«Сәби» қайырымдылық қоры 2007 жыл

Өзінің шамамен алғанда алтыжылдық қызметі барысында "Сәби" қоры көптеген ірі әлеуметтік, медициналық және білім беру жобаларын жүзеге асырды. 2007 жыл барынша табысты жыл болды.

Жылдың басында біз жаңа жобаларды әзірледік, олардың басты бағыты – жекелеген жәрдем көрсету шаралары емес, ауқымды, мақсатқа лайықты әрекеттер. Бұл жағдайда біз әдеттегідей өзіміздің басты бағыттарымызға сүйеніп отырдық:

- балалардың денсаулығы және олардың дене шынықтыруы;
- руханилық және білім берудің қол жетімділігі.

Тұрақты және жаңа демеушілеріміздің қолдауымен есептік кезең бойы осы жобалар бірізді әрі сәтті түрде жүзеге асырылып отырды. Ойлаған мақсаттарымызды жүзеге асыру кезінде біз өз ұстанымдарымыздан ауытқыған жоқпыз, бұл: қызметіміздің жеделдігі, нақтылығы және айқындылығы.

Қордың есептік жылдағы үлесін қайырымдылық саласындағы "Алтын Жүрек" бірінші жыл сайынғы ұлттық қоғамдық сыйлығының әділ-қазылары мен сарапшылар комиссиясы, сондай-ақ ұйымдастырушылары лайықты түрде бағалаумен бізді "Жетім балаларға көмек" номинациясы бойынша алтын мүсін мен дипломмен марапаттады. Салтанатты марапаттау рәсімі Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік опера және балет театрында өтті.

2007 жылдың 15 қаңтарында «Сәби» қайырымдылық қоры мен «Мейрімділік Ерікті Қоғамы» Қазақтелеком компаниясымен, Beeline және K-Mobile сауда белгілерін ұсынған "К-Сell", "КаР-Тел"компанияларымен бірлесе отырып Қазақстандағы бұрын-соңды болмаған 1-ші "Балаларға өмір сыйла" SМS-шарасын іске қосты. Оның мақсаты әзірше елімізде емделмейтін ауыр науқастарға шалдыққан балаларға денсаулығын шетелде барып түзетіп келуге жәрдемдесу болатын.

Жиналған қаражаттар түгелдей арнайы шотқа аударылып, сол арқылы қазақстандық балалар ең үздік шетел клиникаларында жоғары сапалы қымбат ем алу мүмкіндігіне ие болды.

Шараның іске қосылған сәтінен бастап осы уақытқа дейін аударылған қаражаттар туралы есеп беру ұсынылған:

1. Завидова Настя 1999 ж/т. 5000 дол.5 сәуір 2007ж. (Апластикалық қаназдық). ?ммуносупрессия операциясы.
2. Карнаухов Роман 1999 ж/т. 5000 дол. 5 сәуір 2007г. (Апластикалық қаназдық). ?ммуносупрессия операциясы.
3. Федяев Даниель 1999 ж/т. 73100 рес. руб.(3050 дол.) 5 сәуір 2007ж . (Келлоидтық тыртық). Тыртықты кесіп алу операциясы. Дерматопластика.
4. Байдәулетов Мұрат 1990 ж/т. 48000 рес. руб.(2000 дол. ) 6 сәуір 2007ж. (Тамақ-көмей стенозы).
5. Шәріпжан Дана 2006 ж/т. 24900 дол. 28 наурыз 2007ж. (Кереңдік). Кохлеарлы имплантты ендіру операциясы.
6. Бейсенғайзина Алуа 2005 ж/т. 24900 дол.18 маусым 2007ж. (Кереңдік). Кохлеарлы имплантты ендіру операциясы.
7. Вахтомина Василиса 1996 ж/т. 17520 дол.15 мамыр 2007ж. (Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі). Бүйректі айырбастап салу операциясы.
8. Ващеникин Артем 2005 ж/т. 126286 рес руб.(5300 дол.) 3 шілде 2007ж. (Жүрек кемістігі). Фалло тетрадасын түзетпелеу операциясы.
9. Омельченко Юлиана 2004 ж/т.146600 рес. руб.(6110 дол.)11 шілде 2007ж.(Жүрек кемістігі). Қарынша аралық қабырғаның ақауын түзетпелеу операциясы.
10. Омельченко Юлиана 2004 ж/т. 269900 рес. руб (11250 дол.).13 қыркүйек 2007ж. (Жүрек кемістігі).
11. Завидова Настя 10000 дол. 10 қазан 2007ж. (Апластикалық қаназдық).
12. Байдәулетов Мұрат 1990 ж/т. 32000 рес. руб (1340 дол.) 31 қазан 2007ж. (Тамақ-көмей стенозы). Ларингопластика жөніндегі операция.
13. Карнаухов Роман 1999 ж/т.45 000 дол. 28 желтоқсан 2007ж. (Апластикалық қаназдық). Емін жалғастыру–иммуносупрессияның екінші операциясы.

Жиыны: 161 370 USD аударылған. Шоттың 01.01.08ж. қатысты жағдайы - 40.000 ш.б. Жаңа жылда шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылар оны жалғастыруды жоспарлап отыр.

"Балдырғандар" қайырымдылық жобасы

2007 жылы "Сәби" қайырымдылық қоры "Балдырғандар" жобасының шеңберінде қаламыздың ең жас тұрғындарын - №3 Балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз қамқорлығына алды. Бұл мекеме 120 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға арнап есептелген. Кейбіреуі ауыр даму кемістіктеріне шалдыққан, ата-анасының мейірімін көрмеген жасы 10 күннен бастап 4-5 жасқа дейінгі аралықты құрайтын сүйкімді, қорғаусыз балдырғандар бізге жәрдемге аса мұқтаж пенделер болып көрінді.

Оларға арнап:
- үстелдер мен орындықтар, балаларға арналған дивандар;
- 30 жаңа манеж және соларға арналған матрацтар;
- әдемі жайылма-кітаптар, моториканы дамытатын сан алуан түрлі ойындар мен ойыншықтар;
- жөргектер мен киім-кешектер және өзге де көптеген заттар.
Бұл жобаны жүзеге асыру – біздің еліміздің кішкентай азаматтарының материалдық өмірінің деңгейін көтеруге қосқан үлесіміз.

Республикалық педиатрия мен балалар хирургиясының ғылыми орталығы

Есептік жылы ҚР педиатрия мен балалар хирургиясының ғылыми орталығының жоспарлы балалар және нәрестелік хирургия бөлімшелерінде емделіп жатқан балаларға көмектесуді одан әрі жалғастырдық.

Операциялық блок пен бөлімшелерді жарақтандыру үшін мыналар сатып алынды:
- 2 жоғары жиілікті электроскальпель-коагулятор (Германия);
- науқастарды қарауға арналған кушеткалар, матрацтар және азық-түлікті сақтайтын тоңазытқыш.

Біз емдеу процесінде жаңа жабдықты қолдану балаларға мамандандырылған көмек көрсетудің сапасын арттырып, мұнысы өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы балалар арасындағы өлім-жітімді азайтуға елеулі дәрежеде әсерін тигізеді деген үміттеміз.

№2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы

365 төсек-орынға арнап есептелген бұл емдеу мекемесі бүгінде Алматы қаласындағы балаларға қызмет көрсетіп отырған жалғыз ғана көп салалы соматикалық аурухана болып табылады.

Ауруханаға арнап сатып алынған және жасалған заттар:

- плазмофарезді жүргізуге арналған неміс аппараты;
- панажайларға - эндокринология және гематология бөлімшелеріне арналған екі ойын бөлмесі мен диабетке шалдыққан балаларды бейімдеуге арналған бір оқу-ақпараттық бөлмесіне күрделі жөндеу жүргізілген;
- ескі терезелерді пластик терезелерге айырбастау;
- эндокринология мен гематология бөлімшелерінде 40 терезеге жаңа карниздер мен жалюзилер орнатылды;
- ойын бөлмелеріне арнап қабырғалық шкафтар, жұмсақ жиһаз, үстелдер, орындықтар, теледидарлар, кілемдер сатып алынды;
- оқу бөлмесі жаңа парталар мен корпустық жиһазбен жабдықталған;
- емделіп жатқан балаларға әдемі картиналар, күнтізбелер, түрлі ойыншықтар мен үстелүсті ойындары сыйға берілді.

"Кәсібилерге сенім" жобасы

Аталмыш жоба шеңберінде Қорымыз алматылық неонатологтар тобының – Алматы қ. түрлі балалар клиникалары мен перзентханаларының 11 қызметкерінің Екатеринбург қаласында (Ресей) өткен неонатология мен жаңа технологиялар, неонатальді кезеңнің ауруларын алдын-алу мен емдеудің өзекті мәселелері жөніндегі "Остров сокровищ -2007" семинарына қатысуын ұйымдастырып және шығынын толығымен төлеп берді. Ұйымдастырушылар – IPOKRaTES медициналық білім беру бағдарламасының қатысуымен Ресей Денсаулық сақтау министрлігі және Санкт-Петербургтегі Медициналық Академия.

Қор неонатолог-мамандардың мына шығындарын төлеп берді: жүріп-тұру, оқу (нәтижесінде медиктерімізге сертификаттар берілді), 11 күннің тамағымен бірге тұру шығыны мен қатысушылардың жеке басының шығындары.

?лемнің жетекші ғалымдарының қатысуымен жүргізілетін мұндай тренингілер мамандарымыздың кәсіби деңгейін көтеріп, босану мекемелерінде жаңа технологияларды енгізіп, науқас нәрестелерді емдеу сапасын және тұтастай қазақстандық балалардың бұдан арғы өмірінің болжамын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қор сонымен қатар балалар хирургтарының жол ақысын төлеумен солардың ғылыми-практикалық конференцияларға (АҚШ, Словакия және Чехия) қатысуының демеушісі болды.

"Дені сау балалар – Қазақстанның болашағы" жобасы

Қорымыздың қызметінің басты бағыттарының біріне өскелең ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесі жатады. Осының белгісіне "Дені сау балалар – Қазақстанның келешегі" атты жаңа жоба айналды, соның шеңберінде Халықаралық балалардың қорғау күніне қарсы "Жанұя" мамандандырылған кешенінде барлық замануи талаптарға сай келетін керемет спорт кешені салынып пайдалануға берілген болатын, оның құрамында:

- мини-футболға арналған алаңша;
- баскетбол алаңшасы;
- волейбол алаңшасы;
- үстелүсті теннис алаңшасы бар;

Сондай-ақ қажетті жабдықтар мен керек-жарақ:

- футболдық, баскетболдық және волейболдық торлар;
- доптар және соларға арналған сорғыштар, бадминтон;
- жүлделік кубок және жүлделік медальдар;
- жанкүйерлерге арналған күркелер мен орындықтар;
- малышам, воспитанникам детского сада "Жанұя" бала-бақшасының тәрбиеленушілері – балдырғандарға арнап шомылуға және шынығуға арналған бассейндер сыйға берілді.

Тұсаукесер күні "Жанұяның" жасөспірімдер құрамасы мен балалар командасының арасында жолдастық матч өткізілді. ?рине, достық жеңді. Балалар қонақтар мен демеушілерге өзінің спорттық шеберлігін, жарыстарда жүлделі орындарға ие болғаны үшін алған түрлі наградалары, кубоктары мен димпломдарын көрсетті. Жас спортшыларға сонымен қатар сыйға теледидар, көркемдік әдебиет жиынтықтары ұсынылды. Балалар балмұздаққа тойды, ал кешкісін естен кетпес үлкен салют болды. Бұл қуанышты күн барлық қатысушылардың есінде қалады.

Демеушілер балалармен қатынастарын жалғастыруда, оларды спорттық шараларға шақырып отырады, сөйтіп "Жанұяның" жас спортшылары қыркүйек айында Алматыдағы орталық стадионда болып қайтты, мұнда "Мегаспорт" және "Экибастузец" командаларының арасында кубоктық ойын болып өтті. Матч аяқталғаннан кейін балаларға сыйлыққа спорттық атрибутика мен журналдар берілді.

Жетім балалардың бос уақытын лайықты түрде ұйымдастыру – бұл салауатты өмір салтын насихаттау, оларға өз-өзінің қабілеттерін анықтап және өмірде таңдау жасауға қосымша мүмкіндік беру.

Балалар үйлерінің түлектеріне арналған білім беру жобасы

Бүгінде қоғамымыз үшін аса қиын мәселелердің біріне балалар үйлері мен өзге мамандандырылған мекемелердің қабырғасынан шыққан бозбалалар мен бойжеткендерді әлеуметтік өмірге бейімдеу мәселесі болып отыр. Біздің Қорымыз әрдайым, мүмкіндігіне қарай түлектерге жәрдемдесіп отырады. 2007 жыл да сондай жылдардың біріне айналды.
Қайырымыдылық қоры қаламыздағы Колледждер мен КТУ-ларда оқудың ақысын төледі:

- "Кулинар" мамандығы бойынша 4 баланың оқуын;
- "Бағбан" және "Аяқ-киім жөндеуші" мамандығы бойынша 4 баланың оқуын;

Балалардың барлығы – жетім балалар, "Жанұя" мамандандырылған кешенінің түлектері.

Біз кәсіби оқумен шектеліп қана қоймаймыз. Балалармен мәдени шаралар, пікірталастар мен сұхбаттар, тақырыптық кештер, мамандармен – медиктермен, психологтармен, волонтер-студенттермен кездесулер өткізіп отыру дәстүрге айналған. Биылғы жылы жоғары сынып оқушылары үшін тәжірибелі психологпен кездесу ұйымдастырылып және өмір туралы, жастардың өзекті проблемалары туралы еркін түрде әңгіме жүргізілді.

Жоғары сынып оқушыларының білім алу мақсатына арнап пайдалануы үшін сонымен қатар мультимедиялық проектор сыйға ұсынылған болатын.
Ал асханада ағымдағы жөндеу (ақтау) жүргізілді.

"Шымбұлақ" балаларға арналған құрт ауруына қарсы шипажай

Есептік жылы «Сәби» қорының қызметкерлері бүгінгі күннің өзекті әлеуметтік мәселесі – құрт ауруының мәселесін шешу бағытындағы қызметін одан әрі дамытып отыруға шешім қабылдаған. Бұл жобаның көздеген мақсаттарының бірі – облыстық балалар туберкулезге қарсы күрес санаторийдағы балалардың емделу жағдайларын жақсарту, олардың бос уақытын қызықты етіп ұйымдастыру болатын.

Осы бағытта үлкен жұмыс атқарылды:

- ЛФК кабинеті, стоматологиялық кабинет, физиотерапевтикалық емдеу кабинеті мен ем жасау бөлмесі күрделі жөндеуден өтті, олардың жалпы ауданы 84 кв.м құрады, ескі терезелер жаңа пластик терезелерге айырбасталып және әдемі жалюзилер орнатылды.

Кабинеттер толықтай жабдықталды:

- стоматологиялық кресло, кушеткалар, денені сылау кезінде жататын үстел, орындықтар;
- электромассажер, УВЧ аппараты, "Вулкан" ингаляторы, "Биаптрон" аппараты, "Поток" аппараты;
- жүгіру жолағы, швед қабырғасы, гимнастикалық төсеніштер мен таяқтар, гантельдердің жиынтығы, металды шеңберлер, "Джимфлексторлар", аяққа арналған тақтайлар, балаларға арналған арқандар, доптар, секіруге арналған жіптер, велотренажер, баскетболдық сақина, бадминтонның бірнеше жиынтығы, шарлар, бірнеше "Дартс" ойындары.

Оқу бөлмелері де назардан тыс қалған жоқ. Жаңадан жиһаз және өзге де көптеген заттар сатылып алында, атап айтқанда:

- балалар ойнайтын бөлмеге арнап корпустық жиһаздың 2 жиынтығы;
- үстелдер, орындықтар, мектеп парталары, шкафтар;
- теледидарлар және соларды қоюға арналған тумбалар, бейне- және DVD-плеер;
- жұмсақ жиһаздың 2 жиынтығы және кілемдер.

Балаларға майкалар, бейсболкалар және көптеген ойыншықтар сыйға тартылды. Және, әрине, ашылу салтанаты болып өтті. Қор мен демеушілерге балалар мен шипажайдың ұжымы жылы лебіздерін білдірді.

№1 қалалық балалар клиникалық ауруханасы

№1 қалалық балалар ауруханасы осымен бірнеше жылдан бері біздің қамқорлығымызға алынған. Бұл – қаламыздағы ең ірі балалар клиникасы, мұнда жыл сайын 60.000 астам бала емделеді. Биылғы жылы біз осы мекемеге арнап 2 ойын бөлмесін жабдықтап сыйға тарттық:

- корпустық жиһаз: қабырғалық шкафтар, үстелдер, тумбалар;
- жұмсақ жиһаз: орындықтар, тахталар;
- теледидарлар мен кілемдер;
- 4 терезеге жалюзи;
- үстелүсті ойындары, ойыншықтар.

Аурухананың кіреберістері мен фойелерін ересек суретшілер, сондай-ақ Республикалық балалар кітапханасының Көркемдік студиясының балалары сыйлаған картиналар мен біздің әдемі күнтізбелерімізбен безендірілді. Жаңа ойын бөлмелерінің тұсаукесер рәсімі Халықаралық медбикелер күніне сәйкес келді. Қор медицина қызметкерлерінің балаларына арнап сыйлық ұсынды, аурухананың үздік медбикелеріне солардың балаларына арнап "Горное солнце" лагеріне жолдамалар сыйлады.

Тараз қ. кардиохирургиялық орталығына жасалған сыйлық

Біздің балаларымыздың денсаулығы – қазіргі замандағы Қазақстан қоғамының ең өзекті мәселелерінің бірі болуда. Қызметінің көптеген бағыттарының біріне өскелең ұрпақтың денсаулығын қамқорлыққа алу жататын "Сәби" қоры педиатрлық қызметті жақсартуға ықпал ететін барлық ілгері басқан бастамаларды әрдайым қолдап отырады. Биылғы жылы қор Тараз қ. жаңадан ашылған кардиохирургия орталығына арнайы балалар датчигі бар Esaote (?талия) шығарған MyLab 50 көп салалы ультрадыбыстық сканерді сыйға тарту туралы шешім қабылдады. Оған ендірілген көп салалы бағдарламалар бұл аппаратты ультрадыбыстық диагностиканың барлық салаларында баға жетпес аспапқа айналдырады, мұнысы диагностикалаудың өзінің сапасын едәуір арттырып және жүрек ауруларын ең бастапқы кезеңінде анықтап және емдеп отыруға мүмкіндік береді.

Стомацияланған науқастарды қабылдау кабинеті

Хирургтармен бірлескен түрде біз осымен екінші жыл бойы қаламызда стомацияланған науқастарға, ересектер мен балаларға жәрдем көрсету қызметін құру идеясын жүзеге асыру жолын қарастырудамыз.

2007 жылы Қалалық денсаулық сақтау бөлімі осы мақсатқа арнап №3 емхананың негізінде бөлме бөліп берген болатын, оны біз жөндеуден өткізіп және толығымен жабдықтадық. Сөйтіп өзінде Қазақстанда, тіпті Орта Азияның барлық аймағы бойынша әлемнің көптеген елдеріндегідей стомасы бар науқастарға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп отыратын арнайы кабинет пайда болды.

Жөндеумен қатар, кабинетте:

- ескі сантехника жаңасымен, ескі терезелер пластик терезелерге айырбасталып, оларға жалюзилер ілінді;

Стомацияланған науқастардың статистикалық есебін жүргізуді ыңғайлы ету үшін Қор қажетті кеңселік техниканы ұсынды: мониторымен компьютер және принтер мен ноутбук.
Пациенттерді қабылдау үшін кабинет жаңа корпустық жиһазбен және медициналық жиһазбен жабдықталған:

- дәрігерге арналған үстел мен кресло, медициналық құжаттарды сақтайтын шкаф, медбике мен пациент отыратын орындықтар, айна, сырт киімге арналған киім ілгіш;
- медициналық кушетка, ем жасау үстелі;

Мамандармен мыналар әзірленді:

- ақпараттық әдебиеттер, кітапшалар, нәжіс қабылдағыштар және өзге де санитарлық-гигиеналық материал.
Кеңселік тауарлар және панажайды тазалауға арналған керек-жарақ сатылып алынды.

Жақын арада стомацияланған науқастарға жәрдем жасауға арналған тұңғыш кабинеттің ашылуы болады; жұртшылық пен науқастар оның қызмет ете бастағаны туралы хабардар етіледі. Біз медициналық жабдықтың осы жаңа түрі стомацияланған науқастардың өмірінің психологиялық және әлеуметтік жақтарын едәуір жеңілдетеді деп үміттенеміз.

Бегалин ат. республикалық балалар кітапханасы

Біздің кішкентай азаматтарымыздың рухани деңгейін арттыру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру шеңберінде 2007 жылы Қор өзінің Республикалық балалар кітапханасымен әріптестігін одан әрі жалғастыра түсті.

Кітапхана қабырғасында қызмет ететін Балалар көркем студиясында айналасатын дарынды балалармен бірге Қор 2007 жылға арналған әдемі аудармалы күнтізбенің 2 түрін шығарған болатын, олардың тақырыбы – "Алматы – біздің сүйікті қаламыз балалардың көзімен қарағанда". Осы күнтізбелер және жас суретшілер салған картиналар біздің қамқорлығымызға алынған балалар мекемелерінің қабырғаларын безендірді, бұл соларда қолайлы психологиялық жағдайды қалыптастырды.

Дәл осы жылы "?жемнің ертегілері" атты бірегей жоба іске қосылды, оның негізгі міндеті – балаларға ана тіліне, соның тарихы мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік сезімін ұялату.

Кітапханашылардың материалдық жағдайының қиын екендігін түсінумен Қор ең үздік қызметкерлердің балаларына арнап "Горное солнце" балалар лагеріне жолдамаларды сыйға ұсынды.

Біздің Қор кітапхана директоры Раева Софья Кумаровнаны, өзінің сүйікті ісіне, кітаптар мен балаларға толықтай берілген адамды "Халық Қаһарманы" қоғамдық сыйлығына ұсынудың бастамашыларының бірі болды.

Кітапханамен бірлескен түрде 2008 жылы біз "Уақыттың байланыстырушы жібі" жыл сайынғы балалар альманахын шығару ісін одан әрі жалғастыратын боламыз, онымен біз есептік жылы жұмыс істей бастаған болатынбыз. Осы басылымды қаржыландыру ісін өз мойнымызға алумен біз мұндай жинақтар балалар шығармашылығының бұдан арғы уақытта дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз.

Қор өз бағдарламалары мен жобаларын жетілдіру бойынша көп жұмыс істейді.

Жыл бойы біз демеушілер мен әріптестерімізбен, қаламыздағы, сондай-ақ облыстағы өз қамқорлығымызға алған және жаңадан құрылған балалар мекемелерінің басшылары мен ұжымдарымен тұрақты түрде кездесіп отырамыз. Өз қызметін жетілдіру үшін «Сәби» қорының қызметкерлері потенциалды қайырымдылық жасаушылармен байланыстарын дамытып отырады, дәрігерлермен, ұстаздармен, ғалымдармен тығыз қатынаста болып отырады. Біз үнемі үйреніп, түрлі елдердің қайырымыдылық ұйымдарының жұмыс тәжірибесін зерттеп отырамыз, кез келген мейірімді бастамаларға құрметпен қараймыз. Біз прогрессивті жұртшылық пен волонтерлер үшін әрдайым ашықпыз. Осының барлығы белгілі дәрежеде жұмысымыздың сапасының жақсаруына ықпал етіп, қызметімізге жаңа үрдістер енгізеді.

18.01.2008
28.12.2017
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

2017 жылы "Сәби" Қоры өзінің 15-жылдық мерейтойын өте ауқымды жобалармен атап өтті – Алматы қаласында жалпы білім беретін 1200…

Жалпы ақпарат
26.12.2016
«Сәби» Қайырымдылық Қоры,…

Жылдың соңы – қорытынды жасаудың дәстүрлі кезеңі, Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында сіздердің назарларыңызға инфографика…

Жалпы ақпарат
26.12.2014
«Сәби» Қайырымдылық қоры,…

2014 жыл «Сәби» қайырымдылық қоры үшін аралық қорытынды жасау, бұрынғы жобаларды қайта құру және жаңа межелерді анықтау жылы…

Жалпы ақпарат