2002 жылы қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев және эколог Әсел Тасмағамбетова құрған «Сәби» қайырымдылық қоры су…
«Сәби» қоры 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ол Қазақстандағы қайырымдылық қозғалысының бастауында тұрды, сонымен қатар елімізде қоғамдық краудфандингті дамытқан алғашқылардың бірі болып табылады.
Краудфандинг кез келген адамға белгілі бір жобаны жүзеге асыру үшін кез келген соманы беру арқылы қосылуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта донорлықтың бұл түрі дамыған елдерде кеңінен таралған. Ұжымдық алымдар маңызды болуы мүмкін және мұқтаж адамдарға көмектесуден бастап, стартаптар мен саяси науқандарды қаржыландыруға дейін әртүрлі мақсаттарға қызмет етеді.
Біз қайырымдылыққа қатысқысы келетін адамның осындай мүмкіндігі болуы тиіс деп санаймыз, сондықтан филантроптар үшін қайырымдылықтың алуан түрлі тәсілдерін әзірледік және әрбір теңгені алғыспен қабылдаймыз.
Біздің жобаларымызға қатысуға байланысты ұсыныстармен жеке компаниялар немесе блогерлер жиі хабарласады, олар өз оқырмандарымен бірге қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырады. Біз бізге артылған сенім үшін алғысымызды білдіреміз және ең ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырамыз. Атап айтқанда, "Шұғыл балалар хирургиясы" жобасына мыңдаған қазақстандық, жай ғана, бір науқандық бөтелке ауыз суын сатып алу арқылы қатысты.
Сондай-ақ, сәтті фандрайзингтің керемет үлгісі ретінде жақында "Мен сенімен біргемін" (балалар хосписі) балаларға паллиативті көмек көрсету орталығының қажеттіліктері үшін қаражат жинау болды. Орталық бірнеше жыл бойы "Сәби" Қорының бенефициары болып табылады. Біз мекемеге жан-жақты қолдау көрсеттік, бүгінде оның қамқорлығында Алматы мен Алматы облысында тұратын 289 бала бар.
Әйгілі блогерлер Бейбит Алибеков пен Алишер Еликбаевтың қайырымдылыққа мүмкіндігінше көп қазақстандықтар қатыса алуы үшін өздерінің әлеуметтік желілерінде қаражат жинау жайында хабарлағанда, біз дәл осы хосписке көмектесуді ұсындық. Қысқа уақыт ішінде блогерлердің достары мен оқырмандары 25 831 544 теңге көлемінде қомақты қаражат жинады. Бұл науқанды кәсіпкерлер Максим Сарсенов, Руслан Идрисов және Еркин Длимбетов қолдады. Өз жазылмандарымен бірге олар 21 626 000 теңге жинады.
Хосписке арнап жиналған аталған қаражатқа шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған реанимобиль және қажетті медициналық жабдықтар сатып алынды. Жуырда олардың мекемеге ресми тапсырылуы өтеді.
Біз қайырымдылық жиындарына қатысып, мұқтаждардың игілігі үшін өз ақшаларын құрбан еткендердің барлығына, сондай-ақ біздің Қорды таңдаған кездегі артқан сеніміңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!
2002 жылы қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев және эколог Әсел Тасмағамбетова құрған «Сәби» қайырымдылық қоры су…
«Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығында кәсіби музыкалық студия ашылды. Оның ашылуына ағымдағы жылдың…
«Qara» студиясы мен «Сәби» қорының «Мейірімді бол» қайырымдылық акциясына атсалысқан барша жандарға…