Алматы қаласындағы SOS балалар ауылының 12-ші үйінде жөндеу жұмыстары басталды

Биыл «Сәби» қорының ірі құрылыс нысандарының бірі – Алматы қаласының Балалар ауылындағы SOS отбасылық үйлерін жөндеу жұмыстары аяқтауға жақындап қалды. Біз 2019 жылдан бері ауылдағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын 11 коттеджді жөндеуден өткіздік.  Мекемедегі жалпы тәрбиеленушілер саны 90 адамнан асады.

Біз соңғы 12-ші үйді қалпына келтіру жұмыстарын бастадық. Бұрынғылардың барлығы сияқты мұнда да жылу жүйесі, су құбыры мен кәріздің инженерлік желілері толық ауыстырылып, қасбет, үйдің айналасындағы төсеніш пен шатырдың кейбір элементтері жаңартылып, күрделі жөндеу жүргізіледі. Үй-жайға жоғары сапалы дизайнерлік жөндеу жүргізіледі. Тапсырыс бойынша ас үй жиынтықтары мен жиһаздар жасалады, жаңа тұрмыстық техникалар алынады.

Жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

Еске салайық, Қазақстанның SOS балалар ауылдары 25 жылдан астам уақыт бойы балалардың мүдделерін, құқықтары мен қажеттіліктерін қорғап келе жатқан үкіметтік емес қоғамдық ұйым. Ұйымның басты назары отбасынсыз, ата-анасының қамқорлығынсыз және қадағалауынсыз қалған балаларға, сондай-ақ жағдайы төмен отбасыларға бағытталған.

05.10.2022
27.12.2023
«Сәби» қоры Астанада…

Білім беру бағыты «Сәби» қорының қызметіндегі ең өзекті бағыттардың бірі болды және болып қала береді. Осы бағыттағы 21…

«Өркендеу» құрылыс жобасы
16.06.2023
«Балдәурен» орталығын…

Өз қызметінің басынан бастап және 20 жыл бойы «Сәби» қоры бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік мекемелерді салумен,…

«Өркендеу» құрылыс жобасы
16.03.2023
Алматыдағы SOS балалар…

«Сәби» Қоры Алматыдағы SOS балалар ауылының үйлеріне жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталды. Осы…

«Өркендеу» құрылыс жобасы