2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
Бүгін «Сәби» қоры Петропавл қаласында жаңадан Шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесін ашты. Бұл қордың есебінен салған және толық жабдықталған төртінші хирургия болып табылады. Мұнда ең күрделі хирургиялық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін ең озық медициналық құрал-жабдықтар орнатылған үш операциялық блок іске қосылды. Жөндеу алаңы – 620 ш.м. құрады. Нысанның құны 335 млн теңгені құрады.
«Медициналық бағдарламаны әзірлеу кезінде Қор жүйелі тәсілді ұстанады: біз жоғары технологиялық хирургиялық бөлімшелердің құрылысына демеу беріп қана қоймай, осы ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін жетекші халықаралық хирургтермен біліктілікті арттыру курстары мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырамыз. Заманауи хирургиялық кешендер салынған қалалар кездейсоқ таңдалған жоқ: бұл ұйымдар он мыңдаған кішкентай пациенттерге қызмет көрсететін жалғыз мамандандырылған медициналық мекемелер», - деді ашылу салтанатында «Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова өз ойымен бөлісті.
Бұған дейін қор «Шұғыл балалар хирургиясы» жобасы аясында Алматы, Семей және Ақтау қалаларында қалалық ауруханалар негізінде бөлімшелер салған болатын. Осылайша жобаның жалпы бюджеті 1 миллиард 73 миллион теңгені құрады.
- Алматы қаласындағы бөлімше 2019 жылдың сәуір айында №2 қалалық балалар ауруханасы негізінде ашылды. Нысанның құны 173,2 млн.теңге.
- Семей қаласындағы филиалы 2020 жылдың қаңтарында «Семей медицина университеті» КЕАҚ университеттік ауруханасында ашылды. Нысанның құны 247,5 млн теңгеден астам болды.
- Ақтау қаласындағы бөлімше 2021 жылдың маусым айында Маңғыстау көпсалалы балалар ауруханасы негізінде ашылды. Нысанның құны 307 млн. теңгені құрайды.
Барлық ауруханаларда балаларды емдеу тегін жүргізіледі.
«Сәби» қайырымдылық қоры Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 20 жыл ішінде жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге қолдау көрсетті.
2018 жылы «Сәби» қоры Қазақстан өңірлерінде балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында «Шұғыл…
Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры фибробронхоскопы бар балалар бронхоскопиясына…
Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласында «Сәби» Қоры үшін Bvlgari зергерлік бұйымдары мен сағаттар үйі қайырымдылық…