СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ-ЖЕТІСТІКТЕР ЖОБАСЫ
Жобаның мақсаты:
1. Қазақстанның балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілеріне дене шынықтырумен және спортпен айналысуына, олимпиадалық, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуға арнап жағдайлар тудыру;
2. Тәрбиеленушілердің арасында салауатты өмір салты мен белсенді ұзақ өмір сүру принциптерін қалыптастыру;
3. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында олардың спорттық бос уақытын қамтамасыз ету арқылы іспен қамтылуын арттыру.
Жобаны жүзеге асыру сценариі:
1. Балалар әлеуметтік мекемелерінде қазіргі заман талаптарына сай етіп жабдықталған спорттық алаңшалар мен балалар ойын кешендерін салу;
2. Тәрбиеленушілерді дене шынықтыру жаттығулары мен спортпен жүйелі түрде айналысу ісіне тарту;
3. Дене шынықтыру-спорт бірлестіктері (сонымен бірге федерациялар) мен спорттық клубтардың балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілерімен өзара қатынастарын жандандыру.
Мәселені белгілеу:
Қазіргі уақытта Қазақстанда тұтастай еліміз бойынша, сондай-ақ білім беру жүйесінде спорттың дамуына көп көңіл бөлінуде. Алайда Республикамыздың жалпы білім беру оқу мекемелерінің небәрі 56,5 %-да ғана үлгілік спорттық залдар бар және 14,9 %-да ғана бейімделген спорттық панажайлар бар. Орта білім беру ұйымдарындағы оқыту дене шынықтыру сабақтарының көлемі нормативтерден 3-4 есе төмен. Қозғалу белсенділігінің жоспарланған ғылыми-негізделген деңгейіне қол жеткізу үшін дене шынықтыру сабақтарының санын көбейтіп және оқу үрдісін спорттық керек-жарақ пен жабдықтармен қамтамасыз ету қажет.
Өкінішке орай, сыныптан тыс дене шынықтыру-сауықтыру және сабақтан тыс уақыттағы жаппай түрдегі спорт қызметі дамымаған. Қозғалу белсенділігінің төмен болуына орай түрлі суық тию және созылмалы ауруларға шалдыққан балалар мен жасөспірімдердің саны өсіп келеді.
Балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілері үшін спорттың маңызы ерекше болып келеді. Себебі дәл осы балалар бос уақытында немен айналысатынын білмей жатады. Соның нәтижесінде түңілуге, бұзақылық пен тіпті әдепсіз қылықтарға әкеп соқтыратын уақытын текке шығындау орын алуда. Балаларды, әсіресе жоғары сынып оқушыларын оқу үрдісінен кейін пайдалы іспен қамту маңызды мәселеге айналуда. Және бұл жерде спорт көптеген проблемаларды шешуге себін тигізіп отырады.
Негізгі міндеттер:
1. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі
Міндетті белгілеу:
Негізгі өмірлік қажеті бар қозғалыс дағдылары балалардың кішкентай кезінде қалыптасады, бала дұрыс жүруді, отыруды, тұруды, қараапйым дене шынықтыру жаттығуларын орындауды, кеңістікте бағытталуды, шынықтыру шараларын қабылдауды үйренеді, салауатты өмір салтының негізі болып табылатын күнделікті дене шынықтыру-спорт сабақтарына дағдыланады. Бұл жастағы балалардың дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру ісі олармен сабақтарды ойын түрінде, әдетте, ашық аспан астында өткізуді, және солардың мазмұнын үнемі түрде жаңартып отыруды қажет етеді. Дене шынықтыру жаттығулары сабақтарының негізін балалардың қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын, ағзаның барлық физикалық қасиеттерін дамытатын жан-жақты дене шынықтыру даярлығы құрауы тиіс. Педиатрия мен дене шынықтыру және спорт саласының жетекші мамандары осы жас тобындағы балаларға арнап аптасына кемінде 10 – 12 сағаттық қозғалыс белсенділігінің көлемін ұсынады.
Осы міндетті шешудің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың саны 15 адамнан асатын балалар әлеуметтік мекемелерінде ашық аспан астында сабақтар өткізуге арнап «Ксил» балалар ойын кешендерін орнату (орындаушы – «Сәби» қайырымыдылық қоры);
- мекемелерде мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру тәрбиесіне арнап оқу және ойын бағдарламаларын әзірлеу және ендіру (орындаушы – балалар үйлері мен интернаттардың басшылығы);
2. Жоғары мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі
Міндетті белгілеу:
Дене шынықтыру тәрбиесі балалардың негізгі қозғалыстық қасиеттерін дамыту мен жетілдіруді, дене бітімінің дамуы мен денсаулығын нығайтуды, салауатты өмір салтын ұстануды саналы түрде қажетсінуін қамтамасыз етуі тиіс.
Жоғары мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі олардың дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысып отыруға жоғары дәрежедегі қажетсінуін дамытуы тиіс. Сабақтан тыс қосымша сабақтарды балалардың әртүрлі спорт түрлеріне, дене шынықтыру жаттығуларына деген қызығушылығын ескерумен ендіру қажет. Сабақтарда табиғи факторларды оңтайлы түрде қолдануға, еңбек пен тынығуды үйлестіріп отыруға, денені жаттықтыру, өз-өзіне массаж жасау және қауіпсіздік техникасының негіздеріне, жүктеменің көлемдері мен қарқындылығын үйлестіріп отыруға, жаттығуларды дұрыс және рет-ретімен орындап отыруға үйрету, ағзаның физиологиялық ерекшеліктері туралы, дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу гигиенасы туралы теориялық білімдердің қажетті көлемін беру қажет. Осы жас санатындағы балаларға арнап дене шынықтыру сабақтары мен спортпен айналысудың ұсынылатын көлемі аптасына кемінде 8-10 сағатты құрайды.
Осы міндетті шешудің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- балалар әлеуметтік мекемелерінде әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға арнап (мини-футбол, волейбол, баскетбол, гандбол, үлкен теннис) әмбебап түрде жабдықталған қазіргі заманға сай спорттық алаңшаларды салу (орындаушы – «Сәби» қайырымдылық қоры);
- дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс әдістерін бұдан арғы уақытта дене шынықтыру сабақтарынан оқушылардың қызығушылықтарын ескерумен спорт түрлері бойынша жаттықтыруларға көшу және олардың физиологиялық ерекшеліктерін дамыту мақсатында жетілдіру (ұйымдастырушы – «Сәби» қайырымдылық қоры, орындаушы – балалар үйлері мен интернаттардың басшылығы);
- дене шынықтыру мен спортпен айналасу сабақтарын тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуге белгілі спортшыларды, чемпиондарды, еңбегі сіңген спорт шеберлері мен жетекші жаттықтырушыларды қатыстыру арқылы насихаттауды қамтамасыз ету (орындаушы – «Сәби» қайырымдылық қоры);
- спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды толықтыру мақсатында өздерінің одан әрі спорттық білім алуына арнап келешегінен үміт күттіретін балаларды іріктеп алу (орындаушы – «Сәби» қайырымдылық қоры).
Жобаны қаржыландыру:
Жоба «Сәби» ЖҚҚ КЕҰ-ның қайырымдылық көрсетушілерінің ерікті жарналарының есебінен қаржыландырылады.
Күтілетін нәтижелер:
1. Балалар әлеуметтік мекемелерінің балалары мен жасөспірімдерінің арасында салауатты өмір салтының бекуі.
2. Дене шынықтыру мен спортпен нақты түрде айналысатын тәрбиеленушілер санының көбеюі, аурушаңдықтың деңгейін азайту.
3. Өскелең ұрпақтың арасындағы құқық бұзушылықтар санының азаюы.
4. Балалар әлеуметтік мекемелері тәрбиеленушілерінің қатарынан ҚР ұлттық құрама командаларына келешегінен үміт күттіретін кандидаттардың спорттық резервінің көбеюі.
Межелер:
Жоба 2002 жылдан бері жұмыс істейді;
Қазақстанның 14 өңіріндегі 30 мекемеде 49 спорт нысаны салынды, жөнделді және жабдықталды (Алматы қ., Талдықорған қ., Семей қ., Өскемен қ., Теміртау қ., Қызылорда қ., Петропавловск қ., Ақтөбе қ., Атырау қ., Алға қ., Қаскелең қ., Алматы облысындағы Балпық би кенті, Атырау облысындағы Махамбет кенті, Тараз қ.), олардың ішіндегі:
- көп функционалдық спорт алаңдары– 23;
- спорт залдары – 4;
- ойын алаңдары – 20;
- жаттықтыру залы - 2.
«Жанұя» мамандандырылған кешені ММ
6. Ауданы 800 м2, мини-футбол мен үлкен теннис ойнауға арналған спорттық алаңша 2007 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген.
7. Ауданы 700 м2, волейбол, баскетбол және үстелүсті теннис ойнауға арналған спорттық алаңша 2007 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген.
Алматы қ. №2 Балалар үйі ММ
4. Мини-футбол мен үлкен теннис ойнауға арналған, ауданы 800 м2 «жасанды шөп» жабыны бар әмбебап спорт алаңшасы 2008 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген.
5. Ауданы 692 м2 волейбол мен баскетбол ойнауға арналған спорттық алаңша 2008 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген..
Алматы облыстық №1 Балалар үйі ММ
8. Ауданы 197 м2, ПХВ жабыны бар спорттық зал 2009 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген.
9. Ауданы 150 м2, «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2009 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген.
Талдықорған қ. «Айналайын» балалар үйі
10. Ауданы 450 м2, мини-футбол, баскетбол, волейбол және үлкен теннис ойнауға арналған және қыс кезінде бетіне мұз қатырып сырғанақ жасауға мүмкіндік беретін арнайы жабыны бар әмбебап спорт алаңшасы 2009 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген.
Қызылорда қ. жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған №1 мектеп-интернаты
11. Ауданы 197 м2, ПХВ жабыны бар спорттық зал 2009 жылдың қазан айында пайдалануға берілген.
12. Ауданы 600 м2, мини-футбол ойнауға арналған және қыс кезінде бетіне мұз қатырып сырғанақ жасауға мүмкіндік беретін арнайы жабыны бар спорт алаңшасы 2009 жылдың қараша айында пайдалануға берілген.
13. Ауданы 500 м2, волейбол, баскетбол және үлкен және үстелүсті теннис ойнауға арналған спорт алаңшасы 2009 жылдың қараша айында пайдалануға берілген.
14. Ауданы 150 м2, «Ксил» балалар ойнау алаңшасы 2009 жылдың қазан айында пайдалануға берілген.
Алматы облысының "Шымбұлақ" балалар туберкулезге қарсы күрес санаториясы
15. Ауданы 300 м2 балалар ойын алаңшасы 2010 жылдың сәуір айында пайдалануға берілген.
Қаскелеңдегі қосалқы мектеп-интернат
16 Ауданы 200 м2 «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2010 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді.
17. Мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға арналған, қыс кезінде мұз айдынын жасауға мүмкіндік беретін арнайы жабыны бар ауданы 450 м2 әмбебап спорт алаңшасы 2010 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді.
Петропавл қ. № 2 арнайы (түзеу) мектебі
18. Аумағы 200 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңы 2011 жылы мамырда пайдалануға тапсырылды
Өскемен қ. «Үміт» балалар үйі
19. Аумағы 450 шаршы метр болатын шағын футбол, баскетбол, волейбол ойнайтын, сонымен қатар қыс кезінде мұз айдынын құюға арнаулы төсемі бар әмбебап спорт алаңы 2011 жылы маусымда пайдалануға тапсырылды.
Алматы қ. «Данашым» ФММ
20. 200 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2011 жылдың тамыз айында қолданысқа тапсырылды.
Алматы қ. Үміт Үйі
21. 300 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2011 жылдың қыркүйек айында қолданысқа тапсырылды.
Алматы қ. Жасөспірімдер үйі
22. ауданы 800 шаршы метр болатын жарақаттан қорғайтын арнайы «жасанды шөп» жабыны мен контурлық прожекторлық жарықтандыруы бар кәсіби футбол алаңшасы 2011 жылдың қазан айында сый ретінде қолданысқа тапсырылды.
Семей қ. мектеп-интернат
23. ауданы 450 шаршы метр болатын мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға арналған, құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөп» арнайы жабыны бар және төрт жақтан контурлы прожектормен жарықтандырылған әмбебап спорт алаңшасы 2012 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.
Алға қаласында орналасқан Ақтөбе областық оңалту орталығы
24. ауданы 150 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2012 жылдың тамыз айында қолданысқа тапсырылды.
Теміртау қ. орналасқан Ақтөбе областық оңалту орталығы
25. ауданы 450 шаршы метр болатын мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға арналған, құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөп» арнайы жабыны бар және төрт жақтан контурлы прожектормен жарықтандырылған әмбебап спорт алаңшасы 2012 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.
Қызылорда қ. орналасқан Сәбилер үйі
26. ауданы 200 шаршы метр болатын «Ксил» құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөп» арнайы жабыны бар балалар ойын алаңшасы 2012 жылдың қазан айында қолданысқа тапсырылды.
Семей қ. орналасқан «Жанұялық типтегі № 8 Балалар үйі» КММ
27. ауданы 450 шаршы метр болатын мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға арналған, құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөп» арнайы жабыны бар және төрт жақтан контурлы прожектормен жарықтандырылған әмбебап спорт алаңшасы 2013 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.
ШҚО, Семей қ. орналасқан «Көзі нашар көретін балаларға арналған № 3 мектеп-интернаты» КММ
28. ауданы 200 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2013 жылдың маусым айында қолданысқа тапсырылды.
Семей қ. орналасқан «Құлағы нашар еститін балаларға арналған № 3 мектеп-интернаты» КММ
29. ауданы 450 шаршы метр болатын мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға арналған, құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын «жасанды шөп» арнайы жабыны бар және төрт жақтан контурлы прожектормен жарықтандырылған әмбебап спорт алаңшасы 2013 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.
Алматы қ. Жастар үйі
30. маусым айында спорттық залға жаттықтырушылар сыйға тартылды - Переданы в дар тренажеры для спортивного зала - веложаттықтырушы, жүгіру жолы және кардиожаттықтурышы.
Ақтөбе облыстық жасөспірімдер үйі:
31. ауданы 480 шаршы метр болатын мини-футбол, баскетбол, волейбол ойнауға арналған, құлаған кезде жарақаттанудан сақтайтын резеңке жабыны бар және төрт жақтан контурлы прожектормен жарықтандырылған әмбебап спорт алаңшасы 2015 жылдың маусым айында пайдалануға берілді;
№ 7 Ақтөбе арнайы коррекциялық мектеп:
32. ауданы 525 шаршы метр болатын «Ксил» балалар ойын алаңшасы 2015 жылдың маусым айында қолданысқа тапсырылды;
Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, Петропавловск қаласы
33. Балалар ойын алаңшасы, 144 шаршы метр, 2016 жылдың маусым айында қолданысқа тапсырылды;
Ақтөбе облысындағы есту қабілеті бұзылған арнайы (коррекциялық) мектеп-интернат-колледжінің
34. КСИЛ балалар ойын алаңшасы, 296 шаршы метр, 2016 жылдың тамыз айында қолданысқа тапсырылды;
№ 1 балалар үйі, Алматы қаласы
35. 820 шаршы метр спорт алаңы күрделі жөндеуденөтті, бетондалып үстінен резиналық жабын төселді, қыркүйек 2016 жыл.
Ақтөбе қаласындағы «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы
2017 жылғы маусым:
36. Көп атқарымдық спорт алаңы, жалпы ауданы 756 ш.м.;
37. Воркаут және стритаут алаңы, жалпы ауданы 33 ш.м.;
38. Жаттығу залы жарақталды, жалпы ауданы 67 ш.м.
Атырау қаласы
39. 2017 жылғы тамыз, Атырау қаласында балалар ойын қалашығы, жалпы ауданы 2000 ш.м.
Алматы қаласындағы № 174 мектеп-гимназиясы
2017 жылғы қыркүйек
40. Көп атқарымдық спорт алаңы, жалпы ауданы 312 ш.м.;
41. Балалар ойын алаңы, жалпы ауданы 250 ш.м.;
42. 2 спорт алаңы, әрқайсысының ауданы 289 ш.м.;
43. Футбол алаңы, жалпы ауданы 2496 ш.м.
БАРЛЫҒЫ:
- салынған спорт алаңдары–22;
- жөнделген спорт залдары – 4;
- салынған балалар ойын алаңдары–16;
- жарақталған тренажер залы– 2.
2018 маусым, Алматы облысындағы Балпық-Би а. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Үміт» күндізгі болу орталығы» КММ жалпы көлемі 150 ш.м, балалар ойын алаңы салынды;
2018 қыркүйек, Атырау облысындағы Махамбет к. жалпы алаңы 1500 ш.м. көп функционалды спорт-ойын кешені салынды, оның ішіне: балалар, баскетбол, волейбол, футбол алаңдары кіреді;
2018 қазан, «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу Орталығы үшін спорт залға арналған 2 жаттығу құрылғысы сыйлыққа берілді.
Қызылорда қ. Мамандандырылған балалар үйі - мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын кешені, әткеншек-ұя және доппен ойнауға арналған тіреу