Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Кеше Алматыда Damiani зергерлік үйі ұйымдастырған қайырымдылық кеші өтті. Компания "Сәби" қорына іс-шараны ұйымдастырушы мен бенефициар болуға және ҚР өңірлерінде шұғыл балалар хирургиясы бөлімшелерін ұйымдастыру жөніндегі жобаны одан әрі іске асыру мақсатында барлық түскен қаражатты қабылдауды қуана ұсынды.
Кеш барысында қонақтар тақырыпқа терең еніп, белсенді қатысып, жалпы сомада 40 000 000 теңге қайырымдылық жасады.
Барлық сома Қазақстан қалаларының бірінде жоғарыда көрсетілген хирургия бөлімшесін салуға және жарақтандыруға бағытталатын болады (қазіргі уақытта Қарағанды, Семей, Петропавл және Талдықорған қалалары қарастырылып жатыр). Бұл "Сәби" қорының екінші нысаны болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматы қаласының №2 қалалық балалар ауруханасы базасында жедел балалар хирургиясының ашық бөлімшесі біріншісі болып отыр, оны қаржыландыру қазақстандық өкілдік Кристиан Диор Кутюр ұйымдастырған қайырымдылық аукционның нәтижесінде жиналған демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды.
Іс-шараның барлық қатысушыларына балаларға медициналық көмек көрсету мәселелерін түсінгені, белсенді азаматтық ұстанымдары мен жан-жақты сезімталдығы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Ұйымдастырушы және идеялық шабыттандырушы Жанна Кан, жетекші Роман Александровқа және Damiani компаниясының барлық ұжымына ерекше алғыс!
Атырау облысының балаларына интерактивті панельдер сыйға берілді Биылғы су тасқыны Қазақстан тарихындағы ең жойқын…
Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышевтің "Сәби" қайырымдылық қоры Астана қаласына дарынды балаларға арналған мектеп…
Бүгін біз сіздермен Семей қаласының шұғыл балалар хирургиясы бөлімшесіне арнап "Сәби" қоры сатып алған жаңа…