18 қазанда «Чувствуя жизнь» орталығында көру қабілеті бұзылған жандардың тәуелсіздігі мен тең мүмкіндіктерінің символына айналған – Халықаралық Ақ таяқ күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл ерекше күн – балаларды қолдауға, сондай-ақ олардың қажеттіліктеріне қоғам назарын аударуға бағытталған маңызды бастама болды.

Орталықтың өтініші бойынша «Сәби» қоры 65 тәрбиеленушіге сыйлықтар сатып алуға демеушілік көмек көрсетті. Мереке барысында балалар шығармашылық қойылымдар қойып, қызықты ойындарға қатысып, көңілді, жарқын сәттерге бөленді. Осындай жүрекке жылу сыйлайтын шараның бір бөлшегі болып, балаларға мейірім мен қамқорлық көрсете алғанымызға шын жүректен қуаныштымыз.

«Чувствуя жизнь» орталығына күнделікті адал еңбегі мен балалардың өміріне қосып жатқан өлшеусіз үлесі үшін алғысымызды білдіреміз. Бүгін олардың жүрегіне ұялған жылылық ертеңгі күні мықты рух пен ішкі сенімге айналарына сеніміміз мол.