Кішкентай пациенттерге арналған жыңа жылдық сыйлықтар

Кішкентай пациенттерге арналған жыңа жылдық сыйлықтар Жақында «Шымбұлақ» балалар туберкулезге қарсы санаториінде ертеңгілік болып өтті, онда мейірімді Аяз Ата екі жүз баланың барлығына сыйлықтар ұсынды.

Бұл шара бірнеше алматылық бойжеткен – «Сәби» қорының үлкен достарының ат салысуының арқасында өткізілді, олар бізге әлеуметтік қорғалмаған отбасыларындағы қатты мұқтаждық көріп отырған балаларды келе жатқан жаңа жылдық мейрамдармен құттықтағысы келетіні туралы айтты.

Біз бір сәт те ойланбастан «Шымбұлақ» санаториінің кішкентай пациенттерін таңдадық. Мұнда емделуден кейін оңалып жатқан балалардың басым көпшілігі көп балалы және толық емес отбасыларынан шыққан, олар үшін кез келген, тіпті шағын сыйлықтың өзі үлкен қуаныш және сирек болып тұратын оқиға.

Бойжеткендер Қорға елеулі соманы тапсырды, ол әр балаға арнап жаңа жылдық қағаз қапшыққа салынған конфеттерді ғана емес, әдемі қыстық бас киімдер мен мойын орағыштардың жиынтықтарын да сатып алу үшін жеткілікті болды.

Енді кішкентай пациенттер аяздан қорықпайтын болды, сол үшін біз қайырымдылық жасаушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз !

29.12.2010

11.09.2014
Миландағы демалыс

Жетім балалар арасында футболдан өткізілген Казақстан ашық чемпионатының жеңімпаздары Алматы облыстық балалар үйінің 15 тәрбиеленушілері Милан жолдам…

Қордан сыйлықтар
04.09.2014
?гі жұмыстың маңыздылығы аз болмас

?рбіреуімізде киімдерімізді қайта – қайта қарап шыққан кезде киілмеген киімдер табыла қалатын күндер болып тұрады, бірақта киюге әлі жарамды. Тастайын…

Қордан сыйлықтар
11.09.2013
Кітап пен скрипканы қолға алып есейген өмірге аттану

С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы – «Сәби» Қорының бұрыннан келе жатқан досы. Олардың қызметі қызықты кітапсыз өмірін өткізе алмайт…

Қордан сыйлықтар