«КазРосГаздан» келген көмек

«КазРосГаздан» келген көмек«Сәби» Қорының «Өркендеу» атты жобасының аясындаҚызылорда қаласында жоспарланып отырған жаңа Сәбилер үйінің құрылысы қаражатты көп қажет ететін өте күрделі қадам. ?рине, біз өзіміздің бар күшімізді салып отырған бұндай ауқымды жұмысты атқару әркімге де қиынға түсетіні анық. Ғимаратты тұрғызу үшін біздің Қор қаржылай қайырымдылық жиыны туралы баршылықтан қолдау сұрады, және де оған көп қазақстандық компаниялар мен жеке тұлғалар белсенді қатысқаны қуанышқа кенелтті. 

Қолдаушылардың ішінде ерекше атап өтетін - Қазақстан-Ресей бәрлескен кәсіпорыны «КазРосГаз» ЖШС-не шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді. Бұл серіктестік өзінің даму кезеңдерінің басты мақсаты қылып филантроп ретінде әлеуметтік саясатты ұстанып, біздің Қордың басқа да жобаларамызға бірнеше рет қолдау көрсеткен болатын. Мысалы үшін, алматылық «инватакси» автотұрағы бірнеше машиналарға «КазРосГаз» компаниясының демеуімен толықтырылғаны туралы біз айтыпөткен болатынбыз. 

Бұл ынтымақтастықтың ендігі бір түбегейлі қадамы болып – қызылордалық жетім балалардың жаңа үйінің салынуына берілетін демеу болып табылады. Қомақты соманы құрайтын келесі транш «Сәби» Қорының есеп-шотына жіберілді. Бұл келген қаржы қабырғаларды тұрғызуға, шатырды жабуға, инженерлі жүйе мен қондырғыларды орнатуға, коммуникацияларға қосуға, майлау жұмыстары мен ауланы көріктендіруге кететін шығындарды толығымен өтейтін болады.

Ал, біз өз кезегімізде, бөлінген қаржыны нысаналы пайдалану жөнінде есепті толығымен және уақытылы беруге серт береміз. 

Шын көңiлiмiзбен «КазРосГаз» ЖШС-нің басшылығы мен барлық қызметкерлерін осы әлеуметтік жобада белсенді ат салысқаны үшін шын жүректен тағы бір рет алғыс білдіргіміз келеді.

06.08.2012
23.05.2019
Тағы да Қызылорда…

  2012 жылы «Сәби» қоры Қызылорда қаласында туылғанынан 4 жасқа дейінгі ата-аналарынан айырылған жетімдер мен…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
12.06.2017
Қызылорда қаласының Сәби…

«Сәби» Қорының арқасында Қызылорда қаласындағы жаңадан Сәби үйі салынып толықтай жабдықтандырылды. Бұл жоба қолданысқа…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.
17.07.2014
Сәбилер үйінің тынысы

Уақыт зымырап өтіп барады. Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап "Сәби" Қорының көмегімен…

Сәбилер үйі, Қызылорда қ.