Қызылордадан келген жаңалық

Қызылордадан келген жаңалық Жуықта Сәби Қорының өкілдері іс-сапармен Кызылорда қаласына аттанды. Қалалық Сәби Үйініңтәрбиеленушілері біздің Қормен тұрғызылған жаңа ғимаратқа көшкеніне жарты жыл болып қалды. Сәбилердің, жаңа қонысқа қалай орныққанын көру бізге қызықты болды.

Мекеменің жылы ахуалы өте қуантты. ?рине, бұрынғыда сәбилерді күткен ескі, суық, апатты ғимаратты, қазіргі жайлы, жарық, керекті заттарының жеткілікті, жайдарман үймен салыстыруға болмайды. 

Көшкеннен кейін, балаларда керемет өзгерістер байқалғанын Сәби Үйінің Бас дәрігері үлкен шабытымен әңгімеледі. Біреуі алғашқы қадамын жасады, ал біреуінің өміріндегі алғашқы күлкісі байқалды, әркімнің өз кеңістігі мен қандай болса да сүйікті бұрышы болды. Және де бұған таңданатын ештеңесі жоқ, өйткені еденде азынақ ойнап, сәбилер жерде еңбектей алмай, көбінесе арнайы қоршауда болды. Ал енді олар жылы кілемнің үстінде рақатаннып жан-жаққа еңбектеп, әдемі сөрелерде орналасқан ойыншықтарға қолын жеткізгісі келіп, талпынып жатыр, сондай-ақ өз бетімен тіқ тұрып алғашқы қадамын жасауға тырысты.
 
Ал дала серуені үлкенірек балаларды ңағыз шаттыққа бөлейді. Өйткені, Сәби Қорымен салынған үлкен балалар ойнайтын алаң, сәбилердің барлық армандарына сай келеді: алтыбақанда тербелуге болады, әткеншетке айналып төбешіктен сырғанауға болады, қауіпсіз лабиринтке өрмелеп шығуға болады, жаппа шатырдың көлеңкесінде ойнауға болады немесе жасанды шөппен төсенген жұмсақ төсеніште домалап жатуға болады.

Кейіннен жеміс бағы өсіп, жемістер піскеннен кейін балалар жемістің дәмін тата алады.

Былтырғы іс-сапарымызды соңғы кездесумен салыстырсақ, шынымененде сәбилердің беттеріндегі күлкісі жиі байқалатын болды. Бәлкім бұл – біздің атқарған жұмысымыздың басты нәтижесі болып саналады. 

Қызылордадан келген жаңалық     Қызылордадан келген жаңалық   Қызылордадан келген жаңалық

11.06.2013
23.05.2019
Тағы да Қызылорда…

  2012 жылы «Сәби» қоры Қызылорда қаласында туылғанынан 4 жасқа дейінгі ата-аналарынан айырылған жетімдер мен…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
12.06.2017
Қызылорда қаласының Сәби…

«Сәби» Қорының арқасында Қызылорда қаласындағы жаңадан Сәби үйі салынып толықтай жабдықтандырылды. Бұл жоба қолданысқа…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
17.07.2014
Сәбилер үйінің тынысы

Уақыт зымырап өтіп барады. Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап "Сәби" Қорының көмегімен…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.