"Өз бизнесіңді баста" сайысы туралы

Алғашында тәуекел деп бастаған шағын ғана стартаптар сайысы бүгінгі күні - 5 жылдығын атап отырған еліміздің жас кәсіпкерлерін қолдау жобасына айналғаны таңғаларлық дүние! 40-тан  астам қатысушы 1 млн. доллардан астам сомаға өтеусіз қаржы гранттарды алып өз бизнес-идеяларын жүзеге асырды.

Өтеусіз гранттар тарату дұрыс емес және олар кәсіпкерлерді қатты босаңсытады деген арамызда пікірлер де бар. Ондайда мүмкін. Бірақ, елімізде бар-жоғы 20-25 жыл бойы бизнесті бастап отырған адамдар қоғамдастығы  жас екендігін ескере отырсақ,  сондай-ақ аса үлкен бәсекелестікті елесек, қазіргі таңда күнделікті күйбең тіршілікпен айналысқан көп адамдар үшін өз ісін ашу іске аспайтын дүние болып көрінеді. Осы жағдайларда біздің "Өз бизнесіңді баста" конкурсымыз осы заманда сирек кездесетін қолдау да, құптау да болып табылады. 

                                  

Бес жыл бойы мен әр-түрлі конкурс қатысушылармен араласып бір маңызды жайт байқадым: көптеген адамның ұжымдық санасында ғаламдық өзгерістер орын алып отыр, «сүйікті іспен айналасып аса көп ақша таба алмайсың» деген ескі ұстаным санамыздан жойылып келе жатыр екен. Жаңа буын кәсіпкерлердің басты мақсаты – ол тек жергілікті нарықты көздеп қана қоймай, өз идеясының, өз ісінің табысына сеніп, алдына қойған зор жоспарларын орындауға шексіз мүмкіндік алу болып табылады. Осылардың барлығы әрқайсысының жеке табысқа жетудегі ең басты кілті болып саналады.  

 

Бизнестің болашағы - қоғамның әр-түрлі топтарының және экономикалық субъектілерінің ауқымды қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын ұжымдық жобаларда, мұнда әркім алдын ала келісім арқылы өз үлесін ала алады. Сондықтан біздің конкурсымыз тек жоғарғы технологиялық салаларды қолдаумен ғана шектелмейді. Біз өндірістік және ауыл шаруашылық жобаларды, экологиялық, медициналық, білім беру және қызмет көрсету саласындағы жобаларды дамытып отырмыз.

 

Тағы бір айрықша атап өткім келіп отырғаны - ол біздің сайысымызда мүмкіндігі шектеулі адамдардың белсенді қатысуы мені өте қуантуда. Дәрігерлердің шешімдеріне қарамастан, олардың өз-өзіне рух беріп, табандылық танытып, өмірге сүйіспеншілігін жоғалпай,  қоғамға пайда әкеле тұра, күнделікті тіршілігіне қаражат табу ұмтылысы баршамыздың аса құрметін тудырады.

 

Жеке өзім үшін конкурс ерекше және қызықты идеялармен бірге көптеген көзі ашық, көкірегі ояу тұлғалардың  әлемін ашады. Сонымен қатар қазіргі қоғамның қажеттіліктерімен бірге жүйедегі айқын кемшіліктер де тым анық байқалады, оны да жас кәсіпкерлер өз жобаларымен толықтыруға барынша тырысуда.

 

Кез-келген көмек заман ағымына сәйкес болып, тиісті адамына табысталу керек екеніне   сенемін, - дәл сол үшін осындай конкурстар өткізіледі. Ал танымайтын адамдарға қомақты соманы сыйға тарту фактісі оларға деген аса жоғары сенім дәрежесін және олардың жобаларының немесе бизнес-идеяларының болашағына сенімімізді білдіреді. Конкурс қатысушыларына тек бір ғана өтінішім бар - бізді көңілімізді қалдырмай, үмітімізді жоққа шығармауды сұраймын!

 

 

28.02.2018
14.06.2022
«Сәби» Қорының президенті…

«Қадыр атамыздың кезінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бізге өз аманатын айтып кеткен…

Блог
21.04.2022
"СӘБИ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНА…

Әсел Тасмағамбетова, «Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті:   Қайырымдылық істер жайлы «Бүгін, өмірімнің…

Блог
06.04.2021
Медициналық мекемелердің…

2002 жылы «Сәби» қоры құрылғаннан бастап, медицина әрдайым ең басты орында тұрды және солай болып қала береді де.…

Блог