2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
№2 қалалық Балалар клиникалық емханасы базасындағы шұғыл хирургия бөлімін ұйымдастыру бойынша жұмыстар барынша қарқынды жүруде. Дайындық және бөлшектеу жұмыстары аяқталған, қабырғалар мен қалқаларға монтаж жүргізілген, бетондық жұмыстар аяқталған, электр желісін, жылыту мен желдету жүйелерін жүргізу жұмыстары орындалған. Қазіргі уақытта медициналық газдарды беру үшін құбырларды монтаждау жүргізілуде. Таяуда біз ғимараттардың тазалығын қамтамасыз етуші гальванизирленген болаттан қабырға панелдерін орнатуға кірісеміз.
«Сәби» Қоры құрылыс жұмыстарынан бөлек, қайта құрылған бөлімдерде дәстүрлі хирургиялық оталармен қатар кіші науқастарға тез емделу мен сауығуды қамтамасыз етуші аз инвазивтік араласуларды жүргізуге мүмкіндік беретін жап-жаңа лапароскопиялық жабдықты сатып алу үшін қажетті қосымша қаржыларды жинаумен айналысуда.
Ағымдағы балалар хирургиясы жедел көмекке зәру балалардың артқан жоғары ағынына әрең төтеп беруде. Жаңа жоғары технологиялы ота жасау блогы оларға уақытылы әрі сапалы емдеуді ұсына алады.
* Иллюстрациялық фото
2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…