Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…
Біріңғай ұлттық тестілеу. Бұл сөздермен оқушылардың өмірлерінде болатын ең бірінші, сонымен қатар ең маңызды емтиханды тапсыру бойынша бастауыш сыныптан бастап үрей қондырып дайындалуға жар салады. Өз балаларының әр-түрлі курстарда және ұстаздармен қосымша жан-жақты дәріс алуына ата-аналар алдына жан салмайды. Ондай мейірімді ата-анасы жоқ балалар ше? Олардың қамын кім ойлайды? ?леуметтік мекемеде жүрген тәрбиеленушіге тестілердің қыр-сырын түсіндіріп оны қалай өту керек екенін кім үйретеді?
«Сәби» Қайырымдылық Қоры өзінің Оқу жобасы бойынша Алматы қаласының БҰТ-ге мектеп бітірушілерін дайындайтын жетекші орталығымен міне қатарынан үшінші жыл бірге ынтымақтасып келе жатыр. Біздің қамқорымыздағы балалар үйлерінің түлектері Қордың есебінен қазан айынан бастап келесі жылдың мамырына дейін аптасына үш рет арнайы дайындық курстарын өтетін болады.
Өткен кезеңдердің нәтижелері бізді қанағаттандырған болатын: бағдарламаны меңгерген оқушылар тестілеу кезінде жоғары баллдар алып, көбісі мемлекеттік грант бойынша ЖОО-на түсіп кетті. Осы жылы қосымша сабақтарға қатысушылардың саны ұлғайғаны бізді таңғалдырмады, тіптен үлкен қуанышқа бөледі.
БҰТ – әрине, емтихан тапсырушыларға үлкен эмоциялық күйзеліске кенелтеніні анық, бірақ жайымен жоспарлы дайындықты өткізгеннен кейін жауапты мезетте өзіне деген сенімділік күшейіп, келесі жылдары жақсы оқуға кепіл береді.
Біздің бұл ауқымды және ұзақ мерзімді жұмысымыздың көрсеткішін келесі жылдың тек маусым айында білетін боламыз, сол кезде сегіз ай бойы енбектің шынайы бағасы балалардың алған баллдарымен сәйкестікке тіреледі.
Көктемгі оқу демалысы аяқталып, оқушылар үшін соңғы оқу тоқсаны басталуда. ?лі өзінің болашақ мамандығы туралы шешім…
Оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін кәсіби бағытта тестілеу әлемде кең қолданылады. Сондай-ақ бұндай…
Қазақстанда 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің өту үлгісі өзгереді. Енді ҰБТ екі кезеңде өткізіледі. Мектептерде…