Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтында қонақта болды

Институтты осыдан 10 жыл бұрын «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова негізін қалаған, ол қоршаған ортаны бақылау және экологияны зерттеумен айналысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев институт ұжымының Каспий итбалығының популяциясын сақтауға бағытталған жұмысын ерекше атап өтіп, эндемиктерді қорғау мәселесін жеке бақылауына алу туралы Қазақстан экологиясы үшін маңызды шешім қабылдады.

2019 жылы институт «Сәби» қорымен бірлесіп, Ақтау қаласында Солтүстік Каспийдегі Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру жөніндегі жалғыз орталықты ашты.

Институт пен «Сәби» қоры эндемиялық популяцияның азаю проблемасын зерттеуді сонау 2017 жылы бастады. Әсел Тасмағамбетованың жетекшілігімен 5 халықаралық экспедиция ұйымдастырылды, олардың деректері эндемиканы 2020 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуге негіз болды.

Орталық жұмысы барысында Қазақстанда алғаш рет Каспий итбалығын емдеу хаттамалары әзірленіп, қазірдің өзінде 40-тан астам итбалық құтқарылды.

Президент Орталықтың жұмысын жоғары бағалап, Каспий итбалығының санының азаю себептерін зерттеп, осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Сәби» қоры мен институт ұжымы Қасым-Жомарт Кемелұлына Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты ғалымдарының қызметіне жоғары көңіл бөлгені және Каспий итбалығын қорғау мәселесін өз деңгейінде Президенттік жеке бақылауында болатыны туралы  шешім қабылдағаны үшін алғыс айтамыз.

01.06.2022

24.10.2024
«Сәби» қайырымдылық қоры Астана қаласына дары…

«Сәби» қайырымдылық қорының арқасында дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінде 18 жыл ішінде алғаш рет жаңа заманауи ғима…

Оқиға
14.11.2023
«Сәби» Қоры Атырауда хирургиясы бөлімшесін ашты

«Сәби» Қайырымдылық Қоры Атырау қаласында бесінші жоғары технологиялық Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл Қордың «Шұғыл б…

Оқиға
17.11.2022
Saby x Bvlgari қайырымдылық концерті 2022

«Сәби» Қоры көп жылдар бойы өз тарихын жоғары деңгейде қайырымдылық шараларын өткізіп келеді. Біз 2008 жылдан бастап  қаражат жи…

Оқиға