Білім беру бағдарламасының жаңалықтары

     Сіздермен «Сәби» қорының білім беру бағдарламасының жағымды жаңалығымен бөліскіміз келеді. Математика пәні бойынша біздің курсымызға бірнеше жылдар бойы үздіксіз қатысқан үш түлек ҰБТ-ді сәтті тапсырып, Қазақстанның ЖОО-ның білім гранттарын иеленді. Бейіндік пән ретінде балалар «Физика» және «Математика» пәндерін таңдаған болатын, емтихандарды ойдағыдай тапсырып, өздері қалаған техникалық мамандыққа оқуға түсті.

     Сондай-ақ ағымдағы жылдың наурыз айында «Сәби» қоры, Алматы қаласындағы SOS балалар ауылының екі тәрбиеленушісін «Арыстан» мамандандырылған әскери лицейіне оқуға түсу үшін физика және математика пәндері бойынша қарқынды дайындау курстарына қабылдады. Аталған оқу орнына түсу айтарлықтай қиын, себебі ол жерде қатаң конкурстық іріктеуден өту қажет. Төрт ай бойы сабаққа тұрақты қатысу, оқытушы мен оқушы тараптарынан барынша күшті салу өз нәтижесін көрсетті. Тамыз айында балалар қабылдау емтихандарын сәтті тапсырып, лицейге қабылданды. Біз балалар үшін өте қуаныштымыз!

     Бұдан басқа, Алматы қаласындағы SOS балалар ауылында тұрып жатқан жиырма бала, сонымен қатар, бітіруші сыныптың түлектері үшін кәсіби бағдар бойынша тестілеу жұмыстары өткізілді. Тест оқушыларға өз бейімділіктерін анықтауға және болашақ мамандықты таңдауға батыл сеніммен кірісуге мүмкіндік береді.

16.08.2019
18.07.2023
Сәби оқулары жобасы туралы

Біздің қор қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» атты жаңа жобасы аясында Алматының…

«Білім беру» бағдарламасы
16.06.2023
«Сәби оқулары» жобасы

Құрметті достар, әріптестер және «Сәби» Қорының серіктестері! Қорымыздың құрылғанына 21 жыл толуына орай, біз қазақ…

«Білім беру» бағдарламасы
12.05.2023
Орал қаласы үшін…

2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны бастады, оның…

«Білім беру» бағдарламасы