«Сәби» қайырымдылық қоры 2010 жыл

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі: атқарылған жұмысқа талдау жүргізудің, жетістіктерін санау және кемшіліктерін қорытындылау уақыты.
Сол сияқты «Сәби» қоры да жаңа жылдық мейрамдар қарсаңында өзінің жыл бойғы қызметін жеке-жеке қадам бойынша талдауда. Ал атқарылған шаруа аз емес: есептік жылы біз қабылданған және бекітілген тұрақты жобалар бойынша өз жұмысымызды жалғастырып, сондай-ақ жаңа бағдарламаларды әзірлеп және соларды жүзеге асыруға кірістік.

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы ұйымымыздың қызметінде негізгі орындардың бірін алады. 2008 жылы басталып және биылғы жылы қызу түрде жалғасқан ол еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын мүмкіндігі шектеулі мыңдаған адамға емін-еркін қозғалуға мүмкіндік берді.
2010 жылы мамандандырылған 17 «инватакси» автокөлігі сатып алынып жеті қаланың мүгедектер қоғамына берілген болатын. Тағы алты автокөлік қазіргі уақытта Германиядағы жасаушы зауытта қайта жабдықтаудан өтуде және, Алматыға келіп түсуіне қарай олар да үлестірілетін болады. Осылайша, жоба бойынша машиналардың жалпы саны 41 бірлікті құрады, оларды 12 аймақ пайдалана бастаған.

Жобаның сәтті сәтті түрде жүзеге асырылуы биылғы жылы біздің арнайы автокөлігіміздің қатысуымен мүгедектерге арнап туристік сапарларды ұйымдастыру жөніндегі 2-айлық акцияны өткізуге мүмкіндік берді. Оңтүстік астанамызда арнайы қозғалыс бағдарлары әзірленіп, солар бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдар «инватаксиге» отырып өздерінің өмірінде мүмкін алғаш рет те болар қаладағы әдемі орындарды, сәулеттік ғимараттар мен қаламыздың көрнекі жерлерін көру мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ, тәжірибемен алмасу мақсатында «Сәби» қоры Қазақстанның Мүгедектер ұйымдары одағы төрағасының Жапонияға сапарын қаржыландырды, мұнда ол жоғары дамыған елдегі қоғамдық бірлестіктердің әлеуметтік саладағы жұмыс істеу принциптерімен танысты.

Білім беру жобасы

«Сәби» қоры үшін ерекше маңызды болып келетін білім беру жобасы биылғы жылы жаңа кезеңдермен толықты: қамқорлыққа алынған балалар әлеуметтік мекемелері түлектерінің сәтті түрде бейімделуі үшін оларға арнап жоғары білікті машықтанушы психологпен тұлғаны психологиялық түзету бойынша 7 айлық тренингілер, сондай-ақ қалалық дайындау орталығында БҰТ-ға жартыжылдық даярлау ұйымдастырылды. Барлығы сабақтармен 70 бала қамтылған.

Сонымен қатар дәстүрге айналған кәсіптік бейімделу бойынша екі кезеңдік компьютерлік тестілеу одан әрі жалғасты. Биылғы жылы тестілеуден 100 тыңдаушы өтті.
Сонымен қатар, жоғары және орта оқу мекемелеріне арналған білім беру гранттарына Қазақстанның 4 аймағы бойынша 8 балалар үйі мен интернатының 36 түлегі ие болды.

Спорттық жоба

Қорымыз өзінің шеңберінде балалар әлеуметтік мекемелерінде спорт және ойын алаңшаларын салып жатқан спорттық жоба биылғы жылы үш объектімен толықты.
Сәбиден «Шымбұлақ» балалар туберкулезге қарсы санаториінің пациенттері үлкен ойын алаңшасын сыйға алды: енді көптеген ай бойы ем алып жатқан балалардың таза ауада сырғанақ теуіп, әткеншекке отырып, турниктер мен шеңберлерде ойнап денсаулығын жақсартуға мүмкіндігі туды.

Тура осындай сыйлық Қаскелең қ. мектеп-интернатының кішкентай тәрбиеленушілеріне ұсынылды, ал осы мекеменің жасы ересектеу балалары футбол, волейбол, баскетбол ойнайтын көп салалы спорт алаңшасына ие болды, ал қыс кезінде арнайы жабынның бетінен мұз айдынын жасап мәнерлеп сырғанаумен айналысып және хоккей ойнауға болады.

Айта кететіні, Біздің қорымыз тек қана құрылыспен айналысумен шектелмейді – бізді спорттық нысандардың алдағы уақыттағы тағдыры, олардың жоба шеңберінде арналуы бойынша пайдаланылуы да алаңдатады. Осы мақсатта салынған алаңшаларда тәрбиеленушілердің спорттың әр түрі бойынша жоғары білікті жаттықтырушылармен сабақтары ұйымдастырылған. ?зірше екі – Алматыдағы №2 және Облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері кәсіпқойлармен жаттықтыру сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болуда. Бұдан арғы уақытта нәтижесі оң болған жағдайда бұл жұмыс өзге мекемелерде де жалғаспақ.

Медициналық жоба

Қордың медициналық жобасы да қызу жұмысымен ерекшеленді.
«Сәби» қоры Алматы қ. №7 қалалық клиникалық ауруханасының ?НСО-2 нейро-инсульттік бөлімшесін қамқорлыққа алуын одан әрі жалғастыды. Компьютердік сауаттылық курстарында оқыған 12 медбикеге тағы 7-уі қосылды. Сөйтіп, 19 кіші медицина қызметкері Қордың әрекеттерінің арқасында өзінің біліктілігін көтерді.
Оған қоса, бөлімшеге арнап науқастар үшін сондай қажет болып табылатын дененің ойылуына қарсы матрацтарды жасауға арналған арнайы поролондық материал сатылып алынды.

Аса маңызды шараға ?НСО-2 негізінде Алматыда және тұтастай Қазақстан бойынша жалғыз инсульттік науқастарды оқытуға арналған сыныпты жабдықтау мен жарақтандыру ісі айналды, оның дау тудырмайтын маңыздылығына қаламыздың денсаулық сақтау департаментінің басшылары, сондай-ақ ТМД елдеріндегі әріптестеріміз баға берді.

Қордың медициналық бағыттағы қызметінің тағы бір нысанына Алматы облысындағы Қарақастек ауылының Нәрестелер үйі айналды, оның кішкентай тәрбиеленушілеріне арнап физиокабинетті жабдықтауға арналған терапевтикалық жабдық сатылып алынды.

Арнаулы көмек ұйымымыздың негізгі ісі болып табылмаса да, жыл сайын біз өздерінде көмек қолын беруден бас тарту мүмкін болмайтын шұғыл жағдайларға кез болып отырамыз. Биыл сондай қиын жағдайға біздің елімізде емделмейтін «миастенияның генералданған формасы» деген өте сирек аурумен ауыратын алматылық Ольга деген қыз тап болды. «Сәби» жәрдем көрсетіп пациенттің Мәскеудегі операциясы мен содан кейінгі оңалуының ақысын төлеп берді.

Біздің дарынды жастарымыз – Дарынды жастарға қолдау көрсетуге арналған «?лем» бағдарламасы

«Біздің дарынды жастарымыз» жобасы биылғы жылы сапасы тұрғысынан елеулі өзгерістерге ұшырады. Біз өздеріне тиісті көмек көрсетілген жағдайда аса жағымды перспективалары бар және дарынына сәйкес салаларда нағыз биіктіктерге қол жеткізе алатын жас дарынды балалардың елеусіз қалу мәселесіне аса көңіл қоюмен қарадық. Соны түсіне отырып біз жауапты миссияны – шын мәнінде қолдауды қажет ететін балаларға демеу беру миссиясын мойнымызға жүктедік. Осы мақсатта біз

Осы мақсатта біз «?лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасын әзірледік, соның шеңберінде кез келген бала не жасөспірім өзі жайлы ақпаратты арнайы құрылған www.alemsaby.kz интернет-порталында жайғастыра алады.. ?рбір сұрату қабылданып және мұқият қаралады. Үміткердің қабілеттері мен шеберліктеріне өз саласының үздік мамандары баға береді. Шебер мамандардың түйіні шын мәнінде дарынды жастарды анықтауға мүмкіндік береді, олар үшін біз солардың ең жақсы қасиеттерін дамытып және келешекке дұрыс жол сілтеу үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаудамыз. Себебі бүгінде жас ұрпақты қолдауға кәсіби күштерімізді жұмсау – біздің ортақ ертеңімізге елеулі үлес қосуға мүмкіндіктердің бірі емес пе!

Жоба небәрі 3 ай ғана жұмыс істеп отырғанына қарамастан, алғашқы нәтижелеріміз де жоқ емес: Қазақстанның қиыр солтүстігінен біз бірегей дауысқа ие өте дарынды жас жігіт Жасұланды тауып алдық, және оның Алматыға келуін ұйымдастырдық. Тыңдау нәтижелері мен Бағдарлама сарапшыларының қорытындылары бойынша жас жігіт «Сәби» қорының Қазақ Ұлттық консерваториясында оқу грантына ие болды. Алайда барлығы мұнымен шектелмейді: Жаңа жылдың қарсаңында Жасұлан Астана ?кімінің Балына қатысатын болады, мұнда ол астанамыздың үлкен сахнасында өзінің дарынын бүкіл елімізге паш етеді.

Дарынды қазақстандықтарды іздестіру ісінде ілгері жылжумен «Сәби» қоры Қазақ тіліндегі балалар өлеңінің әдеби байқауын жариялады, оның басты наградасына жеңімпаздың ең үздік туындыларының жинағын ірі тиражбен басып шығару ісі айналмақ.

Құрылыстық қызмет

?леуметтік маңызы бар нысандарды салу және қайта жөндеу жұмысы Нүсіпбаев ат. Қазақ мектеп-интернатының асхана кешенін жөндеумен жалғасты, мұның тамақтануға және тар форматтағы мерекелік шараларды өткізуге арналған көркем суретпен безендірілген залы Кішкентай Ханзаданың еліне айналды.

Сондай-ақ, «Жанұя» мамандандырылған кешеніндегі балалар бақшасы мен асхана кешенін жөндеу мақсатында қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға арнап ақшалай қаражат бөлінген болатын.

Алайда, сөзсіз түрде, биылғы жылдың ең елеулі оқиғасына Қызылорда қаласындағы Балалар үйіне арнап замануи ғимарат салу туралы шешім айналды. Қазіргі уақытта аталмыш мекеменің 60 жетім-нәрестесі апаттық күйдегі қаңқа-қамыстық ғимаратта тұрып жатыр. Климатының ауырлығы, Арал теңізінің экологиялық апат аймағы, ауыз судың тұрақты түрде тапшылығы және, соның салдарынан жергілікті халықтың, әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығының төмен деңгейі Қорымызды осы аймаққа ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етуде. Қазіргі кезде құрылыстың үлгілік жобасы әзірленіп қойған, ендігі кезекте – жұмыстық жоба мен сметалық құжаттар тұр. Құрылыстың басталуы келесі жылдың наурыз айына жоспарлануда.

«Балаларға өмір сыйла» SMS – жобасы

Биылғы жылы "Сәби" Қайырымдылық Қоры өзінің осыдан төрт жыл бұрын бастаған бұрын-соңды болмаған "Балаларға өмір сыйла" SMS-акциясы бойынша "Мейірімділік Ерікті Қоғамы" қорымен, сондай-ақ Beeline, K-Mobile және K-Cell компанияларымен әріптестігін одан әрі жалғастыратын болады. Осы уақыт ішінде SMS – хабарламалар арқылы біздің отандастарымыз 1 500 000 АҚШ долларынан артық қаржы аударып және елімізде емделмейтін аурулармен ауыратын жуықтап алғанда 300 қазақстандық бала шетел клиникаларына барып емделу мүмкіндігіне ие болды.

Қайырымды істер

Негізгі жұмыстан басқа, бекітілген жобалар шеңберінде сондай бір ауқымды болмаса да, маңыздылығы бойынша кем түспейтін және қажетті игі істер жүргізілді.
«Сәби» Алматы облысының Қызылағаш ауылының табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарын да елеусіз қалдырмады. Біз су басудан зардап шеккендерге арнап ашылған Қорға ақшалай жарна салып қана қоймай, сонымен қатар барлық қазақстандықтарға жәрдем беру туралы шақыртуды жедел түрде жазып және сол роликті республикалық арналар бойынша көрсеттік.

Өзіне қорымыздың көп жылдан бері қамқорлық көрсетіп келе жатқан БЦС себебіне орай мүгедектікке ие Никита да назардан тыс қалып отырған жоқ. ?деттегідей, әжесі екеуіне бірнеше айдың азық-түлік қоры мен қажетті шығындарға арнап аздаған ақшалай сома берілді.

Қарақастектегі Нәрестелер үйі Қордан АҚШ-та жасалған өнеркәсіптік кір жуғыш машина мен өнеркәсіптік ет тартқышты алды. Сондай-ақ «Сәби»-дің достары мекеменің есебіне кішкентайларға жиһаз сатып алуға арнап 800 000 теңге көлемінде ақшалай сома аударды.

Бегалин ат. Балалар мемлекеттік кітапханасына біз таралымы 600 дананы құрайтын «Мен және кітап - объективте» тақырыбына арналған бүкіл Қазақстан бойынша жас оқырмандардың фотоеңбектерінің жинағын жариялауға көмектестік. Сондай-ақ, кітапханаға келетін алматылық балаларға арнап ұлттық костюмдер түрінде сыйлық жасалды, ол костюмдер театр қойылымдары үшін таптырмайтын зат.

Алматыдағы № 2 балалар үйі сыйға ойылып безендірілген павильон-күркені алды, мұнда балалар көңілді жазғы кештерін бірге өткізе алатын болады.
Ризашылдық күніне қарсы № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Қор көптеген сыйлықтар тапсырды: балалар мен қыздарға арналған спорттық киім, сөмкелер, портфельдер, ойыншықтар.

«Шымбұлақ» балалар туберкулезге қарсы санаториінің кішкентай пациенттері Жаңа жылға сыйлықтар алды: дәстүрлі қағаз қапшыққа салынған конфеттер және қыстық аксессуарлардың керемет жиынтықтары (бас киімдер, мойын орағыштар, қолғаптар).

Біздің наградалар

«Сәби» Қорының сан-салалы қызметіне бізге биылғы жылы ұсынылған наградалар арқылы лайықты баға берілгені қуантады: «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасымен «?леуметтік маңызы бар аурулармен күреске қосқан үлесі үшін» номинациясында Алматы қаласы ?кімдігінің Жыл сайынғы «Асыл Алма» Сыйлығы, Қазақстанның барлық аймақтарында «?нватакси» қызметін дамытқаны үшін «Қол жетімді көлік» номинациясында Қазақстан Мүгедектер конфедерациясының Жыл сайынғы қоғамдық «ЖанШуақ» сыйлығы, сондай-ақ, ерекше маңызды және елеулі сыйлық – қоғамның осал топтарын қолдау ісіндегі азаматтық жауапкершілігі үшін Астана әкімінің сыйлығы. Бұл наградалар – ұйымымыздың ұстанып отырған корпоративтік саясаты мен таңдаған жұмыс бағыттарының дұрыс екендігінің белгісі.



Осылайша, «Сәби» Қорының қайырымдылық көрсетушілерден демеушілік көмек ретінде алған қаражаттар Қордың концепциясы мен Жарғысына сәйкес түгелдей арналуы бойынша жұмсалды. Оқиғалар жайлы толық ақпаратты www.saby.kz сайтынан оқуға болады, ол биылғы жылы алғаш рет сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде «сөйлей бастады».

29.12.2010
28.12.2017
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

2017 жылы "Сәби" Қоры өзінің 15-жылдық мерейтойын өте ауқымды жобалармен атап өтті – Алматы қаласында жалпы білім беретін 1200…

Жалпы ақпарат
26.12.2016
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында сіздердің назарларыңызға инфографика…

Жалпы ақпарат
26.12.2014
«Сәби» Қайырымдылық қоры,…

2014 жыл «Сәби» қайырымдылық қоры үшін аралық қорытынды жасау, бұрынғы жобаларды қайта құру және жаңа межелерді анықтау жылы…

Жалпы ақпарат