Білім беру бағыты «Сәби» қорының қызметіндегі ең өзекті бағыттардың бірі болды және болып қала береді. Осы бағыттағы 21…
Жақында «Сәби» қоры Алматы қаласындағы Балалар ауылының SOS үйінің бірінде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жұмыстар сәуір айының ортасында басталып, 2 айға созылды.
Бір отбасының тұруына арналған 150 шаршы метрлік коттеджі айтарлықтай өзгерді: жылыту жүйесі, жылу нысандарының жабдықтары батареялар мен радиаторларды, су құбыры мен кәріздің ішкі және сыртқы инженерлік желілері айырбастау толығымен жаңаланып, жаңа сантехника орнатылды. Барлық бөлмелерде тұсқағаздар ілініп боялды, линолеум,кафель, есіктер, шамдар ауыстырылып, терезелер қалпына келтірілді. Ғимараттың қасбеті жаңартылып, үй айналасында жаңа жол төселді. Тапсырыспен арнайы кіреберіс пен ас үйде жиһаз жасалды. Сондай-ақ ас үйге жаңа техника сатып алынды.
Ауылдағы коттедждер 1997 жылы австриялық технология бойынша салынғанын және сол уақыттан бері үй-жайларда күрделі жөндеу жүргізілмегенін атап өткен жөн. «Сәби» қоры да жұмысымыздың нәтижесі көп жылдар бойы сақталуы үшін, бұл мәселеге өте көп көңіл бөлді. Біз барлық жұмыстарды жоғары деңгейде аяқтадық және келесі үйді жөндеуді бастадық.
SOS Балалар ауылы - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұзақ мерзімді тәрбиелеудің отбасылық үлгісі. Алматыдағы балалар ауылы 10 отбасылық үйлер тұрады. Әр отбасыда 6-8 баладан, түрлі жастағы ұл-қыздар тұрады.
Білім беру бағыты «Сәби» қорының қызметіндегі ең өзекті бағыттардың бірі болды және болып қала береді. Осы бағыттағы 21…
Өз қызметінің басынан бастап және 20 жыл бойы «Сәби» қоры бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік мекемелерді салумен,…
«Сәби» Қоры Алматыдағы SOS балалар ауылының үйлеріне жөндеу жұмыстарын аяқтады. Жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталды. Осы…