Қызылорда қ. Сәбилер үйінің жаңа замануи ғимаратын салу бойынша әзірлену жұмыстары басталады

«Сәби» қайырымдылық қоры туылғанынан бастап 6 жасқа дейінгі 60 балдырған тұратын Қызылорда қаласында Cәбилер үйінің жаңа замануи ғимаратын салу бойынша әзірлену жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.

Арал өңірінің ауыр климаттық жағдайлары, экологиялық апат аймағы, ауыз судың ұдайы тапшылығы және, соның зардабы ретінде, - жергілікті халықтың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығының төмен деңгейі Қорымызды аталмыш аймаққа ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етеді.

Облыс орталығының Байсеиітова, 84 көшесінің бойында орналасқан Сәбилер үйі – қаладағы техникалық тұрғыдан қауіпті әлеуметтік мекемелердің бірі. 1956 жылы салынған бұл апаттық күйдегі қаңқа-қамыстан салынған ғимарат моральдік және физикалық тұрғыдан тозған. Сазбалшықпен қапталған қабырғаларын мекеменің қызметкерлері әктеп әбігер болып жатады, дегенмен бұл оларды үнемі түрдегі су тамшылау мен жартылай опырылудан құтқармайды. Ондаған рет сырланған терезе жақтаушалары жарылып кеткен және қысқы аяз бен жазғы аптап ыстықтан қорғамайды. Орталықтандырылған жылу беру жүйесі жоқ – жылу жартылай құлаған қазандықтан тот басқан шіріген құбырлар арқылы келеді. Міне осындай қолайсыз жағдайларда мүлде кішкентай балалар онсыз да тауқыметке толы өз өмірін ата-анасы мен жақын адамдарының қолдауынсыз бастап жатады.

Осы мекемені инспекциялауды ұйымдастырумен «Сәби» қайырымдылық қоры ғимаратты құлатып соның орнына замануи құрылыстың техникалық және санитарлық талаптарына сәйкес келетін, өзінде болуы тиіс барлық үй-жайлары: жайлы жатын бөлмелері, кең ойнайтын бөлмелері, санитарлық тораптармен жабдықталған жарық тамақтану бөлмелері, дәрігерлік және оқыту бөлмелері бар жаңа ғимарат салу қажет деген қорытындыға келді. Ғимараттың айналасын да жайластырған маңызды, себебі балдырғандардың дені сау болып өсуі үшін олармен таза ауада серуендеудің маңызы зор.

Біз Қорымыздың достары мен серіктестерін, сондай-ақ қайырымдылық көрсетушілердің барлығын қайырымдылық пен мейірімділік танытып құрылысты жүзеге асыру үшін қолдан келер көмегін жасауға шақырамыз !

Құрметпен, Сіздің «Сәби»

20.09.2010
23.05.2019
Тағы да Қызылорда…

  2012 жылы «Сәби» қоры Қызылорда қаласында туылғанынан 4 жасқа дейінгі ата-аналарынан айырылған жетімдер мен…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
12.06.2017
Қызылорда қаласының Сәби…

«Сәби» Қорының арқасында Қызылорда қаласындағы жаңадан Сәби үйі салынып толықтай жабдықтандырылды. Бұл жоба қолданысқа…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
17.07.2014
Сәбилер үйінің тынысы

Уақыт зымырап өтіп барады. Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап "Сәби" Қорының көмегімен…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.