2024 жылы «Сәби» қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» арнайы лицейінің жаңа ғимаратын салып, сыйға тартты. Бұл лицей үшін халықаралық білім беру және экологиялық стандарттарға толық сай келетін алғашқы заманауи корпус болды.

10 мың шаршы метрден асатын оқу кешені «Сәби» қорының жүйелі қайырымдылық бағдарламасы аясында салынды. Оның шамамен 3 мың шаршы метрі спорттық және ойын аймақтарына арналған. Жаңа ғимаратта оқушыларға жайлы әрі шығармашылықпен білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған: заманауи сыныптар мен зертханалар, STEM кабинеттері, оқу залы бар кітапхана, панорамалық терезелері бар кең рекреациялық аймақтар, оқушылар мен мұғалімдерге арналған коворкинг-аймақтары, робототехника сыныбы және тігін шеберханасы. Құрылысқа жұмсалған шығын шамамен 4 миллиард теңгені құрады.

«Зерде» лицейі Қазақстанның білім жүйесінде ұзақ жылдар бойы жетекші орынға ие. Мектеп қазақ және ағылшын тілдерінде физика-математика және жаратылыстану ғылымдарын тереңдетіп оқытуға маманданған. Лицейдің жұмыс жылдары ішінде 123 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды, 99 түлек әлемнің беделді жоғары оқу орындарына түсті, 161 оқушы Назарбаев Университетінің грант иегері болды, сонымен қатар мектеп елдегі үздік олимпиадалық мектептердің қатарына енді.

Жоғары білім деңгейінің тағы бір айқын дәлелі – лицейдің 11-сынып оқушысы Аялы Маханбеталидің жетістігі болды. Биыл ол әлемнің жетекші он университетінен оқу ұсынысын алды, соның ішінде Harvard University, Brown University, University of Cambridge, Stanford University және MIT университеттері бар.

Ерекше атап өту керек, бұл бастаманы тікелей университеттер өздері жасады. Сегізінші сыныптан бастап Аялы халықаралық білім беру және зерттеу жобаларына қатысып келеді және оқуымен қатар канадалық компанияда жұмыс істейді. Оның академиялық деңгейі мен зерттеу дағдылары әлемнің жетекші университеттерінен шақырулар алуының басты себебі болды.

Ал біз өз тарапымыздан «Сәби» қорының заманауи білім беру инфрақұрылымына салған инвестициялары мен дарынды балаларға көрсеткен қолдауы олардың үлкен жетістіктерге жетуіне және тұрақты нәтижелерге қол жеткізуіне септігін тигізіп жатқанына қуаныштымыз.