуда. Бағдарлама шеңберінде кез келген бала не жасөспірім өзі жайлықысқаша мәліметті арнайы құрылғанwww.alemsaby.kzинтернет-порталындажайғастыра алады. ?рбір өтінішқабылданып және мұқият қаралады. Үміткердің қабілеті мен шеберлігіне өзсаласының үздік мамандары баға береді. Жоғары дәрежедегі шеберлердің өзі жайлымәліметтері шын мәнінде дарынды жастарды табуға мүмкіндік береді, біз солардыңең жақсы қасиеттерін одан әрі дамытып және келешекке бағыт-бағдар сілтеу үшінқолдан келер мүмкіндіктің барлығын жасаймыз. Себебі бүгінде өскелең ұрпақтықолдауға күш салу – бұл біздің ертеңгі ортақ болашағымызға елеулі үлес қосуғадеген мүмкіндіктердің бірі!

Бағдарламаның жұмыс істей бастаған уақыты ішінде комиссиямен еліміздің 25астам елдімекеніндегі170 астам үміткердің өтініші өңделді; Қор қызметкерлерінің жастарды «?лем» бағдарламасы жайлы хабардар етуімақсатында 17 елдімекенге сапары ұйымдастырылды; вокал саласындағы ең жоғарыкәсіпқой шеберлерде 8 баланың шығармашылық тыңдалуы ұйымдастырылды; грантты 7бала ұтып алды, оның төртеуі жоғары оқу орындарында «Сәби» Қорының есібінен оқумүмкіндігіне ие болды, бір жас суретшінің Алматы қ. Орталық Көрме Залындағы2-апталық жеке көрмесі ұйымдастырылды, енді бір «әлемдік» қолданбалы өнердегіжетістіктері үшін сыйлыққа лэптоп алды, және Қордың «?лем»Бағдарламасының шеңберінде жариялағанБалалар поэтикалықбайқауында1-орынды иеленген жаңадан бастап жүрген ақын бастыжүлде – ноутбук ұтып алды.

Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс»компаниясымен Сценарийлер байқауыбірлескен жобасы жүзеге асырылды, аталмыш жоба Қазақстанныңтүкпір-түкпірінен дарынды сценаристерді іздеп және іріктеуге арналған; 650 хатөңдеуден өткізіліп, 132 өтініш қабылданып, 10 жартылай финалист іріктелді, 2011жылдың шілде айында фестиваль болып өтті, ол 10 000 доллар мөлшеріндегі жүлдегеие болып және Тимур Бекмамбетовпен бірге өз сценариі бойынша фильм түсірудіңкеремет мүмкіндігіне ие болған байқаудың жеңімпазын анықтады.

Алматы қ. Шахматшылар одағының жанынан жақында ашылған«Saby-Chess» балалар клубыныңжас шахматшылары даназардан тыс қалмады. «Сәби» қоры клубты спорттық керек-жарақпен, қажеттіжабдықтар мен жиһазбен қамтыды: барлық FIDE талаптарына сай шахматтық үстелдер,орындықтар, фигуралар мен сағаттар сатып алынды, сондай-ақ жанкүйерлерге арналғанбөлме жиһазбен жабдықталды; сөйтіп қараша айында клубтабалалар-жасөспірімдердің біліктілік турниры өткізілді.

Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытындынәтижелермен мына жерден танысуғаболады.

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы Қорымыздың қызметіндегі негізгіжайғасымдардың бірінде берікті орынға ие болды. Ол 2008 жылы іске қосылған жәнеосы 3 жыл ішінде бүкіл республика бойынша ауқымды өріс алды, ол еліміздіңмақтанышына айналып және соның әр аймағындағы мүмкіндігі шектеулі мыңдағанадамға салонға кіріп-түсуге арналған арнайы гидравликалық көтергіштерменжабдықталған мүгедектік креслолардың көмегімен қозғалыс еркіндігін сезінугемүмкіндік берді десек артық айтпаспыз. Бұл ретте мұндай арбаларды қолданатынадамдарға әдеттегідей арнайы бейімделмеген автокөлікті қолданғандай оларданбасқа көлік түріне ауысып отырып жатудың қажеті болмайды.

2011 жылы «инватакси» паркі қосымша 11 машинаменқамтылды, және тағы 4 автокөлік Алматыға келесі жылдың басында Германияда қайтажабдықтаудан өткеннен кейін келетін болады. Бұл машиналар жеті қаланыңмүгедектер қоғамдарына арналған. Осылайша, жоба шеңберіндесатып алынған автокөліктердің жалпы саны 16 аймақта пайдалану үшін 50 бірлдіктіқұрады.

Өздерінің негізінде мүгедектерге біздің машиналарымызды қолданумен тегінтасымалдау қызметтері ұсынылып отырған «?нватакси» қызметтері Қордыңөзге түрдегі қолдауына да ие болуда. Атап айтсақ, биылғы жылы 14 ұйымның диспетчерлік қызметтері азаматтардыңтасымалдау туралы өтініштерін қабылдауды жетілдіру үшін, сондай-ақ арнайыавтокөлікті пайдалану жөніндегі ай сайынғы есептілікті құрастыру ісін қарапайымету үшін компьютерлік техникамен жабдықталғанболатын.

Жобаны дамытудың келесі кезеңіне «?нватакси» көліктік қызметтерінмүгедектік арбада отырған адамның баспалдақтар бойынша қозғалуын қамтамасызетуге арналған арнайы тасымалданатын көтергіштермен жабдықтау шаралары айналды. Қазіргі уақытта мүгедектік арбалардықолданатын және бірінші қабаттан жоғары тұратын адамдарды баспалдақтар бойыншақолмен көтеріп шығарып-түсіріп отыруға тура келеді. Тасымалданатынкөтергіштерді алғаннан кейін мұндай қиындық жоғалады, бұл мүгедектерге қызметкөрсету деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар әрбір тасымалдауға арнапесептелген уақытта едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Қайырымдылық жасаушыларданқаражаттардың келіп түсуіне қарай көтергіштермен барлық қызметтерді қамтужоспарланып отыр. Қазіргі сәтте 9 қалаға арнап жабдықтың 10жинағы сатып алынған.

Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытындынәтижелермен мына жерден танысуғаболады.

Білім беру жобасы

«Сәби» Қорының білім беру жобасы 2004 жылы іске қосылған болатын, жәнеәрине ол тұңғыш және егжей-тегжейіне дейін әбден ойластырылған жоба ретінде бізүшін ерекше маңыздылыққа ие.
Биылғы оқу жылы білім беру жобасы шеңберінде 2010 жылы басталған балаларүйлерінің түлектерін өз бетінше өмір сүруге сәтті түрде бейімдеу мақсатындаАлматы қ. үш балалар үйінің балаларымен психологиялық түзету жөнінде 7-айлық психологиялық тренингілер әрі қарай жалғасты.Семинарларды жоғары кәсіби практикалаушы психолог жүргізді, оларға68 балақатысты.

Сонымен қатар өзіміз қамқорлыққа алған балалар әлеуметтік мекемелерініңоқушылары қалалық даярлау орталығында БҰТ-ға 6-айлық даярлану сабақтарын әрі қарай жалғастырды. Практика көрсетіп отырғандай,мұндай сабақтар аса тиімді болып табылады және балалардың оқу мекемелерінемемлекеттік грантпен түсуінің жоғары пайызын қамтамасыз етеду.

Қорымыз ұйымдастырған Ломоносов ат. ММУ кәсіптік бағдар жөніндегібөлімшесінің Алматылық филиалының негізінде кәсіптік бағдаржөніндегі дәстүрлі екі кезеңдік компьютерліктестілеуденбиылғы жылы Алматы қаласындағы 3 балалар үйінің 107 баласы өтті.

Және ең бастысы, «Сәби» Қорының жоғары және орта оқу мекемелерінде оқуынтөлеуге арналған білім гранттарына Қазақстанның 4 аймағындағы 8 балалар үйлері мен интернаттарының 33 түлегі ие болды, албұрын түскендердің арасында 6 адам биыл маманның дипломыналып шықты.

Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытындынәтижелермен мына жерден танысуғаболады.

«Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасы

Қорымыздың өзінің шеңберінде балалар әлеуметтік мекемелерінде спорттықжәне ойын алаңшалары салынып жатқан «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасыбойынша қызметі биылғы жылы ерекше жемісті болды. Биылғы жылы балалар үйлеріне,мектептер мен интернаттарға сыйға берілген спорт нысандарыныңсаны бес есе өсіп 22-ге жетті.
Петропавл қ. №2 Түзету мектеп-интернатына арнап үлкен ойынкешенінен, әткеншектер мен орындықтары бар 12 орындық үстелдерден тұратын 150шаршы м. КС?Л балалар алаңшасы салынды.

Тура сондай, алайда кіші жастағы тәрбиеленушілерге арналған, жәнеспорттық жабдықтарымен толықтырылған алаңша Алматы қ. Үміт Үйінің бүлдіршіндеріне сыйға ұсынылды.

Спорттық бағыттағы тағы бір осыған ұқсас нысанды Алматы қ. «Данашым» ФММ оқушылары сыйға алды, мұндатурниктер, теннистік үстел, сатылары, шыққыштары бар түрлі спорттық жабдықтар,баскетболдық сақина мен өзге де элементтер қамтылған.
?рине, Қорымыздың ерекше мақтанышы 4 метрлік қорғағыш торменқоршалған ауданы 450 шаршы метрлік көп салалық алаңшалар, олар мини-футбол, баскетбол және волейболға арналған, қыс кезінде мұзайдынын қатыруға арналған арнайы материалмен қапталған. Мұндай алаңша биылғыжылы Өскемен қ., «Үміт» Балалар Үйінде салынды.

Ал Алматы қ. Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріауданы 800 шаршы м., жарақаттан қорғайтын арнайы «жасанды шөп» жабыны менконтурлық прожекторлық жарықтандыруы бар кәсіби футболалаңшасын сый ретінде алды.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелермен мына жерден танысуғаболады.

Медициналық жоба

«Сәби» Қоры өзінің «Медициналық жобасы» бойынша жұмысын одан әріжалғастырды, аталмыш жоба шеңберінде медицина мекемелерін жабдықтар мендәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, емделіп жатқан пациенттерге емдеумекемелерінде тиісті жағдай тудыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда науқастарғажәрдем көрсету ескерілген, бұл тұрғыда орасан зор жұмыс атқарылуда: палаталармен ойын бөлмелерін күрделі жөндеуден бастап операциялық және диагностикалықблоктарды толықтай жабдықтауға дейін. Жобамен республикамыздың 14мекемесі қамтылған.

Жаңа жылдың қарсаңында Маңғыстау областық инфекциялықауруханасы Қордан сый ретінде Швейцарияда өндірілген, жан сақтау бөлімшесіндеқолдану үшін Hamilton-C2 өкпені жасанды желдету аппаратын алды. Аурухананың сұрату хатында ӨЖЖ аппараты кішкентай пациенттерүшін қажет деп көрсетілгенімен, біз аталмыг мекеменің қызмет саласын және мұндабарлық аймақтан келген ересектер мен балалар емделіп жататынын ескердік. Осыорайда Қор барлық жастағы науқастарға арнап қолдануға мүмкіндік беретінкеңейтілген құрамдағы жабдықты сатып алу туралы шешім қабылдады. Оны салмағыжарты килограмм жаңа туылған нәрестелерге арнап қолдануға болатынын атапкеткіміз келеді. Hamilton-C2 аппаратын қолдану жеделмедициналық жәрдем көрсету кезінде ЖК? мен ЖРВ?-дан болыпотыратын балалар мен нәрестелердің арасындағы өлім-жітімнің азаюына ықпалынтигізуі тиіс.

БЦС себебіне орай терең мүгедектігі бар өзіміз қамқорлығыққа алған Никитада назарымыздан тыс қалған жоқ. ?деттегідей, ол және оның әжесі бірнеше айға жететіназық-түлік қоры мен қажеттеріне арнап жұмсау үшін аздаған ақшалай сома алды.
Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелерменмына жердентанысуғаболады.

«Жаңа ұя» Құрылыс Жобасы

«Сәби» Қоры жүзеге асырып отырған Қызылорда қаласыныңНәрестелер үйіне арнап жаңа заманауи ғимарат салу жобасыжөніндегі жұмыстар жалғасуда. Бүгінде аталмыш мекеменің 60 жетім бүлдіршініескі апаттық күйдегі қаңқа-қамыстық үйде тұрып жатыр. Ауыр ауа-райы жағдайлары,Арал теңізінің экологиялық апат аймағы, ауыз судың тұрақты тапшылығы және соныңсалдарынан жергілікті тұрғын халықтың, әсіресе балалардың төмен тіршілік жәнеденсаулық деңгейі Қорымызды аталмыш аймаққа ерекше көңіл бөліп отыруғаитермелейді.

Қазіргі уақытта құрылыс салынатын жер бекітіліп қойған, жобалау-сметалыққұжаттар әзірленген және біздің мамандарымыз оларды көптеген мемлекеттікинстанцияларда келісіп және сараптамасын жүргізуде – бұл нысанның құрылысы меноған сыртқы коммуникацияларды жалғау үшін қажетті рұқсат ету шараларының кешені.
Жобаны жүзеге асыруға арнап түсіп жатқан қаражат шотта жинақталып және құрылысжұмыстарын жүргізу мақсаттарына, сондай-ақ ішкі жабдықтау мен сыртқыинфрақұрыылмын дамытуға жұмсалуда.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытындынәтижелермен мына жерден танысуғаболады.

«Балаларға өмір сыйла» SMS – жобасы

«Сәби» Қоры мен «ҮЙ» Қорының бірлескен «Балаларға өмір сыйла» SMS-Шарасы2007 жылы іске қосылған болатын. Соның шеңберінде әрбір адам қысқа 9099нөміріне SMS – хабарлама жіберу арқылы арнайы шотқа аздаған жарнасын аудараалады, аталмыш шотта ауруы елімізде емделмейтін кішкентай қазақстандықтардыңшетелде емделуіне арнап жұмсалатын ақшалай қаражаттар жинақталады.
2011 жылдың соңына қарсы «Балаларға өмір сыйла» Шарасы бойынша алымдар менақысы төленген операциялардың сомасы жуықтап алғанда 2 150 000 АҚШ $ құрады. Көптеген адамдар мен ұйымдардың күш-жігерініңарқасында Республикамыздың әртүрлі қалалары мен облыстарындағы 342 балаға жәрдем көрсетілді.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытындынәтижелермен мына жерден танысуғаболады.

Біздің наградалар

«Сәби» Қорының 2011 жылғы Қайырымдылық қызметі жұртшылықтың назарынан тысқалмады.
Еуропаның Бизнес Ассамблеясы ұйымдастырған және наурыз айының басындаЛондонда болып өткен «Энергетикалық Саммит 2011» біз үшін ерекше оқиғағаайналды. Саммиттің жұмысының ажырағыссыз бөлігі болып табылатын жыл сайынғыХалықаралық Сократтық Салтанатында «Сәби» Қайырымдылық Қорының ПрезидентіТасмағамбетова ?сел ?манғалиқызына құрметті Виктория ХанымныңНаградасы («Queen Victoria Commemorative Medal») – абырой,қадір-қасиет және қажырлық үшін берілетін эксклюзивті ағылшын наградасы берілді,ол Қордың қазынасында ерекше орынды иеленді.

Чернобыль АЭС-дағы апаттың 25-жылдығына арнап «Сәби» Қайырымдылық ҚорыныңПрезиденті ?.?.ТасмағамбетовағаЧернобыль менЖергілікті соғыс Ардагерлері Одағының естелік медалі берілді. Қайырымдылық саласындағы жұмыс үшін осындайқаһарман адамдардың марапатына ие болу екі есе құрмет.
Бұл наградалар өзіне сауатты және дарынды басшы жетекшілік етіп отырған«Сәби» қорының өз қызметін дұрыс бағытта жүргізіп отырғанын растауда.


Біздің барлық наградаларымыз жайлы мына жерден оқуғаболады.

Қаражат жинау

Көптеген жаны ашық адамдар жетім, ауыр науқасы бар адамдар туралы, әсіресебалалар туралы телехабарларды көріп не газеттерден мақалаларды оқыған кездесоларға шын көңілден жәрдем беріп, солардың тағдырына ат салысуға дайын болып.Алайда уақыттың әрдайым жетіспеушілігі мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмектіберу үшін банкіге дейін жетуге не редакцияға барып келуге мүмкіндік бермейді.Сөйтіп жақсы ниеттер сол жүзеге асырылмаған күйінде қала береді.

Алайда 2011 жылы «Сәби» Қоры қазақстандық төлемдік терминалдарға қызметкөрсету жөніндегі компаниямен бірлесе отырып қол жетімді әлеуметтік сервистііске қосты, сол арқылы еліміздің әрбір тұрғыны өзінің жетім балаларға, науқасжәне мүгедек балаларға арналған жәрдемін жылдам әрі тиімді түрде бере алады.
Қайырымдылық жарнасын жүргізу үшін кез келген«QIWI» терминалының жанына тоқтап және шотқа ақша аудару керек, ол үшінинтерфейстен «»Өзге қызметтер»» жолын таңдап, артынша»»Қайырымдылық»» түймешігін басып, қорды таңдап және жарнаны салуқажет. Біз үшін әр теңге маңызды!
Жәрдем көрсетудің өзге әдістері жайлы сайтымыздың басты парағынан білугеболады.

«Сәби» Қорының қайырымдылық көрсетушілерден демеушілік көмек ретінде алғанқаражаттары түгелдей айқын түрде, арналуы бойынша, Қордың концепциясы менЖарғысына сәйкес жұмсалып отырады. Оқиғалар жайлы толығырақwww.saby.kzсайтындағы жаңалықтар мұрағатынан оқып білуге болады, ол сонымен қатарқазақ және ағылшын тілдерінде «тіл қатуда».

«

28.12.2011

28.12.2017
«Сәби» Қайырымдылық Қоры, 2017

2017 жылы "Сәби"" Қоры өзінің 15-жылдық мерейтойын өте ауқымды жобалармен атап өтті – Алматы қаласында жалпы білім беретін 1200 орынға арналған мектеб…

Жалпы ақпарат
26.12.2016
«Сәби» Қайырымдылық Қоры, 2016

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында сіздердің назарларыңызға инфографика түрінде жылдық есеп беру мәліме…

Жалпы ақпарат
26.12.2014
«Сәби» Қайырымдылық қоры, 2014 жыл

2014 жыл «Сәби» қайырымдылық қоры үшін аралық қорытынды жасау, бұрынғы жобаларды қайта құру және жаңа межелерді анықтау жылы болды.

Жалпы ақпарат