Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
«Сәби» қоры өзінің шотына жеке тұлғалардан келіп түскен жарналарлың арқасында тағы бірнеше бенефициарларға қолдау көрсетті.
Олардың арасында Алматы қаласының әлеуметтік мекемелерінің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығының тәрбиеленушісі - Ринат Садықов бар. Қор жас жігітке университетте қашықтықтан оқытуға арналған ноутбук сатып алып, сыйға тартты.
Үшінші курстың студенті - Ерасыл Амантай - арбамен жүретін мүгедек, біз оған өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін арнайы жабдықтар мен тұрмыстық техника сатып алуға көмектестік.
Үшінші бенефициар, қымбат «Сабрил» дәрі-дәрмегін сатып алған және сыйға тартқан, алты жасар бала Тамерлан болды.
Үлкен ағалармен бірге тоғыз жасар Айзере қолдауға ие болды – жас қызға Санкт-Петербургте В.А. Алмазов атындағы клиникада медициналық тексеруден өту үшін барлық қаражаттар төленді.
Біздің қорға қайырымдылық жасайтындардың барлығына зор алғысымызды білдіреміз. Мейірімділігіңіз бен жомарттығыңыз екі еселенсін. Рақмет сіздерге!
Достар, біз сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында көрсеткен атаулы көмек туралы есеппен бөліскіміз…
"Сәби" Қоры өзінің медициналық жобасы шеңберінде Түркістан қаласындағы "Үміт ұясы" оңалту орталығына арнап…
Негізгі жобалар мен мақсаттардан бөлек, біздің Қор өмірлік қиын жағдайға тап болған - ауыр сырқаттар мен мүгедектікке…