2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске қосты. Аталған…
Бүгін Петропавлдағы №7 орта мектепте робототехника кабинетінің ресми ашылуы өтті. Бұл «Сәби» қорының Қазақстан Республикасында STEM білім беруді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырып жатқан екінші нысаны. 2021 жылдың қазан айында Алматыдағы №174 мектепте робототехниканың бірінші қабинеті ашылды.
Қор бұрынғы ойын залын толығымен қайта жөндеуден өткізді: ағаш еденның орнына бетон еден құйылып үстіне төзімді линолеум жабылды, терезелер қалпына келтірілді, қабырғалар безендірілді, жаңа есіктер орнатылды, электрмен жабдықтау және жарықтандыру жүйесі толығымен жаңаланды.
Сынып ең заманауи интерактивті технологиялармен, «Интернет заттары» оқу жинақтарымен, Лего, «Амперка», «Матрёшка», 3D принтер, ұшқышсыз ұшатын аппарат, датчиктер, роботтар, конструкторлар және 1-ден 11-ге дейінгі мектеп оқушыларына арналған басқа да инновациялық жабдықтармен жабдықталған. Жаңа эргономикалық жиһаздар орнатылды.
Жөндеу жұмыстарының жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайды. Жобаның құны 30 млн теңгені құрады.
Жөндеу және жабдықтаумен қатар, қаланың бірнеше мектептеріндегі информатика мұғалімдеріне жаңа құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, «Робототехника» пәні бойынша арнайы оқыту шеберлік сабағы өткізілді.
Мұндай сыныптардың өңірлерде ашылуы оқушыларға робототехниканың қызықты әлеміне ену арқылы заманауи жоғары технологиялар әлемінде еркін шарлауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
2021 жылы "Сәби" Қоры Қазақстан өңірлерінде робототехника орталықтарын ұйымдастыру жөніндегі жобаны іске қосты. Аталған…
Біздің қор қазақ тіліндегі балалар әдебиетін насихаттауға арналған «Сәби оқулары» атты жаңа жобасы аясында Алматының…
Құрметті достар, әріптестер және «Сәби» Қорының серіктестері! Қорымыздың құрылғанына 21 жыл толуына орай, біз қазақ…