Биылғы жылы «Сәби» қорының Білім беру гранттарының бақытты иеленушілеріне Алматы қаласы мен облысының 9-11 сынып түлектері ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның өзге аймақтарының балалары айналды.
Күрделі жұмыс жүргізумен біз ең лайықты деген үміткерлерді таңдадық. Барлығы ескеріліп отырды: үлгерімі, мінез-құлқы, мектеп пен Балалар үйінің қоғамдық өміріне қатысуы және өзге де көптеген жағдайлар.
Гранттардың биылғы жылы санының аз болуына орай өте қиынға түскен іріктеудің қорытындылары мынадай:
— Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған №1 Қызылорда мектеп-интернаты 3 орынға ие болды;
— Өскемен қ. «Үміт» балалар үйі – 2;
— Алматы қ. №1 балалар үйі – 1;
— Алматы қ. «Жанұя» мамандандырылған кешені — 2;
— Нүсіпбаев ат. Алматы облыстық қазақ мектеп-интернаты – 5;
— Алматы қ. Жасөспірімдер үйі – 1.
Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және олардың оқуға түсу емтихандарынан сәтті өтуіне тілектеспіз!