«Сәби» Қорына өтініштерді қабылдау және қарастыру мерзімдері

«Спорт» «Өркендеу»«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобаларына келесі жылы қатысуға өтініштер үстіміздегі жылда қабылданады. Ары қарай өтініштер қарастыру және келесі жылдың бюджеті үстіміздегі жылдың қараша айында бекітіледі. Өтініш (егер де ол мақұданған болса) келесі жылы жүзеге асырылады. 

«Білім беру» жобасы бойынша ниет білдірушілерден өтініштер үстіміздегі жылдың сәуір айында қабылданады. Ары қарай өтініштер қарастыру және қатысушылардың саны үстіміздегі жылдың мамыр айында бекітіледі. Оқу гранттары бойынша төлем ақы үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап семестр сайын төленеді (егер де қатысушылардың оқу орындарына өздігінен түскен жағдайында). 

«?лем» Бағдарламы бойынша түйіндемер жыл бойы қабылданады. Түйіндемелерді қарастыру және қатысушылардың санын бекіту өтінішті алғаннан кейін 1 ай көлемінде жалғасады. Оқу гранттарын ұтып алған жағдайда, төлем ақы үстіміздегі жылдың тамыз айынан бастап семестр сайын төленеді (егер де қатысушылардың оқу орындарына өздігінен түскен жағдайында). 

«Медициналық» жоба бойынша өтініштер жыл бойы қабылданады. Ары қарай өтініштер қарастыру және жүзеге асыру бойынша шешім 2 апта көлемінде жалғасады. Егер оң шешім қабылдаған жағдайда, әр өтініштің жүзеге асыру мерзімі оның шұғылдығына, шығынына сонымен қатар есеп-шоттағы қаржынының толықтығына байланысты мерзім қарастырылады. 

«Жасөспірімдер» жобасы бойынша өтініштер үстіміздегі жылдың мамыр айында қабылданады. Ары қарай өтініштер қарастыру және кандидаттар саны үстіміздегі жылдың маусым айында бекітіледі. Келісім-шарттар үстіміздегі жылдың шілде айында жасалады.

27.05.2013