«Сәби» қайырымдылық қоры 2008 жыл

Есептік кезең ішінде «Сәби» қайырымдылық қоры өз қызметінің түрлі бағыттары бойынша үлкен жұмыс атқарды.

"Мүгедектерге – лайықты өмір" жобасы

Осы бір елеулі жобалардың бірі болып табылатын әлеуметтік-мәдени жоба 2008 жылдың көктемінде басталған болатын және шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінген. Оның ақырғы мақсаты қаланың арбамен қозғалатын мүгедектеріне, соның ішінде балаларға арнап мамандандырылған көлігі бар автопаркті ұйымдастыру болып табылады.

Жобаның бастамасына «Сәби» қорының ағымдағы жылдың маусым айында Алматы қаласында Көркемдік көрмелер дирекциясымен бірлесе отырып ұйымдастырған "Арт Номад" көрмесі айналды. Біздің міндетіміз шетел қонақтарын Қазақстанның бейнелеу өнерімен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар ең бастысы – жұртшылықтың кемтар адамдардың проблемаларына көңілін аударту болатын. Аталмыш шараға Christie’s аукцион үйінің Төрағасы, лорд Дэвид Линлидің келуі, қазақстандық өнер шеберлерінің жұмыстарына тәуелсіз сарапшылардың жоғары баға беруі және ұйымдастырушылардың энтузиазмі жобаның келесі (негізгі және ең елеулі) кезеңін жүзеге асыруға – Лондон қаласындағы Қайырымыдылық аукционын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Аукционның қарсаңында, қазан айының басында "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция – мүгедектігі бар адамдарды кемсітудің барлық формаларын жоюда халықаралық белсенділік танытудың жаңа кезеңі" халықаралық форумы болып өтті. Біздің қоры аталмыш шараның тікелей ұйымдастырушысына айналды, мұнда ТМД елдерінің қатысушыларымен осы елдердің Конвенцияға, Конвенцияға арналған факультативтік хаттама қол қою бойынша, сондай-ақ Конвенцияның ережелерін мүгедектігі бар адамдардың барлық өмір саласына одан әрі енгізу жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспары әзірленді.

Есептік жылдың қазан айының ортасында Лондонда Қайырымыдылық аукционы және тура осында ұйымдастырылған қазақстандық өнер шеберлері туындыларының көрмесі болып өтті, бұл бізге мүгедектерге арналған болашақ автопаркке арнап отыратын орындарының саны әртүрлі 20 мамандандырылған автокөлік сатып алуға қаражат жинап алуға мүмкіндік берді.

Келесі кезең – автокөлік кәсіпорнының өзін ұйымдастыру ісі аукцион өткізілгеннен кейін басталды. Осы уақытқа қарсы ұсыныстар егжей-тегжейлі зерттеліп, қажетті автомакөліктер таңдалып және ақысы төленген болатын, және біздің жоспарымыз бойынша жаңа жылдың бірінші тоқсанының соңына қарсы мүгедектер таксиі алынып және қала мүгедектеріне салтанатты түрде ұсынылатын болады.

Осыншама маңызды жобаны жүзеге асыру қазақстандықтарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға өз құқықтарын кәдімгі азаматтармен тең түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, олардың өмір сүру сапасын жақсартып және оларға социумға жан-жақты ықпалдасуға мүмкіндік беретін болады.

"Балаларға өмір сыйла" SMS-шарасы

Биылғы жылы «Сәби» қайырымыдылық қоры мен "Мейірімділік Ерікті Қоғамы" Beeline мен K-Mobile сауда белгілерін ұсынып отырған "КаР-Тел" компаниясы мен K-Cell сауда белгісін ұсынған «Қазақтелеком» АҚ "GSM-Қазақстан" компаниясымен бірлесе отырып 2007 жылы бастаған Қазақстанда бұрын-соңды болмаған "Балаларға өмір сыйла" қайырымдылық SMS-шарасын одан әрі жалғастырды.

Осы уақыт ішінде жуықтап алғанда 500.000 АҚШ доллары жинақталды және өздері бізде емделмейтін кішкентай қазақстандықтардың шетелдегі клиникаларда емдеуліне мүмкіндік туды. Шараны ұйымдастырушылар мен отаандастарымыздың алаңдаушылығының арқасында біз кішкентай азаматтарымыздың өмірін құтқаруды жалғастырудамыз.

"Дені сау балалар – салауатты ұлт" жобасы

Барлығымыз үшін тағы бір пайдалы, өте маңызды және қажетті іске "Сәби" қорының 2007 жылдың басында бастаған тағы бір әдеттен тыс әрі әлеуметтік маңызы бар жобасы айналды. Былтырғы жылы дәл осы "Жанұя" мамандандырылған кешенінде бірнеше спорт алаңшаларынан тұратын спорттық нысанның ашылуы осындай қайырымды істі қаланың өзге Балалар үйлерінде одан әрі дамытудың жақсы іргетасын қалады.

Балалар үйлерінің тәрбиленешулерінің мәдени бос уақытын өткізу, оларды салауатты өмір салтына бағыттау, балалардың спорттық талпыныстарын қанағаттандыру және олардың дене шынықтыру мүмкіндіктерін жүзеге асырудың дұрыс тәсілдері жөніндегі мәселелерін шешу ісіне байыпты қараумен біз алысқа көз тастай отырып спорттық кешендерді салуды бұдан арғы уақытта да жалғастыра беруді жөн көрдік.

Мысалы, ағымдағы жылдың маусым айында №1 Балалар үйінде арнайы жабыны бар мини-футболға арналған алаңынан, баскетбол және волейбол ойнау алаңшасы мен теннис кортынан тұратын спорт кешені салынды. Соның құрметіне арналған тұсаукесерде ең кішкентай балалардан бастап жоғары сыныпта оқитын балаларға дейін өзінің спорттық шеберлігін, ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті, бұл күні балалар сыйлықтарға ие болды – бұл спорттық жабдық, спорттық керек-жарақ және ойыншықтар.

Ал күзгі демалыс қарсаңында №2 Балалар үйінде осыған ұқсас спорт кешені пайдалануға берілді. Балалардың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес, оның сүтіне бұл балалар үйінің тәрбиеленушілері ең үлкен футбол алаңына ие болды, олар көптеген қалалық спорттын жарыстардың жүлдегерлері болып табылады.

Желтоқсан айының соңында біз Бағанашылдағы №1 Балалар үйінің тозған спорт залын қайта жөндеу мен күрделі жөндеу жұмыстарына кірістік. Жұмыс қарқынды түрде жүруде және жақын арада облыстың тәрбиеленушілері спортпен айналысуға арналған жарқыраған, жаңадан жабдықталған панажайға ие болады.

Ендігі уақытта осы балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері күнделікті дене шынықтырумен айналысып, бос уақытын лайықты түрде өткізіп қана қоймай, сонымен қатар өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып отыра алады.

Себебі балалар үйлеріндегі жеткіншектердің дене тәрбиесінің тәрбиелік маңызы зор. Көбінеки бұл балалар қайда барарын білмей, бос уақытын қалай өткізетінін білмей жатады, олардың ортасында уақытын бостан-бос өткізумен қатар, бұзақылық пен әдепсіз қылықтардың мысалдары орын алуда. Оқу үрдісінің деңгейі де төмен екендігі құпия емес, себебі балалар үйлерінен шыққан түлектердің бірен-сараны ғана жоғары оқу орындарының студенттеріне айналып жатады. Спорт балалардың көптеген проблемаларды шешуіне көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар өмірлік қажеттілікке айналады.
Біз өзіміздің балаларға арнап спорт кешендері мен спортзалдарды салу туралы шешімімізді мақтаныш етеміз, осы арқылы біз әдептік, әлеуметтік сипаттағы көптеген мәселелерді шешіп отырамыз. Керемет жабдықталған спорт алаңшаларында ойнап жүрген балалар өздерін үйдегі балалардай сезінеді, бұл олардың салауатты рухын күшейтіп, мақсатқа қол жеткізуге және жеңіске жетіп отыруға көмектеседі. Дене шынықтыру тәрбиесін алған балалар дені сау адам және қоғамның толық қанды мүшесі болып өседі.

"Сенің күнің, Донор" шарасы

Ағымдағы жылдың мамыр айында біз "Бауыржан" қайырымдылық қорымен бірлескен түрде қазақстандық медицинаның аса өзекті мәселелерінің бірі – азаматтарымызды, соның ішінде жас балаларды жоспарлы және шұғыл түрде емдеу үшін донорлық қан мен оның компоненттерінің тапшылығы проблемасын шешу ісімен айналысқан болатынбыз. Осы шараға қазақстандық эстрада әртістерін тартумен біз ең алдымен жастарға сенім арттық. Нәтижесінде біз көп мөлшерде қан жинап қана қоймай және сол арқылы қала медиктерінің жұмысын елеулі түрде жеңілдетіп қанай қоймай, жастарға қоғам алдындағы өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік бердік.

Білім беру жобалары (балалар үйлерінің түлектерін бейімдеу және әлеуметтік ықпалдастыру)
Қаланың балалар үйлеріне материалдық көмек пен қолдау көрсетумен қатар Қор әдептік, зияткерлік даму мәселелерін шешіп отырды. Осы мақсатта балалар үйлеріне құқық танушылар, психолгтар, медиктер, өзге тар сала мамандары шақырытылып отырады; балалармен сұхбаттасулар, дәрістер, пікірталастар, сауалнамалар жүргізіліп отырады. Қор қызметінің елеулі және негізгі бағыттарының бірі болып жасөспірімдердің мамандықты таңдауы, қоғамға әлеуметтік ықпалдасуы мәселесі қалып отырған.

2008 жылы 4 балалар үйінің оқуда, спортта, өзін-өзі көрсетуде жақсы нәтижелерге жеткен түлектері соларға арнап клубтардың бірінде «Сәби» және "Бауыржан" қорларымен ұйымдастырылған мектеп бітіру балына қатысты. Эстрада жұлдыздары, қаланың белгілі адамдары, байқаулар, би, отшашу – балаларды қайран қалдырды, алайда барлығы үшін кештің тосын сыйы ретінде өздері таңдаған мамандықтар бойынша беделді колледждерде оқу мүмкіндігіне ие болатыны туралы жаңалық айналды. Кеш өте сәтті өтті және балаларға естен кетпес әсер қалдырды. Біз олардың өз елінің лайықты азаматтары болатынына, және осы бір керемет балалық шақпен қоштасу мерекесін әрдайым есінен шығармайды деп сенеміз.

Балалардың білімге деген құштарлығын көтермелеу ретінде қор 11 түлектің колледждерде оқу ақысын төлеп берді.

Алдыңғы жылдардағыдай (осымен шамамен 20 тәрбиеленуші оқытылған) № 3 балалар үйінің үш түлегі есептік жылы аспаз және кулинар мамандықтары бойынша колледжде оқуын жалғастырды.
«Сәби» қоры халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан дарынды балаларды назардан тыс қадырмауда: жас суретшілер мен әдебиетшілерге қолдау жасап, өз сайтында балалардың ең үздік жұмыстарын - шығармаларды, өлеңдерді, ертегілер мен суреттерді жайғастырып отырады.

Жылдан жылға қорымыздың өскелең ұрпақты әдептік тәрбиелеу ісіндегі серіктесіміздің бірі болып С. Бегалин ат. қалалық кітапхана қалуда. Біздің басты мақсатымыз қазіргі заман тұлғасын, лайықты ұрпақты қалыптастыру ісіне қатысу. Біз бірлескен түрде қызықты шараларды – қызықты ертегілердің театрлық көрсетілімдерін өткізіп отырамыз, мұнда балалар солардың авторларымен танысып, оларға сұрақтар қойып, уақытша түрде сол ертегілердің кейіпкерлеріне айналады, көріністер мен сюжеттерде өз дарынын толығымен ашып көрсетеді. Шара аяқталғаннан кейін естелікке фотосуреттер мен сыйлықтар, ең алдымен қол таңбасы бар ертегілер жинағы беріледі. Бізге балалар мерекелерінде болған қызықты, балалар дарынды, өзін еркін ұстайды. Табыстарға жетіп және түрлі үйірмелерге қатысқаны үшін 80 бала әдемі сыйлықтармен марапатталды, ал Кітапхана қызметкерлерінің балаларына арнап біз "Горное солнце" ең үздік лагеріне 10 жолдаманы сыйға ұсындық.

Есептік жылы біз кейбір медициналық проблемаларды шешуді одан әрі жалғастырдық:
- бұл біз ұйымдастырған Алматы қаласының босану мекемелерінің неонатологтары мен дәрігерлеріне арналған шеберлік сабақтары, оларды жетекші ресейлік мамандар жүргізеді;

- биылғы жылы №3 қалалық емхананың жанындағы стомацияланған науқастарға арналған, өзін қорымыз арнайы әзірлеп және жарақтандырған кеңес беру-әдістемелік кабинеті өз жұмысын бастады;

- Жылдың басында Esaote фирмасының (?талия) MyLab 50 көп салалы ультрадыбыстық сканері алынып Тараз қ. кардиологиялық клиникасына сыйға тартылған болатын.

Есептік жылы біздің қатысуымыз бен қолдауымызбен көптеген қайырымды және қызықты шаралар өткізілді:
- бұл, әрине, Қордың ықпалымен толығымен жөндеуден өткізіліп және өзгертілген №1 балалар үйінің асханасының тұсаукесері және демеушілермен тоқбасар ретінде ұсынылған тәттілер қойылған мерекелік қонақасы, көптеген сыйлықтар: жаңа жиһаз, спорттық киім мен жарақтандыру және т.б.;

- "Шымбұлақ" құрт ауруына қарсы облыстық шипажайында ұзақ уақыт емделген балалар өздеріне сыйға тартылған мерекелерді көпке дейін есінде сақтайтын болады: әртістердің қатысуымен, ойындармен, сыйлықтармен жарқын жаңажылдық көрініс және балаларды қорғау күні, кейінгісінде балалар бірнеше сағат бойы ән айтып, би билеп, көңіл көтеріп, жаңа киімдердің, аяқ-киімдердің жиынтығын, ойыншықтар мен тәттілерді алды;

- Біз "Жанұя" мамандандырылған кешеннің 80-жылдығын атап өту мерекесіне қатыстық, бұл біздің қамқорлыққа алған алғашқы және ең үлкен балалар үйіміз. Балалардың ешқайсысы назардан тыс қалмады, ал салтанатты жиынның басты кейіпкерлері соның алдында «еркектерге айналған» ұлдар болды сөйтіп "сүндет той" жалпы мерекені одан әрі жалғастырды. Оларға ерекше сыйлықтар берілді. Мұның мәні мынада, біз Қор қызметкерлері осы балалар үйіндегі барлық мерекелер мен оқиғалардың қатысушысы болып отырамыз, балалар бізбен үнемі түрде және өте жеңіл қатынасады;

- БЦС диагнозы бар Базилев Никита да назардан тыс қалмауда, Қор оны осымен 6 жылдан бері өз қамқорлығына алған, бала өсіп келеді, қазір оның жасы 18-де, біз оны бірнеше рет арбамен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп отырдық және азық-түлік қорымен қамтумен әжесі екеуіне үнемі түрде қолдау жасап отырамыз;
- Күзде Қорымыз төрт жастағы баласы туа біткен жүрек ауруына шалдыққан алматылық отбасына көмек көрсетті, оған Бакулев ат. Ғылыми медицина орталығында (Мәскеу қ.) сәтті түрде операция жасалды;

- Кішкентай баласы бар жас отбасына жәрдемдесіп отыруға тырысамыз, бұл – балалар үйінің түлектері, олар материалдық қиыншылықтарды басынан кешуде, жұмыссыз, үйсіз. ?зірге үйге қажетті заттармен, өздеріне және баласына арналған киім-кешекпен қамтамасыз еттік;

- «Сәби» қорының басшылары – қаланың балалар мекемелерінің тұрақты қонағы, қамқорлыққа алған балалар үйлерінің барлық басшыларымен тығыз байланыс жасап отырады, балалармен, әсіресе жоғары сынып оқушыларымен сұхбаттасулар, сауалнамалар, кездесулер өткізіп отырады, біз жаңа байланыстар орнатып және әріптестік жасауға әрдайым әзірміз;

-Ағымдағы кезең ішінде біз мыналарды әзірлеп шығардық: 1) Лондондағы қайырымдылық аукционына арналған Қордың қызметі туралы фильм, 2) тура осы тақырыптағы қамқорлыққа алынған балалардың фотосуреттері көрсетілген 3-тілде шығарылған әдемі ақпараттық бағыттамалар және 3) «Арт Номад» көрмесінің 2009 жылға арналған фирмалық күнтізбесі;

- Есептік кезең ішінде Қор Алматы қаласында өткізілген көптеген республикалық және қалалық шараларға қатысып отырды, әкімшілік, бизнес, шығармашыл интеллигенция өкілдерімен және т.б. кездесіп отырды.

05.03.2009
28.12.2017
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

2017 жылы "Сәби" Қоры өзінің 15-жылдық мерейтойын өте ауқымды жобалармен атап өтті – Алматы қаласында жалпы білім беретін 1200…

Жалпы ақпарат
26.12.2016
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында сіздердің назарларыңызға инфографика…

Жалпы ақпарат
26.12.2014
«Сәби» Қайырымдылық қоры,…

2014 жыл «Сәби» қайырымдылық қоры үшін аралық қорытынды жасау, бұрынғы жобаларды қайта құру және жаңа межелерді анықтау жылы…

Жалпы ақпарат