Қайырымдылық жолындағы 24 жыл.

Кейде менен осы жылдар ішінде не өзгерді деп сұрайды.

Әрине, өзгерістер бар.
Қазір уақыт та, ауқым да, мүмкіндіктер де басқа.

Бірақ қайырымдылықтың мәні мен үшін өзгерген жоқ.

Қайырымдылықтың негізінде мейірім, жанашырлық пен қамқорлық жатыр. Көпжылдық тәжірибе осының жанына тағы бір маңызды түсінік қосты — жауапкершілік.

Өзгенің мұң-мұқтажын көргеніңе бейжай қарамай, қолдан келгенді кейінге қалдырмау жауапкершілігі.

Осы жылдар ішінде Saby қоры адамдардың өміріне оң өзгеріс әкелетін көптеген жобаларды жүзеге асырды.

Біз инфрақұрылым жетіспейтін жерлерде оны қалыптастырып, ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асырып келеміз. Ауруханаларды жабдықтау — өмірге араша болу.
Ал мектеп салу — келешек ұрпаққа жағдай жасау.

Біз үшін маңыздысы — әр мұқтаж жанның қайырымдылықты сезінуі, және ертеңгі күні өзі де өзгеге қол ұшын соза білуі.

Жылдар өте келе менің бір нәрсеге анық көзім жетті:
Әр үлкен істің артында уақыт, тұрақтылық және үздіксіз назар жатады.
Бастап қана қою жеткіліксіз — оны соңына дейін жеткізіп, өміршең ету маңызды.

24 жыл.

Бұл — әлі де жалғасып келе жатқан жол.
Біз алға қарай жүре береміз.

Туған күніңмен, менің жүрегіме жақын Saby қоры.