«Сәби» қайырымдылық қоры 2011 жыл

2011 жыл – қызметінің 9-жылдығын атап өткен және онжылдығын аяқтауға жақындап қалған «Сәби» Қайырымдылық Қоры үшін ерекше, атаулы жылға айналды. Бұл кезең бұрын бекітілген тұрақты жобалар бойынша, сондай-ақ биылғы жылы әзірленген жаңа жобалар мен бағдарламалар бойынша қауырт және нәтижелі жұмыспен ерекшеленді.
Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі уақыты, сөйтіп біз де жаңажылдық мерекелердің қарсаңында өз қызметіміздегі әрбір қадамымызды талдауға көштік.

«Жасөспірімдер» жобасы

«Жасөспірімдер» жобасын «Сәби» қоры 2011 жылы әзірлеп шығарған болатын. Бұл «пилоттық» жоба, ол балалар үйі түлектерінің әлеуметке ықпалдасу проблемаларын шешу мақсатында іске қосылған. Соның шеңберінде жетім жастарға жеңілдік шартпен тұрғын үй сатып алу жөніндегі күрделі мәселеде көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл ретте мынадай шарттың орындалып отыруы маңызды: бұл «қайырымдылық көмек беруші берді – қайырымдылық көмек алушы алды» деген дәстүрлі сұлба емес, бұл алушының тарапынан сол көмекке ие болу үшін ұзақ және қажырлы еңбек етуі. Мұндай жүйе балаларды ойлауға, көптеген жылдар бойы өз өмірін құруға деген саналы әрі жауапты тұрақты көзқарасын қалыптастыра отырып барлық күш-жігерін жұмсаумен еңбек етуге мәжбүр етеді. Тұрғын үй алуға үміткерлер бұл жасы 23-ке толған, білім алған және тұрақты жұмысы бар толық жетімдер.

2011 жылы жобаға қатысу үшін Алматы қ. Жасөспірімдер үйі түлектерінің арасынан балалар үйінің 6 түлегііріктеліп алынды. Олармен тұрғын үй-құрылыс жинақтары туралы үштараптық келісімшарттар жасалған, аталмыш келісімшарттарға сәйкес «Сәби» қоры Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне әр қатысушының атынаАлматы қаласындағы 1-бөлмелі пәтер құнының 50%-ы мөлшерінде жарна ақша салды. Бұдан арғы жинақтауларды балалардың өзі салып отыратын болады.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелермен мына жерден танысуға болады.

«?лем» дарынды жастарға қолдау жасау бағдарламасы

2010 жылы әзірленген «?лем» дарынды жастарға қолдау жасау бағдарламасы одан әрі өсіп және дамуда. Бағдарлама шеңберінде кез келген бала не жасөспірім өзі жайлы қысқаша мәліметті арнайы құрылғанwww.alemsaby.kzинтернет-порталындажайғастыра алады. ?рбір өтініш қабылданып және мұқият қаралады. Үміткердің қабілеті мен шеберлігіне өз саласының үздік мамандары баға береді. Жоғары дәрежедегі шеберлердің өзі жайлы мәліметтері шын мәнінде дарынды жастарды табуға мүмкіндік береді, біз солардың ең жақсы қасиеттерін одан әрі дамытып және келешекке бағыт-бағдар сілтеу үшін қолдан келер мүмкіндіктің барлығын жасаймыз. Себебі бүгінде өскелең ұрпақты қолдауға күш салу – бұл біздің ертеңгі ортақ болашағымызға елеулі үлес қосуға деген мүмкіндіктердің бірі!

Бағдарламаның жұмыс істей бастаған уақыты ішінде комиссиямен еліміздің 25 астам елдімекеніндегі170 астам үміткердің өтініші өңделді; Қор қызметкерлерінің жастарды «?лем» бағдарламасы жайлы хабардар етуі мақсатында 17 елдімекенге сапары ұйымдастырылды; вокал саласындағы ең жоғары кәсіпқой шеберлерде 8 баланың шығармашылық тыңдалуы ұйымдастырылды; грантты 7 бала ұтып алды, оның төртеуі жоғары оқу орындарында «Сәби» Қорының есібінен оқу мүмкіндігіне ие болды, бір жас суретшінің Алматы қ. Орталық Көрме Залындағы 2-апталық жеке көрмесі ұйымдастырылды, енді бір «әлемдік» қолданбалы өнердегі жетістіктері үшін сыйлыққа лэптоп алды, және Қордың «?лем» Бағдарламасының шеңберінде жариялағанБалалар поэтикалық байқауында1-орынды иеленген жаңадан бастап жүрген ақын басты жүлде – ноутбук ұтып алды.

Сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде Тимур Бекмамбетовтың «Базелевс» компаниясымен Сценарийлер байқауыбірлескен жобасы жүзеге асырылды, аталмыш жоба Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды сценаристерді іздеп және іріктеуге арналған; 650 хат өңдеуден өткізіліп, 132 өтініш қабылданып, 10 жартылай финалист іріктелді, 2011 жылдың шілде айында фестиваль болып өтті, ол 10 000 доллар мөлшеріндегі жүлдеге ие болып және Тимур Бекмамбетовпен бірге өз сценариі бойынша фильм түсірудің керемет мүмкіндігіне ие болған байқаудың жеңімпазын анықтады.

Алматы қ. Шахматшылар одағының жанынан жақында ашылған«Saby-Chess» балалар клубыныңжас шахматшылары да назардан тыс қалмады. «Сәби» қоры клубты спорттық керек-жарақпен, қажетті жабдықтар мен жиһазбен қамтыды: барлық FIDE талаптарына сай шахматтық үстелдер, орындықтар, фигуралар мен сағаттар сатып алынды, сондай-ақ жанкүйерлерге арналған бөлме жиһазбен жабдықталды; сөйтіп қараша айында клубта балалар-жасөспірімдердің біліктілік турниры өткізілді.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелермен мына жерден танысуға болады.

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы Қорымыздың қызметіндегі негізгі жайғасымдардың бірінде берікті орынға ие болды. Ол 2008 жылы іске қосылған және осы 3 жыл ішінде бүкіл республика бойынша ауқымды өріс алды, ол еліміздің мақтанышына айналып және соның әр аймағындағы мүмкіндігі шектеулі мыңдаған адамға салонға кіріп-түсуге арналған арнайы гидравликалық көтергіштермен жабдықталған мүгедектік креслолардың көмегімен қозғалыс еркіндігін сезінуге мүмкіндік берді десек артық айтпаспыз. Бұл ретте мұндай арбаларды қолданатын адамдарға әдеттегідей арнайы бейімделмеген автокөлікті қолданғандай олардан басқа көлік түріне ауысып отырып жатудың қажеті болмайды.

2011 жылы «инватакси» паркі қосымша 11 машинамен қамтылды, және тағы 4 автокөлік Алматыға келесі жылдың басында Германияда қайта жабдықтаудан өткеннен кейін келетін болады. Бұл машиналар жеті қаланың мүгедектер қоғамдарына арналған. Осылайша, жоба шеңберінде сатып алынған автокөліктердің жалпы саны 16 аймақта пайдалану үшін 50 бірлдікті құрады.

Өздерінің негізінде мүгедектерге біздің машиналарымызды қолданумен тегін тасымалдау қызметтері ұсынылып отырған «?нватакси» қызметтері Қордың өзге түрдегі қолдауына да ие болуда. Атап айтсақ, биылғы жылы 14 ұйымның диспетчерлік қызметтері азаматтардың тасымалдау туралы өтініштерін қабылдауды жетілдіру үшін, сондай-ақ арнайы автокөлікті пайдалану жөніндегі ай сайынғы есептілікті құрастыру ісін қарапайым ету үшін компьютерлік техникамен жабдықталған болатын.

Жобаны дамытудың келесі кезеңіне «?нватакси» көліктік қызметтерін мүгедектік арбада отырған адамның баспалдақтар бойынша қозғалуын қамтамасыз етуге арналған арнайы тасымалданатын көтергіштермен жабдықтау шаралары айналды. Қазіргі уақытта мүгедектік арбаларды қолданатын және бірінші қабаттан жоғары тұратын адамдарды баспалдақтар бойынша қолмен көтеріп шығарып-түсіріп отыруға тура келеді. Тасымалданатын көтергіштерді алғаннан кейін мұндай қиындық жоғалады, бұл мүгедектерге қызмет көрсету деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар әрбір тасымалдауға арнап есептелген уақытта едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Қайырымдылық жасаушылардан қаражаттардың келіп түсуіне қарай көтергіштермен барлық қызметтерді қамту жоспарланып отыр. Қазіргі сәтте 9 қалаға арнап жабдықтың 10 жинағы сатып алынған.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелермен мына жерден танысуға болады.

Білім беру жобасы

«Сәби» Қорының білім беру жобасы 2004 жылы іске қосылған болатын, және әрине ол тұңғыш және егжей-тегжейіне дейін әбден ойластырылған жоба ретінде біз үшін ерекше маңыздылыққа ие.
Биылғы оқу жылы білім беру жобасы шеңберінде 2010 жылы басталған балалар үйлерінің түлектерін өз бетінше өмір сүруге сәтті түрде бейімдеу мақсатында Алматы қ. үш балалар үйінің балаларымен психологиялық түзету жөнінде 7-айлық психологиялық тренингілер әрі қарай жалғасты. Семинарларды жоғары кәсіби практикалаушы психолог жүргізді, оларға68 балақатысты.

Сонымен қатар өзіміз қамқорлыққа алған балалар әлеуметтік мекемелерінің оқушылары қалалық даярлау орталығында БҰТ-ға 6-айлық даярлану сабақтарын әрі қарай жалғастырды. Практика көрсетіп отырғандай, мұндай сабақтар аса тиімді болып табылады және балалардың оқу мекемелеріне мемлекеттік грантпен түсуінің жоғары пайызын қамтамасыз етеду.

Қорымыз ұйымдастырған Ломоносов ат. ММУ кәсіптік бағдар жөніндегі бөлімшесінің Алматылық филиалының негізінде кәсіптік бағдар жөніндегі дәстүрлі екі кезеңдік компьютерлік тестілеуденбиылғы жылы Алматы қаласындағы 3 балалар үйінің 107 баласы өтті.

Және ең бастысы, «Сәби» Қорының жоғары және орта оқу мекемелерінде оқуын төлеуге арналған білім гранттарына Қазақстанның 4 аймағындағы 8 балалар үйлері мен интернаттарының 33 түлегі ие болды, ал бұрын түскендердің арасында 6 адам биыл маманның дипломын алып шықты.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелермен мына жерден танысуға болады.

«Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасы

Қорымыздың өзінің шеңберінде балалар әлеуметтік мекемелерінде спорттық және ойын алаңшалары салынып жатқан «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасы бойынша қызметі биылғы жылы ерекше жемісті болды. Биылғы жылы балалар үйлеріне, мектептер мен интернаттарға сыйға берілген спорт нысандарының саны бес есе өсіп 22-ге жетті.
Петропавл қ. №2 Түзету мектеп-интернатына арнап үлкен ойын кешенінен, әткеншектер мен орындықтары бар 12 орындық үстелдерден тұратын 150 шаршы м. КС?Л балалар алаңшасы салынды.

Тура сондай, алайда кіші жастағы тәрбиеленушілерге арналған, және спорттық жабдықтарымен толықтырылған алаңша Алматы қ. Үміт Үйінің бүлдіршіндеріне сыйға ұсынылды.

Спорттық бағыттағы тағы бір осыған ұқсас нысанды Алматы қ. «Данашым» ФММ оқушылары сыйға алды, мұнда турниктер, теннистік үстел, сатылары, шыққыштары бар түрлі спорттық жабдықтар, баскетболдық сақина мен өзге де элементтер қамтылған.
?рине, Қорымыздың ерекше мақтанышы 4 метрлік қорғағыш тормен қоршалған ауданы 450 шаршы метрлік көп салалық алаңшалар, олар мини-футбол, баскетбол және волейболға арналған, қыс кезінде мұз айдынын қатыруға арналған арнайы материалмен қапталған. Мұндай алаңша биылғы жылы Өскемен қ., «Үміт» Балалар Үйінде салынды.

Ал Алматы қ. Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері ауданы 800 шаршы м., жарақаттан қорғайтын арнайы «жасанды шөп» жабыны мен контурлық прожекторлық жарықтандыруы бар кәсіби футбол алаңшасын сый ретінде алды.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелермен мына жерден танысуға болады.

Медициналық жоба

«Сәби» Қоры өзінің «Медициналық жобасы» бойынша жұмысын одан әрі жалғастырды, аталмыш жоба шеңберінде медицина мекемелерін жабдықтар мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, емделіп жатқан пациенттерге емдеу мекемелерінде тиісті жағдай тудыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда науқастарға жәрдем көрсету ескерілген, бұл тұрғыда орасан зор жұмыс атқарылуда: палаталар мен ойын бөлмелерін күрделі жөндеуден бастап операциялық және диагностикалық блоктарды толықтай жабдықтауға дейін. Жобамен республикамыздың 14 мекемесі қамтылған.

Жаңа жылдың қарсаңында Маңғыстау областық инфекциялық ауруханасы Қордан сый ретінде Швейцарияда өндірілген, жан сақтау бөлімшесінде қолдану үшін Hamilton-C2 өкпені жасанды желдету аппаратын алды. Аурухананың сұрату хатында ӨЖЖ аппараты кішкентай пациенттер үшін қажет деп көрсетілгенімен, біз аталмыг мекеменің қызмет саласын және мұнда барлық аймақтан келген ересектер мен балалар емделіп жататынын ескердік. Осы орайда Қор барлық жастағы науқастарға арнап қолдануға мүмкіндік беретін кеңейтілген құрамдағы жабдықты сатып алу туралы шешім қабылдады. Оны салмағы жарты килограмм жаңа туылған нәрестелерге арнап қолдануға болатынын атап кеткіміз келеді. Hamilton-C2 аппаратын қолдану жедел медициналық жәрдем көрсету кезінде ЖК? мен ЖРВ?-дан болып отыратын балалар мен нәрестелердің арасындағы өлім-жітімнің азаюына ықпалын тигізуі тиіс.

БЦС себебіне орай терең мүгедектігі бар өзіміз қамқорлығыққа алған Никита да назарымыздан тыс қалған жоқ. ?деттегідей, ол және оның әжесі бірнеше айға жететін азық-түлік қоры мен қажеттеріне арнап жұмсау үшін аздаған ақшалай сома алды.
Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелерменмына жердентанысуға болады.

«Жаңа ұя» Құрылыс Жобасы

«Сәби» Қоры жүзеге асырып отырған Қызылорда қаласының Нәрестелер үйіне арнап жаңа заманауи ғимарат салу жобасы жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Бүгінде аталмыш мекеменің 60 жетім бүлдіршіні ескі апаттық күйдегі қаңқа-қамыстық үйде тұрып жатыр. Ауыр ауа-райы жағдайлары, Арал теңізінің экологиялық апат аймағы, ауыз судың тұрақты тапшылығы және соның салдарынан жергілікті тұрғын халықтың, әсіресе балалардың төмен тіршілік және денсаулық деңгейі Қорымызды аталмыш аймаққа ерекше көңіл бөліп отыруға итермелейді.

Қазіргі уақытта құрылыс салынатын жер бекітіліп қойған, жобалау-сметалық құжаттар әзірленген және біздің мамандарымыз оларды көптеген мемлекеттік инстанцияларда келісіп және сараптамасын жүргізуде – бұл нысанның құрылысы мен оған сыртқы коммуникацияларды жалғау үшін қажетті рұқсат ету шараларының кешені.
Жобаны жүзеге асыруға арнап түсіп жатқан қаражат шотта жинақталып және құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсаттарына, сондай-ақ ішкі жабдықтау мен сыртқы инфрақұрыылмын дамытуға жұмсалуда.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелермен мына жерден танысуға болады.

«Балаларға өмір сыйла» SMS – жобасы

«Сәби» Қоры мен «ҮЙ» Қорының бірлескен «Балаларға өмір сыйла» SMS-Шарасы 2007 жылы іске қосылған болатын. Соның шеңберінде әрбір адам қысқа 9099 нөміріне SMS – хабарлама жіберу арқылы арнайы шотқа аздаған жарнасын аудара алады, аталмыш шотта ауруы елімізде емделмейтін кішкентай қазақстандықтардың шетелде емделуіне арнап жұмсалатын ақшалай қаражаттар жинақталады.
2011 жылдың соңына қарсы «Балаларға өмір сыйла» Шарасы бойынша алымдар мен ақысы төленген операциялардың сомасы жуықтап алғанда 2 150 000 АҚШ $ құрады. Көптеген адамдар мен ұйымдардың күш-жігерінің арқасында Республикамыздың әртүрлі қалалары мен облыстарындағы 342 балаға жәрдем көрсетілді.


Жоба бойынша оның барлық жүзеге асыру кезеңіндегі қорытынды нәтижелермен мына жерден танысуға болады.

Біздің наградалар

«Сәби» Қорының 2011 жылғы Қайырымдылық қызметі жұртшылықтың назарынан тыс қалмады.
Еуропаның Бизнес Ассамблеясы ұйымдастырған және наурыз айының басында Лондонда болып өткен «Энергетикалық Саммит 2011» біз үшін ерекше оқиғаға айналды. Саммиттің жұмысының ажырағыссыз бөлігі болып табылатын жыл сайынғы Халықаралық Сократтық Салтанатында «Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті Тасмағамбетова ?сел ?манғалиқызына құрметті Виктория Ханымның Наградасы («Queen Victoria Commemorative Medal») – абырой, қадір-қасиет және қажырлық үшін берілетін эксклюзивті ағылшын наградасы берілді, ол Қордың қазынасында ерекше орынды иеленді.

Чернобыль АЭС-дағы апаттың 25-жылдығына арнап «Сәби» Қайырымдылық Қорының Президенті ?.?.ТасмағамбетовағаЧернобыль мен Жергілікті соғыс Ардагерлері Одағының естелік медалі берілді. Қайырымдылық саласындағы жұмыс үшін осындай қаһарман адамдардың марапатына ие болу екі есе құрмет.
Бұл наградалар өзіне сауатты және дарынды басшы жетекшілік етіп отырған «Сәби» қорының өз қызметін дұрыс бағытта жүргізіп отырғанын растауда.


Біздің барлық наградаларымыз жайлы мына жерден оқуға болады.

Қаражат жинау

Көптеген жаны ашық адамдар жетім, ауыр науқасы бар адамдар туралы, әсіресе балалар туралы телехабарларды көріп не газеттерден мақалаларды оқыған кезде соларға шын көңілден жәрдем беріп, солардың тағдырына ат салысуға дайын болып. Алайда уақыттың әрдайым жетіспеушілігі мұқтаж адамдарға қайырымдылық көмекті беру үшін банкіге дейін жетуге не редакцияға барып келуге мүмкіндік бермейді. Сөйтіп жақсы ниеттер сол жүзеге асырылмаған күйінде қала береді.

Алайда 2011 жылы «Сәби» Қоры қазақстандық төлемдік терминалдарға қызмет көрсету жөніндегі компаниямен бірлесе отырып қол жетімді әлеуметтік сервисті іске қосты, сол арқылы еліміздің әрбір тұрғыны өзінің жетім балаларға, науқас және мүгедек балаларға арналған жәрдемін жылдам әрі тиімді түрде бере алады.
Қайырымдылық жарнасын жүргізу үшін кез келген«QIWI» терминалының жанына тоқтап және шотқа ақша аудару керек, ол үшін интерфейстен "Өзге қызметтер" жолын таңдап, артынша "Қайырымдылық" түймешігін басып, қорды таңдап және жарнаны салу қажет. Біз үшін әр теңге маңызды!
Жәрдем көрсетудің өзге әдістері жайлы сайтымыздың басты парағынан білуге болады.

«Сәби» Қорының қайырымдылық көрсетушілерден демеушілік көмек ретінде алған қаражаттары түгелдей айқын түрде, арналуы бойынша, Қордың концепциясы мен Жарғысына сәйкес жұмсалып отырады. Оқиғалар жайлы толығырақwww.saby.kzсайтындағы жаңалықтар мұрағатынан оқып білуге болады, ол сонымен қатар қазақ және ағылшын тілдерінде «тіл қатуда».

28.12.2011
28.12.2017
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

2017 жылы "Сәби" Қоры өзінің 15-жылдық мерейтойын өте ауқымды жобалармен атап өтті – Алматы қаласында жалпы білім беретін 1200…

Жалпы ақпарат
26.12.2016
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында сіздердің назарларыңызға инфографика…

Жалпы ақпарат
26.12.2014
«Сәби» Қайырымдылық қоры,…

2014 жыл «Сәби» қайырымдылық қоры үшін аралық қорытынды жасау, бұрынғы жобаларды қайта құру және жаңа межелерді анықтау жылы…

Жалпы ақпарат