Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…
Теориялық білімін практика жүзінде бекіту – кез келген істе табысқа жетудің қажетті шарты. Жұмысқа тұру бойынша практикалық дағдыларды игеру мақсатында біздің психологиялық түзету мен әлеуметтік бейімдеу жөніндегі тренингілерімізге қатысатын балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілерге арнап Алматыдағы тұрмыстық техника мен электроника бұйымдарын сатуға бағытталған желілік гипермаркеттердің біріне «экскурсия» ұйымдастырылған болатын.
Нысанда жасөспірімдер дүкеннің директоры мен соның қызметкерлерімен танысты. Басшыдан олар сауда кәсіпорындарының жұмыс істеу принциптері туралы, тауарлардың ассортименті туралы, кеңес беруші-сатушылардың өз-өзін ұстау ережелері, сатып алушылармен сөйлесу тактикасы мен сату саласының өзге бүге-шігесі жайлы білді. Директор балалар өздерін сатушы ретінде байқап көргісі келетін болса, оларды міндетті түрде машықтануға аламын деп уәде берді, және тіпті өзі жайлы түйінді қалай әзірлеу керектігін және сұхбаттасу кезінде өзін-өзі қалай ұстау керектігі жайлы нұсқаулама жүргізді. Олар үшін жұмысын оқумен үйлестіріп отыру мүмкіндігі үлкен жаңалық болды – дүкеннің басшылығы білім алғысы келетіндер үшін жағдай жасауда.
Гипермаркет қызметкерлерінің бірі балалар үйлерінің бұрынғы түлегі болып шықты. Ол өзі жайлы, өзі бұрыннан бері және жақсы еңбек етіп келе жатқан осы кәсіпорындағы өзінің жұмысы жайлы әңгімелеп берді, өзінің әсері мен алған тәжірибесімен бөлісті.
Жаңа білімін бозбалалар мен бойжеткендер тура сол жерде жаттықтырушы-психолог ұйымдастырған рөлдік ойында қолданды, мұнда тәрбиеленушілер сатушының рөлін атқарды. Сабақтар аяқталғаннан кейін олар дүкеннен шағын сыйлықтар – фирмалық қойын дәптерлер, қаламсаптар мен визиткалар алды.
Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…
Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай…
Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде…