2023 жылы «Сәби» қоры Қазақстанда өзінің жүйелік жобаларын іске асыруды жалғастырды. Биыл біз Атырауда бесінші жедел балалар хирургиясы бөлімін ашып, жергілікті хирургтерге шеберлік сыныбын ұйымдастырдық; Оралда төртінші робототехника орталығы іске қосылды; Bulgari үйімен үшінші бірлескен қайырымдылық кешін өткізді және медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға әсерлі соманы жинады; Астана қаласында жаңа орта мектеп салынды; Алматы қаласындағы балаларды оңалту орталығын толық қайта жаңғыртуды жүзеге асырды; қазақ тілінде ертегілер жинағын шығарды; Қазақстан Республикасының жас кәсіпкерлеріне $330 000 тегін гранттар берді; мұқтаж балалар мен ересектерге атаулы көмек көрсетті. Толығырақ біздің видеорепортажда.
Біз барлық достарымызға, серіктестерімізге, меценаттарға және жай қамқор адамдарға жыл бойы тұрақты көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Жаңа жылда игі істер бұдан да көп болсын! Баршаңызға жаңа жыл құтты болсын!