Samal Water «Сәби» Қорымен бірлескен қайырымдылық акциясын бастайды

Отандық Samal Water ауыз су бренді «Сәби» Қорымен бірлесіп, Ақтау қаласынан шұғыл медициналық көмек көрсететін балалар хирургиясын салуға қайырымдылық акциясын іске асырмақ. Құтыдағы әрбір су бөтелкесі мен балаларға арналған Samal суын сату арқылы отандық өнім Қордың пайдасына бес теңгеден аударатын болады.

Акция 1 наурызда басталып, 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады. Қаражат жинау туралы мәліметтер «Сәби» Қоры мен «Samal» брендінің ресми сайттарында жарияланады.

Аталмыш акцияға қатысу арқылы әрбір қазақстандық «Сәби» Қорының Қазақстан өңірлерінде шұғыл медициналық көмек көрсететін балалар хирургиясы бөлімшелерін салуға республикамыздағы теңдессіз жобаның іске асуына өз үлестерін қоса алады. Бүгінде бұл еліміздегі ең бірегей әрі танымал қайырымдылық жобаларының бірі болып табылады.

«Samal» су өндіру зауытының директоры Артем Таранов: «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасына кез келген адам қатыса алады. Су сатып ала отырып, сіз еліміздегі балалардың өмірінің өзгеруіне өз үлестеріңізді қоса аласыздар. Біз біріккенде ғана, балаларымыздың өмір сүру сапасын жақсарта аламыз».

  «Сәби»  Қорының негізін қалаушысы әрі президенті Әсел Тасмағамбетова: «Аталмыш акция бойынша қайырымдылықты барынша қолжетімді етуге тырысамыз. Өйткені бұл жоба үлкен іске атсалысқысы келетін, бірақ өз қаражатына күмәнданатын әрбір адамға арналған. Шындығында 500, 50, тіпті 5 теңге де біз үшін маңызды, өйткені бірігу арқылы біз өмірді жақсы жаққа өзгертетін маңызды сомаларды жинай аламыз. Қайырымдылық ерекше нәрсе болмауы керек, бұл әр адамға мүмкіндігінше көмектесудің қалыпты қажеттілігі. Біздің ел үшін тиімді, саналы қайырымдылыққа апаратын жол енді ғана басталды және корпоративті сектордың, мысалы, Samal Water сияқты ірі компаниялардың қосылуы - бұл әлеуметтік жауапкершілік әркімнің қалыпты жағдайға айналатындығын көрсететін үрдіс».

Сәби Қоры «шұғыл балалар хирургиясы» жобасын 2018 жылы медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іске қосқан болатын. Қор алғашқы хирургиялық блокты 2019 жылдың мамыр айында Алматы қаласында ашты. Екіншісі-2020 жылдың қаңтарында Семей қаласындағы университеттік госпиталь базасында жүзеге асырды. Екі бірдей объектіге жұмсалған қаражаттың жалпы сомасы 422 000 000 теңгені құрады. Ашық операциялық бөлімшелер барлық қажетті деген заманауи стандарттарға сай жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылған, әрі кәсіби хирургиялық көмек көрсетудің қолжетімділігін едәуір арттыра отырып, дер кезінде сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Ақтау қаласында шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ұйымдастыру бойынша қызу жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта хирургия құрылысы кезек күтіп тұрған – Петропавл қаласы. Республика көлемінде кем дегенде 5 өңірді  қамту көзделіп отыр.

15.03.2021
21.11.2024
Балалар дәрігерлерінің…

2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…

Медициналық жоба
27.05.2024
Семей қаласына арналған…

Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…

Медициналық жоба
19.03.2024
Петропавл қаласына…

Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…

Медициналық жоба