2012 жылы «Сәби» қоры Қызылорда қаласында туылғанынан 4 жасқа дейінгі ата-аналарынан айырылған жетімдер мен…
Алматыда қазанның 4 – 6 күндерінің аралығында ҚР Сәулетшілер одағымен ұйымдастырылған 2010-2013 жылдардағы таңдаулы сәулет туындаларының Республикалық сынақ байқауы өтті.
Қатаң іріктеудің нәтижесінде 2012 жылы Сәби Қорының күшімен тұрғызылған Қызылорда қаласындағы Сәби үйінің жобасы «құрылыс» номинациясында І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жобаның авторлары, сәулетшілер мен конструкторлар тобы Лауреат атақтарына ие болды.
Қазақстанның сәулет өнері мен қала құрылысы саласындағы беделді сарапшылар, сонымен қатар Ресейден арнайы шақырылған кәсіпқойлардың пікірі бойынша әлеуметтік нысан ең жоғарғы сапа стандарттарына сай орындалса, азаматтық құрылыс нысандарымен бірге бағаланып қана қоймай, жеке алынған қаланың ғана емес бүкіл мемлекеттің нағыз әшекейі болып саналады.
Біз салған Сәби үйді мақтан тұтамыз!
2012 жылы «Сәби» қоры Қызылорда қаласында туылғанынан 4 жасқа дейінгі ата-аналарынан айырылған жетімдер мен…
«Сәби» Қорының арқасында Қызылорда қаласындағы жаңадан Сәби үйі салынып толықтай жабдықтандырылды. Бұл жоба қолданысқа…
Уақыт зымырап өтіп барады. Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйінің тәрбиеленушілеріне арнап "Сәби" Қорының көмегімен…