«Өз ісіңді баста» финалистерімен ынтымақтастық

Сәби қоры 7 жыл бойы «Өз ісіңді баста»  атты жас кәсіпкерлерді қолдау конкурсын өткізіп келді. Осы уақыт ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен 60 жоба байқаудың демеушілерінен жалпы сомасы $1,5 миллионнан астам грант алды.

Байқау кезеңінен тыс уақытта біз лауреаттармен үнемі өзара әрекеттесуді жалғастырамыз және мүмкіндігінше олармен ынтымақтастық орнатуға тырысамыз, жарнамалық қолдау, кәсіби кеңес беру, коммерциялық тапсырыстарды орналастыру және т.б. түрінде әр түрлі көмек көрсетеміз.

Бұл жолы қордың құрылтайшылары Aqua Point және Q. Republic жобаларына қолдау көрсетті. Олар 14 таза ауыз су диспенсері және 330 стильді шопперлер мен 80 термопластикалық бөтелкелерге коммерциялық тапсырыс алды. Өнімдер 1 қыркүйекте Алматы қаласының мектеп оқушылары үшін пайдалы сыйлық болды.

Осы компанияларға табысты ынтымақтастық үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Өкінішке орай, коронавирустық пандемияға байланысты «Өз ісіңді баста» байқауы биыл өтпейтін болды. Бірақ келесі жылы ол бұрынғы қалпында немесе өзгерген түрінде қайта жалғасады деп үміттенеміз.

 

22.10.2020
27.02.2024
БҰҰ Жаһандық шартына…

"Сәби" Қоры тұрақты даму саласындағы ең ірі халықаралық бастама - Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылғанын…

Жаңалықтар
06.06.2023
Сәтті әлеуметтік…

Әсел Тасмағамбетова, эколог, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER), «Сәби» Қайырымдылық Қорының және…

Жаңалықтар
16.05.2023
Мұқан Төлебаев атындағы…

«Сәби» Қорының көп жылдар бенефициар мекемелерінің бірі – Алматы қаласындағы №5 балалар музыка мектебі болып…

Жаңалықтар