2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске қосты. Аталған…
Бүгін «Сәби» Қоры Семейде робототехника орталығын ашты. Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық сарайының негізінде барлық қала балалары үшін ең инновациялық құрал-жабдықтары бар жаңа заманауи сынып жұмыс істейтін болады.
Ресми шараға «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова, қордың тең құрылтайшысы Кеңес Рақышев, сондай-ақ Абай өңірінің әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысты.
Бұл Қор Қазақстандағы білім беру ұйымдарын қолдау бағдарламасы аясында ашқан үшінші Орталық. Алдыңғы кездері Алматыда №174 мектеп-гимназиясы мен Петропавлдағы №7 мектепте жаңа робототехника кабинеттері ашылды. Барлық орталықтар балалар үшін тегін жұмыс істейді.
«Market Research Future мәліметтері бойынша, жаһандық робототехника нарығы жыл сайын 22,8% өседі және 2030 жылға қарай 214,68 миллиард долларға жетеді деп күтілуде. «Сәби» қоры 20 жылдан астам Қазақстанның облыс қалаларында қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып келеді және бізде қаншама дарынды балалар мен талантты ұстаздар бар екенін көріп отырмыз. Бұл Робототехника орталықтары сұранысқа ие болып, жоба жақсы нәтиже береді деуге негіз береді», – деп өз ойымен Әсел Тасмағамбетова бөлісті.
Абай облысын әкімі Нұрлан Ұранхаев балаларды жаңа технологияға тартудың маңыздылығын атап өтті: «Меценаттардың осындай қолдауының арқасында көптеген балалар ғылыми-техникалық салада, инновациялық индустрияда білім алуға мүмкіндік алды. Семейде жаңа цифрлық орталықтың ашылуы облысымыздың балалары үшін өзекті және дер кезінде көрсетілген қолдау болып отыр, өйткені робототехника – болашақтың ең перспективалы бағыттарының бірі. Біз балаларға жаңа білім алуға және өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін барлық жобалар бойынша ынтымақтасуға қуаныштымыз және дайынбыз».
Семей қаласындағы орталық заманауи интерактивті технологиялармен, «Интернет заттары», «Амперка», «Матрёшка» атты оқу жинақтарымен, Lego, ArduOne базалық және ресурстық жинақтарымен, 3D принтерімен, датчиктермен, роботтармен, құрастырушылармен және 1-11 сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған басқа да инновациялық жабдықтармен толықтырылған. Сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа эргономикалық жиһаздар орнатылды.
Жобаның жалпы ауданы - 75 шаршы метр, құны 27 000 000 теңгені құрады.
2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске қосты. Аталған…
Біздің қор қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» атты жаңа жобасы аясында Алматының…
Құрметті достар, әріптестер және «Сәби» Қорының серіктестері! Қорымыздың құрылғанына 21 жыл толуына орай, біз қазақ…