Жақсы жаңалықты бөлісуге асықпыз!Ақмола облыстық №2 ауруханасында жаңа акушерлік операциялық үстел орнатылды. Ал мамыр…
Жаздың ыстық күндерінде істен шыққан мұздатқыштың ішінде алдын ала молымен алынған азық-түліктің бүлініп кеткен жағдайлары басыңыздан өтті ма?
Сірә болған шығар, ересектер мен балаларға жәрдем көрсететін емхана - Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бүгінгі күнде жоғарыда айтылған мәселеге тап болып отыр. Істен шыққан және ешқандай жөндеуге келмейтін мұздатқыш қондырмалар әбден ескіріп бұл медициналық орталықтың қалпынды жұмыс істеуіне қауіп төндірді. ?р түрлі ауруға шалдыққан адамдардың, әсіресе балалардың бұзылған азық-түлікпен тамақтануы денсаулықтарына кері әсерін туғызып, жан ушығар жағдайларға да әкеліп оқтыруы мүмкін.
Мемлекеттік бюджет тарапынан жаңа мұздатқыш алуға мүмкіндігі болмаған кәсіпорынның басшылығы көптеген демеушілерден сәтсіз қолдау іздеп, «Сәби» Қорынан көп үміт күткен болған.
Қандай да жұмыс болмасын, біз өз тарапымыздан тез орындауға тырысатын команда болғандықтан, барлық жайттарды уақытылы реттеп қойдық: яғни тиесілі техника тауып, жабдықтаушы фирмаға ақысы төлеп қажетті құжаттарды ресімдеп қойдық. Бүгінгі күнде жаңа агрегат толығымен жиналып және оның іске қосылу жұмыстары аяқталып, қолдануға тапсырылды.
Шығыс-Қазақстан облысындағы ең ірі көп профильді ересектер мен балаларға жәрдем көрсететін медициналық орталықтың бір мәселесі осылай тез шешілді.
Жақсы жаңалықты бөлісуге асықпыз!Ақмола облыстық №2 ауруханасында жаңа акушерлік операциялық үстел орнатылды. Ал мамыр…
Бір жыл бұрын №02 Ақмола облыстық ауруханасы керекті медициналық жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап «Сәби» Қорына хат…
«Сәби» Қорымен № 2 Ақмола облыстық ауруханасына алдында тапсырыс берген медициналық жабдықтар келіп түсті. Аталған…