Науқасты ойнап жеңу

Науқасты ойнап жеңу «Сәби» Қайырымдылық Қоры 10 жылдан бері жұмысын атқара келе, ең басты және ең мерзімі ұзақ жобалардың бірі ретінде Медициналық бағытты негіздеп келген. 2002 жылдан бастауын алғаннан бері біздің елімізде көп өзгерістер болды. Медицина саласына бюджеттен бөлінетін қаржы өсті, денсаулық сақтау сферасының барлық тараптарын қамтитын мемлекеттік арнайы бағдарламалар іске асырылды. Бірақ та жеке капиталдың болу керектігін, соның ішінде қайырымдық шаралардан түскен қаржыны, ескермеу қателік. Кейбір шұғыл жағдайларда мемлекеттік тапсырыспен қажетті нәрселерге қол жету мүмкін болмай қалады, сондай кездерде қорлар тарапынан үлкен көмек болуы мүмкін, өйткені олардың жәрдемі арқылы мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді.

Медициналық жобаның аясында «Сәби» өзге де мақсаттарды көздей тұра, емдеу-профилактикалық мекемелерде станционарлы түрде өткізген уақытта науқастардың, әсіресе кішкентай балалардың жағдайын көтеруге тырысады. Сәбилердің емханада ем алып немесе оңалту процедураларын алған кездерін жеңілдету үшін арнайы оларға ойын бөлмелерін жабдықтап жүр.

Астана қаласындағы Ұлттық медициналық холдингтің аясында құрылған «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ-ның кішкене пациенттері бірнеше күн бұрын Қордың атынан үй ішінде орналастыратын ойын алаңшасын сыйға алды, енді олар күніге бірнеше уақыт алтыбақанда тербеліп, сырғанақ теуіп, сурет салып, шоттарды санап, «құрғақ бассейнде» шомылып, пластмасс кірпіштерден кәдімгі ғимараттар тұрғызып, және шағын үйшік ойнауға мүмкіндікке ие болды.

Ойынмен өткізген уақыт, бүлдіршіндерді науқастан көңілін аударып, оны жеңуге жаңа күш беретініне нық сенеміз.

11.10.2012
05.07.2017
Үлкен істің аяқталуы

Жақсы жаңалықты бөлісуге асықпыз!Ақмола облыстық №2 ауруханасында жаңа акушерлік операциялық үстел орнатылды. Ал мамыр…

Медициналық жоба
17.05.2017
Үлкен жұмыс!

Бір жыл бұрын №02 Ақмола облыстық ауруханасы керекті медициналық жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап «Сәби» Қорына хат…

Медициналық жоба
02.09.2016
Балалардың амандығы үшін.…

«Сәби» Қорымен № 2 Ақмола облыстық ауруханасына алдында тапсырыс берген медициналық жабдықтар келіп түсті. Аталған…

Медициналық жоба