Кітап пен скрипканы қолға алып есейген өмірге аттану

Кітап пен скрипканы қолға алып есейген өмірге аттану С. Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы – «Сәби» Қорының бұрыннан келе жатқан досы. Олардың қызметі қызықты кітапсыз өмірін өткізе алмайтын, жайлы оқырман залдарында күн кешетін балалардың игілігі үшін қызмет атқарып келеді.

Алайда, бұл жер тек кітаптарымен ғана қызығушылық туғызбайды. «Бегалинде» компьютер мен интернетті меңгеруге болады және музыка тыңдап, кино көруге болады. Сонымен қатар, кітапхананың негізінде құрылған әр түрлі үйірмелер жас балғындарды шығармашылыққа әуестендіреді. Бұл жерде олар сурет салуды, мүсіндеуді, қолымен ұсақ-түйек заттарды жасауды және тағы да басқа көп нәрсеге үйренеді, а кейбіреулері болса өздерін балалар-жасөспірім театрының актері ретінде сынап та көреді.

«Сәби» Қайырымдылық Қоры аталған ұйымның әр түрлі жобаларын және бастамалырн бірнеше рет шынайы түрде қолдаған болатын, арнайы сыйлықтар мен кішкентай оқырмандарға кітаптар тапсырған.

Қазіргі кезде, біз кішкентай әртістер саханада ойнаған кезде, қойылымдарды әуенмен сүйемелдеу үшін театр үйірмесін музыкалық аспаптармен жабдықтадық. Кім біледі, бәлкім солардың біреулері үлкен шығармашылық жолына алғашқы қадамын осы жерден бастайтын да шығар.

11.09.2013
11.09.2014
Миландағы демалыс

Жетім балалар арасында футболдан өткізілген Казақстан ашық чемпионатының жеңімпаздары Алматы облыстық балалар үйінің 15…

Қордан сыйлықтар
04.09.2014
?гі жұмыстың маңыздылығы…

?рбіреуімізде киімдерімізді қайта – қайта қарап шыққан кезде киілмеген киімдер табыла қалатын күндер болып тұрады, бірақта…

Қордан сыйлықтар
16.01.2013
Жетімдер үйіне пайдалы…

Бірнеше күн бұрын № 1 алматылық жетімдер үйінің шебер қолдар үйірмесінің тәрбиеленушілері біздің Қордан перфоратор,…

Қордан сыйлықтар