Жуырда Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте 2025–2026 оқу жылының педагогикалық кеңесі өтті. Биыл бұл шара ерекше маңызға ие болды – ол мектептің 5 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Іс-шараға Әсел Тасмағамбетова негізін қалаған әрі жетекшілік ететін барлық компаниялардың өкілдері шақырылды. Бұл компаниялардың әрқайсысы қоғамның дамуына және мектеп ұстанатын құндылықтарды қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.

Олардың қатарында:

  • «Сәби» қоры (2002 жылы құрылған) – Қазақстандағы алғашқы жеке қайырымдылық ұйымы. Қор білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында ауқымды әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. @sabyfoundation
  • Telli бутигі (2008 жылы құрылған) – премиум санаттағы күтім және декоративті косметика өнімдері, жеке косметология кабинеті, гомеопатиялық дәріхана мен органикалық кафені біріктіретін бірегей кеңістік. @tellikz
  • Орталық Азиялық Экологиялық Зерттеулер Институты (2012 жылы құрылған) – қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық мәселелерді шешуге, инновациялық технологияларды енгізуге және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жетекші ғылыми орталық. @caspiansealrrc
  • Shoqan School (2020 жылы құрылған) – LEED сертификатына ие болған, әрбір оқушыға жекелей көзқарасты басты ұстаным еткен ультразаманауи мектеп. @shoqan_school.kz
  • Telli Ondiris (2023 жылы құрылған) – халықаралық ISO 22716 (GMP) стандарты талаптарына сай ашылған, экологиялық таза косметикалық өнім шығаратын Қазақстандағы алғашқы косметикалық зауыт. telliondiris.kz
  • Shoqan Academy (2024 жылы құрылған) – заманауи оқыту әдістемелері мен зерттеу қызметін ұштастырған білім беру жобасы. @shoqanacademy

Әсел Тасмағамбетова шынайы әрі жүректен шыққан сөз сөйледі, әр жобаның маңыздылығын ерекше атап, олардың өзара тығыз байланысы арқылы ортақ идеялар мен құндылықтардан құралған біртұтас экожүйе қалыптасатынын айрықша назарға салды.

Өз кезегінде компания басшылары Әсел Иманғалиқызына шабыт пен қолдауы үшін шынайы алғыстарын білдіріп, оның ерекше энергиясы мен жігері әртүрлі жобаларды бір арнаға тоғыстыратынын ерекше атап өтті.

Іс-шара мектеп ғимараты бойынша экскурсиямен аяқталды. Қонақтар бастауыш сыныптардың жайлы сыныптарымен және балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған жоғары сыныптардың заманауи кеңістігімен танысты.