«Сәби» қайырымдылық қоры 2009 жыл

Қазақстандағы, сондай-ақ әлем бойынша қиын экономикалық жағдай мен қаржы саласындағы жағымсыз болжамдарға қарамастан, есептік жылы «Сәби» ЖҚҚ КЕҰ өз қызметінің екпінін төмендетпек түгіл одан сайын күшейте түсті.

Жұмыс қабылданған жобалар шеңберінде түрлі бағыттар бойынша жүргізіліп отырды.

«Спорт – денсаулық - жетістіктер» жобасы

Бұл жоба Қордың қызметінде ерекше орынға ие, оның мақсаты балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілеріне спортпен толық қанды айналысу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады, себебі, нәтижесінде спорт денсаулық беріп қана қоймай, сонымен қатар баланың жігерін, өзін-өзі тәрбиелеуге, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге деген талпынысын күшейтеді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Саби» қоры жасөспірімдерге арнап қазіргі заман талабына сай, техникалық жарақатандырылған спорттық кешендерді салу, жас балаларға арнап функционалды ойын алаңшаларын салу, сондай-ақ республикамыздың балалар үйлеріндегі әрекеттегі спорт нысандарын жөндеу және қайта жөндеу жобасын әзірледі.

Мұндай нысандардың бірі, дәлірек айтқанда, № 1 Облыстық балалар үйіндегі спортзал (Бағанашыл), кезіндегі ескі пайдаланылмайтын панажай толығымен қайта жөндеуден өтіп және қайта салынды. Ендігі кезде бұл – едені арнайы каучуктық жабынмен жабылған және белгілер салынған, қозғалмалы ойындарға арналған спорттық керек-жарақтар мен жабдықтары бар керемет, биік және жарық залға айналды.

Соған ұқсас түрде Қызылорда қ. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арналған №1 мектеп-интернаттың апаттық күйде болған спортзалына күрделі жөндеу жүргізілді.

Биылғы жылы Қор балаларға арналған әлеуметтік мекемелердегі спорттық кешендер топтамасының құрылысын одан әрі жалғастырды. Мысалы, волейбол, минифутбол, баскетбол, үлкен теннис ойнайтын, қазіргі заманға сай қоршалған, кәсіби белгілері салынған және қыс кезінде бетіне мұз қатырып сырғанақ ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы жабынмен жабылған көп салалы спорт алаңшасы салынып «Айналайын» Талдықорған балалар үйіне сыйға берілді.
Осыған ұқсас спорттық нысан Қызылорда қаласында №1 мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арнап салынды. Сонымен қатар, осы мектеп-интернатта оқытылатын балалардың үлкен санын ескерумен қосымша волейбол мен баскетбол ойнауға арналған, асфальттық жабыны бар, жарықтандырғыш прожекторлар мен қажетті спорт жабдықтарымен жарақтандырылған ашық ойын алаңшасы салынды.

Сонымен қатар, балаларды жас кезінен спортқа баулудың маңызды екендігін жас тәрбиеленушілерге арнап «Сәби» №1 Облыстық балалар үйі (Бағанашыл) мен Қызылорда қ. №1 мектеп-интернатында қозғалмалы ойындарға арналған әдемі және функционалды ойын жабдықтарының кешендерін орнатты.

Білім беру жобасы

«Сәби» қорының Білім беру жобасы төрт кезеңмен жүзеге асырылып отырады, олар жетім балалардың алған психологиялық жарақаттарды әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру мен келешекке арнап мақсаттарды белгілеу арқылы жеңуінен басталатын және кәсібін таңдау және оқу мекемелеріне түсуімен аяқталатын бірізді қадамдардан құралады.

Мысалы, жобаның бірінші кезеңінің міндеттеріне сәйкес 2009 жылы балалар үйлері мен интернаттардың түлектерін социумға ықпалдастыру, оларды ересек, дербес өмірге бейімдеу мәселесінің өзектілігін ескерумен, тікелей тәрбиеленушілермен айналысатын балалар әлеуметтік мекемелеріндегі қызметкерлердің жұмысына көмек көрсету мақсатында соларға арнап Қазақастанда тұңғыш рет бірегей психологиялық тренингілер ұйымдастырылды, оларды өз авторлық курсы бойынша жүргізу үшін психолог-маман, РФ Президентінің жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет Академиясының доценті, психология ғылымдарының кандидат О.Н. Манолова шақыртылған болатын. Тренингілерге Қазақстанның түрлі аймақтарындағы 9 балалар үйі мен интернаттарының 25қызметкері қатысты.

Балалар әлеуметтік мекемелерінің тәрбиеленушілерін келешек мамандығын таңдауға даярлау жөніндегі екінші кезеңнің міндеттеріне сүйенумен Қор түлектерден сауалнама алу, кәсіби бағдар, оқу мекемелерін таңдау және соларға түсу ережелері бойыша сұхбаттасудан тұратын бірқатар шараларды жүргізді.

Үшінші кезең жасөспірімдерді қоғамның дәстүрлеріне баулуға және әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта 55 ең үздік тәрбиеленушіге арналған жыл сайынғы Мектеп бітірушілер балы болып өтті, бұл оқиғаның әсерлі және естен кетпейтін сипатқа ие болуы соншалықты, балалар оған баруды ол өткізілгеннен көп уақыт бұрын армандады. Және, шақырылғандардың қатарына ену үшін оқуда, спортта, қоғамдық өмір мен өмірде өз-өзін көрсету үшін көп күш-жігерін жұмсады. Талпыныстары зая кеткен жоқ: бозбалалар мен бойжеткендер Алматының көрікті жерінде орналасқан мейрамханаға қардай аппақ лимузиндермен келді. Кеш бойы белгілі телевизиялық жүргізушілер мен қазақ эстрадасының жұлдыздары олардың көңіл көтерді. Үлкендер құттықтау сөздерін сөйледі. Кештің бағдарламасында көптеген тосын сыйлар мен үлкен отшашу болды.

Жобаның төртінші (негізгі) кезеңі Қордан білім беру грандтарын алған мектеп түлектеріне сүйікті мамандығын таңдау құқығын ұсынып, сол арқылы оларды өзінде мамандықтардың тізімі шектеулі болып келетін және жасөспірімдердің қалауы мен қабілеттеріне әрдайым сай келе бермейтін жетімдік квота бойынша оқу қажеттілігінен босатуға бағытталған. Осы мақсатта ағымдағы жылы, Қордың қаржыландыруының есебінен, түрлі оқу мекемелерінде жетім балалардың, соның ішінде әлеуметтік, сондай-ақ жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балалардың арасынан 31 студент оқытылуда.

«Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы

Қордың аса маңызды жобаларының біріне «Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы жатады. Қазіргі кезде арба-орындықта отырған адамның жеке басының мәселелері не әуестенулері тұрмақ, тіпті қала ішінде әлеуметік-тұрмыстық мәселелер бойынша емін-еркін қозғалуының мүмкін болмай отырғанына байланысты оның қоғамға ықпалдасуы өте қиынға түсуде.

Осындай өзекті әлеуметтік мәселені шешу үшін «Сәби» қоры мүмкіндігі шектеулі адамдардың түрлі ұйымдары мен қоғамдарымен сәтті түрде әріптестік етуде. Осы қызметте алғашқы қадамға ағымдағы жылы Алматы Қалалық Мүгедектер Қоғамына салонға мүгедектік арбаларды көтеріп енгізуге арналған арнайы гидравликалық лифтермен жабдықталған 19 Volkswagen автокөлігін сыйға тарту шарасы айналды. Автопаркті ұстау және пайдалану үшін «МҮГЕДЕКТЕР ТАКС?І» реабилитациялау қызметтерінің орталығы» құрылған, ол мүгедектігі бар алматылықтарды тасымалдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап жаңадан жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Жобаның ендігі уақытта Атырау қаласында «МҮГЕДЕКТЕР ТАКС?І» мамандандырылған автопаркін ұйымдастыру жөніндегі «Үш сатымен күресу, не Атырау – тосқауылсыз қала!» атты екінші кезеңін «Сәби» қоры «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып жүзеге асырды. Ұйым Қордан сыйға 3 жабдықталған автокөлік алды.

Медициналық жоба

«Сәби» қоры өзінің Медицналық жобасы бойынша жұмысын одан әрі жалғастыруда, оның шеңберінде медицина мекемелерін жабдықтар мен дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, емделіп жатқан пациенттерге емдеу мекемелерінде тиісті жағдайларды тудыру, сондай-ақ науқастарға төтенше жағдайларда көмек көрсету қарастырылған.

2009 жылы Қор №7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасымен әріптестік ете бастады. Мысалы, ?НСО-2 нейро-инсульттік бөлімшесіне арнап қазіргі заманғы портативтік электрокардиограф сатып алынды, ол тікелей науқастың төсегінің жанында тұрып электрокардиографиялық зерттеулерді жүргізіп отыруға мүмкіндік береді. ?нсульт алған ауыр науқастарды ұзақ уақыт бойы орнынан қозғауға болмайтындығын ескерсек, бұл аспаптың, сөзсіз түрде, жүрек патологияларын уақытында диагностикалауда рөлі өте маңызды.
Сонымен қатар, емдеу ісіне қазіргі заманғы технологияларды енгізу медицина қызметкерлерінің қызметін жетілдіріп және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысқа, статистика мен есептілікке арнап жұмсалатын уақытты қысқартуға мүмкіндік береітініне сенімді болумен «Сәби» қоры 7-ші қалалық ауруханаға көшірмелеу аппараты мен сканермен қоса жаңа компьютерлерді сыйға ұсынды, сондай-ақ 12 медбикенің компьютерлік сауаттылығын көтеру курстарында оқуын ұйымдастырып және соның төлемақысын төлеп берді.
Осыған ұқсас компьютерлік және кеңселік жабдық Педиатрия мен балалар хирургиясы Ғылыми Орталығының хирургия бөлімшесінде дәрігерлік он-лайн қызметін – Алматыдағы дәрігерлерге көрінуге мүмкіндігі болмай отырған Қазақстанның шалғай аймақтарындағы балалардың ата-анасына кеңес беру қызметін ұйымдастыру мақсатында орнатылған.
Сонымен қатар, медицинаық жоба шеңберінде Қор шетелде диагностикалау мен емдеуді қажет ететін келесі науқастарға жедел арнаулы көмек көрсеткен болатын:

Алена – ?зраильде тексерілу (диагнозын анықтау мақсатында)
Данияр – Пәкістанда дәрі-дәрмектік емделу (бүйрегін ауыстырып салғаннан кейін)
Меруерт – ?зраильде дәрі-дәрмектік емделу (апластикалық анемия)
Санжар – Қырғызстанда дәрі-дәрмектік емделу (БЦС)

Соған қоса, «Сәби» қорымен бұрыннан бері қамқорлыққа алынған Никита Базолев бұрынғы ауыр және үлкен арбаның орнына жаңадан жеңіл, функционалды мүгедектер арбасын сыйға алды.

Құрылыс қызметі

Қордың түрлі әлеуметтік маңыздағы нысандарды салу, жөндеу және қайта салу бойынша қызметі де шеткері қалып отырған жоқ.

Мысалы, 2009 оқу жылының басына қарсы күрделі жөндеуден кейін кезінде ұсқынсыз болып көрінген Қызылорда балалар үйіндегі асханалық кешен өз есігін айқара ашты. Ендігі уақытта, жоғары сапалы жөндеу-құрылыс салу жұмыстарымен қатар оның айрықша өзгешелігі сол - залдың қабырғаларын оңтүстік астанамыздан арнайы шақыртылған кәсіпқой суретшілер қолдан сурет салумен безендірген, ал терезелеріне қардай аппақ перделер ілінген. Сондай-ақ Қор балаларға ыңғайлы, әдемі және қазіргі заманға сай асхана жиһазының жиынтығын сыйға тартты. ?нтерьердің дизайны жан-жақты ойластырылған болатын, және ендігі уақытта жазғы пейзаждар мен жарқын күнбағыстар тіпті жауын-шашынды күндердің өзінде балалардың көңіл-күйін көтеріп отыратын болады.
Қордың жас дарынды қазақстандықтарға деген ерекше көзқарасын ескерумен, балалардың шығармашылық және рухани дамуының маңыздылығын түсінумен «Сәби» қоры Алматыдағы Мұқан Төлебаев ат. музыка мектебінің күрделі жөндеуін жүргізуге шешім қабылдады. Осы аса беделді оқу мекемесіндегі құрылыс-жөндеу жұмыстарының нәтижесіне оқушылардың жылы батереялар орнатылға, едендері мен төбелері түзу, шуылдан оқшаулайтын қабырғалары, үлкен жарық терезелері бар жайлы кабинеттерде отырып оқу мүмкіндігі айналды. Балаларға Жаңа жылға қарсы әзірленген лайықты сыйлық.

Біздің дарынды балаларымыз

2009 жылы «Сәби» қорының «Біздің дарынды балаларымыз» атты жобасы біршама өзгертілген пішімде қайтып оралды. Ендігі уақытта Қор еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды балаларды іздестіріп және оларға дарыны мен қабілетін дамытуға көмектесуде. Балалардың әуесқойлықтары әртүрлі болуы мүмкін: бейнелеу және қолданбалы өнері мен музыкамен айналысудан бастап спорттағы жетістіктерге дейін. Түсінікті себептермен жетім және толық емес және жағдайы төмен отбасындағы балаларға көбірек көңіл бөлінеді. Негізгі мақсат – дарынды баланы анықтап қана қоймай, сонымен қатар оған арнайы мектептер мен студияларда оқу, байқаулар мен жарыстарға қатысу мүмкіндігін ұсынумен өз табыстарын одан да жоғары деңгейде дамытып отыруға көмектесу.
Есептік жылы Қордың анықтаған дарынды балалары мыналар:

Дилорам, 15 жаста – республикалық жарыстардың көп дүркін жеңімпазы, каратэ-до бойынша спорт шебері (Қор спортшы қыздың Мароккодағы халықаралық турнирге сапары мен жолдамасының ақысын төлеп берді).
Данияр, 16 жаста – математик, композитор әрі ақын (Қор жасөспірімнің ағылшын курсының төлемақысын төлеп, оған жақсы ноутбук сыйлап және оның гардеробын толығымен қазіргі заманға сай сәнді киім-кешекпен толықтырды).
Бақытжан, 11 жаста – виолончелші және вокалшы (Қор жас музыкантқа белгілі алмытылық үнтаспа жазу студиясында кәсіби «минусовкаларды» жазу мүмкіндігін ұсынды, сондай-ақ балаға көптеген жылы киім-кешек мен аяқ-киімдер сыйлады).

«Балалалрға өмір сыйла» SMS – жобасы

Биылғы жылы В этом году "Сәби" қайырымдылық қоры мен и "Мейрімділік Ерікті Қоғамы" Beeline, K-Mobile және K-Cell компанияларымен бірлесе отырып 2007 жылы бастаған Қазақстандағы бұрын-соңды болмаған "Балаларға өмір сыйла" қайырымдылық SMS-шарасын одан әрі жалғастырды. Осы уақыт ішінде жуықтап алғанда 1 000 000 АҚШ доллары жиналды, сөйтіп елімізде емдеуге келмейтін көптеген қазақстандық балалар шетел клиникаларында емделу мүмкіндігіне ие болды. Шараны ұйымдастырушылар мен отандастарымыздың алаңдаушылығының арқасында көптеген балалардың өмірі құтқарылды.

Қайырымды істер

Өткен жылдардағыдай, Қордың мұқтаж болып отырған балалардың өміріне қатысуы қымбат және ауқымды жобалармен ғана шектелмейді. «Сәби» қоры жиі жағдайда, мүмкін, үлкен қаржылық шығынды қажет етпесе де, дегенмен әрдайым қайырымды, шынайы және шын жүректен біржолғы арнаулы көмегін ұсынып отырады:
«Жанұя» АК-ға «Сүндет тойға» шақыртылған Қор қызметкерлері балаларды құттықтап және оларға естелік сыйлықтар ұсынды: ересек балаларға – қол сағаттар, жасы кішілеріне – ойыншықтар.

«Жанұя» АК тәрбиеленушілеріне – «Жұлдыздай» балалар шығармашылығы фестивалінің 1 турының жеңіпаздарына «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына (Бурабай) теміржол билеттері ұсынылған болатын, мұнда олар байқаудың келесі кезеңіне қатысу үшін шақыртылған.
«Сәби» қорының бұрыннан бері қамқорлығында жүрген балалы жас отбасы – «Жанұя» АК-ның бұрынғы тәрбиеленушілері сыйлыққа төсек-орын жинағымен жаңа екі кісілік төсекті, кейбір дәрі-дәрмектер мен қысқа арнап жылы киім-кешекті алды. Сонымен қатар Қор оларды сол жастар тұрып жатқан шағын үйді жылытуға арнап көмірмен қамтамасыз етті.
БЦС аурыатын Никита Базолев пен соны жалғыз өзі күтіп жатқан әжесіне Қор қызметкерлері бірнеше айға жететіндей азық-түлік жиынтығын, сондай-ақ қажеттіліктеріне арнап жұмсау үшін аздаған қолма-қол ақша берді.

Құрт ауруына қарсы «Шымбұлақ» облыстық балалар санаторийына әртүрлі жас тобындағы балаларға арнап «Сәби» қоры ойыншықтар мен кеңселік бұйымдарды беріп жіберді. Сонымен қатар санаторийдың бөлімшелерінің бірінде жөндеуден өткен ойын бөлмесінің еденіндегі қазіргі заманға сай кілемдік төсеме қажетті сыйлыққа айналды.
Үлкен және кішкентай балаларға арналған көптеген жұмсақ және дамытушы ойыншықтар, Талдықорған қ. «Айналайын» облыстық балалар үйінің, Алматы қ. №2 Балалар үйінің, № 1 Облыстық балалар үйінің (Бағанашыл) тәрбиеленушілеріне сыйға берілген болатын.

Шығармашылық интерьерді құруға арналған кейбір сувенирлерді Қор С.Бегалин ат. қалалық балалар кітапханасына сыйға берді.
Алматы қалалық мүгедектер қоғамының бөлімшелерінің біріне «Сәби» қоры жаңа болмағанымен, жұмыс істеп тұрған мониторымен бірге компьютерді сыйға берді.
Алматы қ. №2 балалар үйінде «Ризашылық» ризашылық күнін атап өту құрметіне арнап Қор балаларға ойыншықтарды, сондай-ақ тазалық пен жайлы атмосфераның тудыру үшін екі функционалды шаң сорғышты сыйға тартты.

Өтіп бара жатқан жылдың ең соңында «Сәби» қоры Алматы облысының Қарақастек Балалар үйімен байланыс орнатты. Бұл мекемемен алдағы уақытты көптеген жаңа жобалар жүзеге асырылады деген сенімдеміз, және олар 2010 жылы басталмақ. Дегенмен қазірдің өзінде Қор келесідегідей біржолғы көмегін ұсынуда: кішкентайларға бүкіл қыс бойы жететіндей жөргектердің қажетті санын ұсыну мүмкіндігі іздестірілген; балаларға үйдегідей жайлылық сезімін ұялату үшін барлық терезелерге арна перде тігетін мата сыйға берілді; және елеусіз болып көрінгенімен, мұндай медицина мекемесі үшін үлкен маңызы бар сыйлық – ҚТҚ-ға арналған екі контейнер.

Осылайша, «Сәби» қорының қайырымдылық көмек көрсетушілерден демеушілік көмек ретінде алған қаражаттардың барлығы арналуы бойынша, Қордың концепциясы мен Жарғысына сәйкес жұмсалған.

22.12.2009
28.12.2017
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

2017 жылы "Сәби" Қоры өзінің 15-жылдық мерейтойын өте ауқымды жобалармен атап өтті – Алматы қаласында жалпы білім беретін 1200…

Жалпы ақпарат
26.12.2016
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында сіздердің назарларыңызға инфографика…

Жалпы ақпарат
26.12.2014
«Сәби» Қайырымдылық қоры,…

2014 жыл «Сәби» қайырымдылық қоры үшін аралық қорытынды жасау, бұрынғы жобаларды қайта құру және жаңа межелерді анықтау жылы…

Жалпы ақпарат