Алматы қалалық денсаулық сақтау Департаменті

Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 20А-үй
«Сәби» қайырыдылық қорының
Президенті ?.?. Тасмағамбетоваға



22.08.2007 ж. шығ.№16


Құрметті ?сел ?манғалиқызы!



Алматы қаласының Денсаулық сақтау департаменті мен педиатрлар жұртшылығы Сізге неонатолог-реаниматологтарға Екатеринбург қаласындағы мамандандырылған семинарда тегін оқу мүмкіндігін ұсынғаныңыз үшін шын жүрегінен алғысын білдіреді.

?лемнің жетекші ғалымдары қатысатын білім беру бағдарламасы бойынша оқу мамандарымыздың кәсіби деңгейін арттырып, Алматы қ. босану мекемелерінде жаңа технологияларды ендіріп, жаңа туылған науқас нәрестелерді күту сапасын жақсартып, яғни балаларымыздың бұдан арғы өмірінің болжамын жақсартуға мүмкіндік береді.

Семинарға қатысушылардың тізімін, төлқұжаттарының көшірмелері мен толтырылған сауалнамаларын ұсынамыз. Семинарға қатысушылардың тізіміне босану мекемелері мен жаңа туылған нәрестелерді стационарда күтудің екінші кезеңінің мамандары енгізілген.


Құрметпен, Алматы қ.
Денсаулық сақтау департаментінің
Директоры З. Аманжолова

19.09.2010