Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…
Өткен жылдың қараша айында «Сәби» Қорымен іске асырылған, балалар үйлерінің бітірушілеріне арналған психологиялық түзету және әлеуметтік бейімделу бағдарламасы аяқталды. Қамқорлығымыздағы үш балалар үйлерінде, алты ай бойы теоретикалық және тәжірибелік жаттығулары жүргізіліп, жақсы нәтижеге жетіп отырмыз. Балалар аса ынталық пен талпыныс көрсетіп, үй шаруашылығын жүргізу, тұрғын-жай орындарын іздестіру, сәтті қарым-қатынастану, кәсіптік бейімделу, жұмысқа тұру және тағы да басқа өз бетімен өмір сүруге қажетті машықтану жаттығуларын толық көлемде игерді.
Мемлекет қамқорлығында болған балалар, есейген кездегі болашақ өміріне аса мән бермейтіні көпшілігімізге мәлім. Психологиялық түзету бағдарламасында қызмет атқарған, кәсіби психолог: «... бітірушілердің көпшілігі, әсіресе балалар үйінде 3-4 жылдан аса болған балалар, күнделікті тіршілік өмірге немқұрайлықпен қарайды. Өзіне өзі қызмет етуге қарапайым икемі де болмай жатады. Ал кейбір жағдайларда әлеуметтік жарым-жартылай мүгедектік болып жатыр», — деп атап өтті.
Психологиялық жаттығулар балаларға жан-дүниесін ашып, сырттай өздерін сынақтан өткізіп, өз мүмкіншіліктеріне баға беріп, болашақ өмірін ойластырып және өздігінен шешім қабылдап үйренуге өз септігін тигізді, бұл біздің бағдарламамыздың басты идеясы болған еді.
Психолог маманының берген сұхбатын біздің сайтымыздың беттерінде жуық арада оқыңыз.
Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…
Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай…
Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде…